"Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы N 586 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 602 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 1 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6028 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 586 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5029 болып тіркелген, 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 62 «Заң газетінде» жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде:
      8-тармақта «жеткізілуі қажет» деген сөздер «қабылдау комиссиясы жеткізеді» деген сөздермен ауыстырылсын.
      14-тармақтың екінші абзацындағы «беруіне болады» деген сөздер «береді» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ.Бөрібеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуі;
      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Жауапты хатшы Ф.Ш.Қуанғановқа жүктелсін.

      Министр                                         Ж. Түймебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады