Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі бекітілсін.
2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф.Қуанғановқа жүктелсін.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
N 586 бұйрығымен бекітілген
Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдаудың үлгі ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
2. Білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтары: шетелдік азаматтар және Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар; жалпы орта білімі, техникалық және кәсіптік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар қабылданады.
Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар білім беру ұйымына Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады.
3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:
1) I, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтарды;
2) жеңілдектер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарды;
3) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарды;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды;
5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау үшін квота қарастырылады.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар мамандықтарына мәндес мамандықтар бойынша қысқартылған мерзіммен оқуға қабылданады.
Аталған санаттағы тұлғалар үшін түсу емтихандары пәндерінің тапсыру нысаны мен тізбесін оқу орындары белгілейді.
5. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік білімнің жекеленген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсат бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
2. Қабылдауды ұйымдастыру
6. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясы құрылады.
7. Білім беру ұйымдары қабылдау комиссияларының өңірлерге барып азаматтарды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыруы құрылтайшының келісімі бойынша шешіледі.
8. Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте туралы ақпарат, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына қабылдау комиссиясы жеткізеді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.12.28 N 602 бұйрығымен.
9. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
Оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыздан бастап 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыздан 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.
10. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішке қосымша оқуға түсушілер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, ағымдағы жылғы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері N 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін сараптама медициналық-әлеуметтік тұжырымды), 3x4 көлемдегі 4 суретті, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификатты (бұдан әрі - ҰБТ сертификаты) немесе кешенді тестілеудің сертификатын қоса береді. Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттары (төлқұжаты немесе тууы туралы куәлігі) жеке ұсынылады.
Оқытудың нысандары бойынша және шарттық негізде (ақылы) оқуға түсушілерден түскен өтініштер жеке тіркеледі және ескеріледі.
11. Түсу емтихандары:
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтар үшін (шетелде өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын халықаралық оқушыларды алмасу желісі бойынша оқыған жалпы орта білім беру ұйымдарына, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарына мәндес емес мамандықтар бойынша түскен техникалық және кәсіптік ұйымдарды) ағымдағы жылғы бітірушілер, сондай-ақ өткен жылдардағы бітірушілер) жалпы орта білім беру бағдарламаларының көлемінде үш пән бойынша (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) жүргізіледі.
Мамандық бейіні бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.
12. 11-тармақта көрсетілген жалпы орта білімі бар азаматтар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар үшін мәндес мамандықтар бойынша қысқартылған мерзіммен оқуға түсу кезінде: тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді. Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруын таңдауға құқылы.
13. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:
1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны 30; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады; үш пән бойынша тестілеуге 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқталғаннан кейін тез арада ілінеді; тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;
2) пәндер бойынша емтихандар нысанында түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 10 балл, "4" - 20 балл, "5" - 30 балдарға ауыстырады.
14. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға береді.
Апелляция түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде қабылдау комиссиясына беріледі және өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады.
Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.12.28 N 602 бұйрығымен.
15. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды.
3. Білім алушылар құрамына қабылдау
16. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруі және орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеруге неғұрлым қабілетті және даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс.
Білім беру ұйымдарына қабылдау оқытудың күндізгі нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқытудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында конкурстық негізде өткізіледі.
17. Конкурс:
ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) сертификаттарының балдары негізінде:
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде;
пәндер немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерінен алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ-да немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдар сомасы ескеріледі.
Білім алушылар құрамына қабылдану конкурсын қатысуға:
жалпы орта білімі барлар үшін үш пәннен 30 балдан кем, медицина мамандықтары бойынша 40 балдан кем, оның ішінде бейінді пән бойынша 20 балдан кем жинағандар жіберілмейді.
18. Орта білімнен кейінгі кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдануға конкурс өткізу кезінде:
1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтар олимпиадаларының, конкурсының немесе спорттық жарыстардың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, I және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілген тұлғалардың, медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындыларына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтардың (растайтын құжаттар болған жағдайда) айрықша құқығы бар.
19. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, оқыту тілдері бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.
20. Осы Ережемен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібі білім беру ұйымының құрылтайшысымен немесе құрылтайшыларымен (мемлекеттік басқару органымен) белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Орта
білімнен кейінгі білімнің
кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесіне 1-қосымша
Ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын
айқындайтын Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу
бағдарламалары бойынша мамандықтардың тізбесі
РК Кәсіптік білім беру мамандықтары- |
Білімнің бейіні Мамандықтар- |
Біліктілігі |
Орта білім- |
Жалпы орта |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
0200000 Құқық мамандықтары | |||
---|---|---|---|
0201002 |
Құқықтану |
||
0201012 |
Халықты әлеуметтік |
1 жыл 10 ай |
|
0201022 (0205012) |
Заңгер |
1 жыл 10 ай |
|
0202002 |
Құқық қорғау қызметі |
||
0202012 |
Заңгер |
1 жыл 10 ай |
|
0300000 Білім беру мамандықтары | |||
0315002 |
Бейнелеу өнері және |
||
0315012 |
Негізгі орта білім |
1 жыл 10 ай |
|
0318002 |
Технология |
||
0318012 |
Негізгі орта білім |
1 жыл 10 ай |
|
0322002 |
Саздық білім беру |
||
0322012 |
Негізгі орта білім |
1 жыл 10 ай |
|
0310002 |
Дене тәрбиесі |
||
0310012 |
Негізгі орта білім |
1 жыл 10 ай |
|
0310022 |
Спорт жөніндегі тренер-оқытушы |
1 жыл 10 ай |
|
0313002 |
Кәсіптік оқыту (сала |
||
0313022 |
Ауыл шаруашылығы |
1 жыл 10 ай |
|
0313032 |
Автомобиль көлік- |
1 жыл 10 ай |
|
0313052 |
Тігін өндірісінің өндіру өндірістік оқыту шебері |
1 жыл 10 ай |
|
0313062 |
Тамақ өнімдері жөніндегі өндіріс- |
1 жыл 10 ай |
|
0313072 |
Кең бейінді өндірістік оқыту шебері |
1 жыл 10 ай |
|
0313082 |
Ауыл шаруашылығы өндірісін механи- |
1 жыл 10 ай |
|
0313102 |
Есептеу техникала- |
1 жыл 10 ай |
|
0313112 |
Дәнекерлеу өндірі- |
1 жыл 10 ай |
|
0313122 |
Қайта өңдеуші зат- |
1 жыл 10 ай |
|
0314002 |
Бастауыш білім беру |
||
0314012 |
Бастауыш білім берудің мұғалімі |
1 жыл 10 ай |
|
0314022 |
Бастауыш білім берудің информати- |
1 жыл 10 ай |
|
0314032 |
Бастауыш білім берудің шетел тілінің мұғалімі |
1 жыл 10 ай |
|
0324002 |
Білім беру ұйымының лаборанты |
||
0324012 |
Лаборант (пәндер бойынша) |
1 жыл 10 ай |
|
3700000-Ақпараттық технологиялар | |||
3707002 |
Ақпараттық жүйелер |
||
3707012 |
Ақпараттық жүйелер |
1 жыл 10 ай |
|
0400000-Медициналық мамандар | |||
0401002 |
Емдеу ісі |
||
0401012 |
Фельдшер |
2 жыл 10 ай |
|
0401022 |
Акушер |
2 жыл 10 ай |
|
0402002 |
Медбике ісі |
||
0402012 |
Жалпы практиканың медбикесі |
2 жыл 10 ай |
|
0402022 |
Мамандандырылған медбике |
2 жыл 10 ай |
|
0403002 |
Гигиена және эпидемиология |
||
0403012 |
Гигиенашы-эпидеми- |
2 жыл 10 ай |
|
0404002 |
Стоматология |
||
0404012 |
Тіс дәрігерінің көмекшісі |
2 жыл 10 ай |
|
0405002 |
Лаборатория- |
||
0405012 |
Медициналық лаборант |
2 жыл 10 ай |
|
0406002 |
Фармация |
||
0406012 |
Фармацевт |
2 жыл 10 ай |
|
0500000-Мал дәрігері | |||
0501002 |
Мал дәрігері |
||
0501012 |
Фельдшер-мал дәрігері |
1 жыл 10 ай |
|
0501022 |
Малдәрігерлік санитар |
1 жыл 10 ай |
|
0502002 |
Лаборатория- |
||
0502012 |
Малдәрігерлік фельдшер-лаборант |
1 жыл 10 ай |
|
0503002 |
Мал дәрігер- |
||
0503012 |
Малдәрігерлік фельдшер-инспектор |
1 жыл 10 ай |
|
0700000-Экономикалық мамандықтар | |||
0701002 |
Статистика |
||
0701012 |
Статист |
1 жыл 10 ай |
|
0703002 |
Қаржылар (салалар бойынша) |
||
0703012 |
Қаржыгер |
1 жыл 10 ай |
|
0703022 |
Банк ісі маманы |
1 жыл 10 ай |
|
0703032 |
Қаржы құқығы маманы |
1 жыл 10 ай |
|
703042 |
Биржа ісі маманы |
1 жыл 10 ай |
|
0703052 |
Сақтандыру ісі маманы |
1 жыл 10 ай |
|
0705002 |
Есеп және аудит (салалар бойынша) |
||
0705012 |
Бухгалтер-аудитор |
1 жыл 10 ай |
|
0705022 |
Экономист-бухгал- |
1 жыл 10 ай |
|
0711002 |
Экономика |
||
0711012 |
Экономист |
1 жыл 10 ай |
|
0712002 |
Менеджмент |
||
0712012 |
Менеджер |
1 жыл 10 ай |
|
0800000-Қызмет көрсету мамандықтары | |||
830102 |
Қызмет көрсету ұйымы |
||
0830112 |
Қызмет көрсету саласының менеджері |
1 жыл 10 ай |
|
0830122 |
Қоғамдық тамақтан- |
1 жыл 10 ай |
|
0830132 |
Қонақ үй бизнесі- |
1 жыл 10 ай |
|
0830142 |
Туризм жөніндегі |
1 жыл 10 ай |
|
0831002 |
Маркетинг |
||
0831012 |
Маркетолог |
1 жыл 10 ай |
|
0831022 (0706012) |
Тауартанушы- |
1 жыл 10 ай |
|
0832002 |
Аударма ісі |
||
0832012 |
Референт |
1 жыл 10 ай |
|
0204002 |
Әлеуметтік |
||
0204012 |
Әлеуметтік |
1 жыл 10 ай |
|
0713002 |
Бағалау |
||
0713012 |
Бағалаушы- |
1 жыл 10 ай |
Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің Орта
білімнен кейінгі білімнің
кәсіптік оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдаудың
үлгі ережесіне 2-қосымша
Орта білімнен кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын жүзеге
асыратын, білім беру ұйымдарында білім алуға түсу
емтихандары үшін орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу
бағдарламалары бойынша мамандары даярлау жүзеге асырылатын
мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің
тізбесі.
Коды |
Мамандық- |
Біліктілігі |
Жалпы орта білім беру базасындағы бейін пәнінің атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
0200000 Құқық мамандықтары | |||
---|---|---|---|
0201002 |
Құқықтану |
Дүниежүзілік тарих |
|
0202002 |
Құқық қорғау |
Дүниежүзілік тарих |
|
0300000 Білім беру мамандықтары | |||
0315002 |
Бейнелеу |
Шығармашылық емтихан |
|
0318002 |
Технология |
Шығармашылық емтихан |
|
0322002 |
Саздық білім |
Шығармашылық емтихан |
|
0310002 |
Дене |
Президенттік тест |
|
0313002 |
Кәсіптік |
Математика |
|
0314002 |
Бастауыш білім беру |
Математика |
|
0324002 |
Білім беру |
Математика |
|
3700000 - Ақпараттық технологиялар | |||
3707002 |
Ақпараттық |
Физика |
|
0400000 - Медициналық мамандықтар | |||
0401002 |
Емдеу ісі |
Биология |
|
0402002 |
Медбике ісі |
Биология |
|
0403002 |
Гигиена және |
Биология |
|
0405002 |
Лаборатори- |
Биология |
|
0406002 |
Фармация |
Химия |
|
0500000 - Мал дәрігері | |||
0501002 |
Мал дәрігері |
Биология |
|
0502002 |
Лаборатория- |
Биология |
|
0503002 |
Мал дәрігер- |
Биология |
|
0700000 - Экономикалық мамандықтар | |||
0701002 |
Статистика |
Математика |
|
0703002 |
Қаржылар |
Математика |
|
0705002 |
Есеп және |
Математика |
|
0711002 |
Экономика |
Математика |
|
0712002 |
Менеджмент |
Математика |
|
0800000 Қызмет көрсету мамандықтары | |||
0830102 |
Қызмет |
Математика |
|
0831002 |
Маркетинг |
Математика |
|
0832002 |
Аударма ісі |
Шетел тілі |
|
0204002 |
Әлеуметтік жұмыс |
Қазақстан тарихы |
|
0713002 |
Бағалау (қолдану аймақтары мен салалар бойынша) |
Математика |