Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.18 № 281 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсiптік даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беру Ережесі бекiтілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері осы бұйрықты олардың меншік нысандарына қарамастан барлық техникалық және кәсіптік оқу орындарының назарына жеткізсін.
3. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. "Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 43 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 11 ақпанда N 3438 тіркелген, 2005 жылғы 27 қыркүйектегі N 177 (911) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 30 қарашадағы
N 595 бұйрығымен бекітілген
Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері
(мамандықтар) бойынша кәсiптік даярлық деңгейiн растау
және бiлiктiлiктi беру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан оқу курстарына және орталықтарына, техникалық және кәсіптік ұйымдарына, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсібін (мамандығын) өз бетінше игерген тұлғаларға таратылады.
3. Осы Ереже техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беру тәртібін, кәсіптік лицейлерде, училищелерде, колледждерде, жоғары техникалық мектептерде, әр түрлі оқу орталықтарында білім алушылардың, сондай-ақ өз бетінше техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптерін (мамандықтарын) игерген тұлғалардың, нақты кәсіптер мен мамандықтар бойынша олардың білімінің, іскерлігінің және дағдысының біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтайды.
2. Кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беру
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
4. Алатын мамандығына және оқылатын пәндеріне байланысты кәсіптік даярлық деңгейін растау арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын тапсыруды (жазбаша тестілер) және біліктілік (сынама) жұмыстарын (практикалық тест) орындауды көздейді.
5. Техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беруге арналған емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша толық оқу курсынан, сондай-ақ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес қорытынды аттестаттаудан өткен тұлғалар, техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандықтарын өз бетінше игерген тұлғалар жіберіледі.
6. Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша білім деңгейін, өндірістік оқыту бойынша іскерлік және практикалық дағдыларының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкестігін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін техникалық және қызмет көрсететін еңбек бейіні бойынша біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - БК) құрылады.
7. Техникалық және қызмет көрсететін еңбек бейіні бойынша БК төрағасы кәсіпорындардың, ұйымдардың (құрылымдық бөлімшелердің) басшыларының арасынан тағайындалады.
Техникалық және қызмет көрсететін еңбек бейіні бойынша біліктілік комиссиясы төрағасының немесе төраға орынбасарының тиісті мамандығы болуы керек және мемлекеттік тілді білуі керек.
8. Техникалық және қызмет көрсететін еңбек бейіні жөніндегі БК құрамына қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі органдарының өкілдері, өндірістік оқыту шеберлері, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, арнаулы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері тартылады.
9. Арнайы ұйымдармен және ведомстволармен қадағаланатын объектілердегі жұмыстармен байланысты (жүк көтергіш крандарының машинистері, электрлік көтергіштер (лифтілер) слесарь-монтажниктер, электрлік даяшылар, электрлік станциялардың кезекші қызметкерлері және басқалар) біліктілік емтихандарын тапсыру кезінде (жазба тесті) БК-нің құрамына осы ұйымдардың өкілдері де кіреді.
10. Әрбір арнайы пән бойынша біліктілік емтиханына (жазбаша тестілеу) оқу бағдарламаларына сәйкес 100 сұрақ (қазақ немесе орыс тілдерінде) кіреді.
11. Жазбаша тестілеу бойынша 60 баллдан кем алғандар, біліктілік жұмыстарын тапсыруға жіберілмейді.
12. Жазбаша тесттердің нәтижелері баллмен бағаланады және белгіленген тәртіппен БК отырысының хаттамасы ресімделгеннен кейін сол күні жарияланады. Әрбір тестік тапсырманың дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады.
13. Практикалық тест түріндегі біліктілік (сынама) жұмыстарын өткізу кезінде біліктілік сипаттамалармен, техникалық талаптармен көзделген біліктілік деңгейіне сәйкес келетін аталған кәсіп (мамандық) үшін сипатталған жұмыс көзделеді.
14. Біліктілік (сынама) жұмыстарын орындаудың тізбесі, мазмұны, және талаптары оқу жұмыс бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталады.
15. БК мүшелері біліктілік жұмыстарын бағалау кезінде жалпы техникалық және арнаулы пәндер бойынша нақты білім деңгейін, өндірістік оқыту бойынша іскерлік және практикалық дағдыларды және олардың кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігі есепке алынады.
16. Біліктілік жұмысы:
егер тапсырма техникалық талаптар мен шарттарға сәйкес толық көлемде орындалса, қабылданған болып есептеледі;
біліктілік жұмыстарын (практикалық тест) орындауға арналған пысықтау нормасын (уақыт) орындамаған жағдайда қабылданбаған болып саналады.
17. Емтихан тапсырушы өткізу тәртібін бұзған жағдайда, одан әрі емтиханды тапсыру туралы мәселені БК-нің төрағасы шешеді.
18. Біліктілік комиссиясының құрамы, олардың жұмысын ұйымдастыру, тракторларды және басқа да өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы мелиоративтік көліктерін, сондай-ақ автокөлік құралдарын басқаруға берілетін куәліктерді беру тәртібі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2725 тіркелген) "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 33 бұйрығына сәйкес анықталады.
19. Кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілік емтихандарының нәтижесі (жазбаша тест) және емтихан тапсырушыға біліктілік дәрежелерін (класс, сынып) беру туралы БК-нің шешімі БК-нің төрағасы мен барлық мүшелері қол қоятын хаттамаға жазылады.
Кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілік разрядтарды (санаттарды, дәрежелерді) беру туралы БК шешімдерінің хаттамалары білім алушыларды қорытынды аттестаттау бойынша комиссияға ұсыну үшін техникалық және кәсіптік ұйымдарға жолданады.
3. Құжаттарды ресімдеу және беру
20. БК-ның хаттамалық шешімінің негізінде емтихан тапсырушыға техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша осы Ережеге қосымшамен белгіленген нысан бойынша тиісті біліктілік деңгейлері көрсетілген сертификат беріледі.
21. Кәсіптік даярлық деңгейі туралы сертификаттарды беру техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру туралы сертификаттарды есепке алу және беру журналында ресімделеді.
Техникалық және қызмет көрсететін
(мамандықтар) бойынша кәсіптік
даярлық деңгейін растау және
біліктілікті беру ережесіне
қосымша
____________________________________________________________________
(министрліктің және ведомствоның атауы)
____________________________________________________________________
(техникалық және қызмет көрсететін кәсіптері (мамандықтар) бойынша
кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беруді өткізген
ұйымның атауы)
СЕРТИФИКАТ N_______________
Осы сертификат азамат (ша)__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
берілді, өйткені ол "___"______________________"___"__________дейін
____________________________________________________________________
(кәсіптің (мамандықтың) атауы)
кәсібі (мамандығы) бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсырды.
1. Жазбаша тест ____________________________________________________
(жинаған балл санын жазбаша көрсету)
____________________________________________________________________
2. Практикалық тест_________________________________________________
("қанағаттанарлық", "жақсы", "үздік"
бағалары көрсетіледі)
____________________________________________________________________
(біліктілік жұмысының түрі көрсетіледі)
Біліктілік комиссиясының шешімімен 20____жылғы
"____"____________________________
N____________хаттама азамат_________________________________________
Біліктілік берілді N дәрежесі, санаты
класс________________
Біліктілік
комиссиясының төрағасы___________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Комиссия мүшелері________________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
________________________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
М.О. Директор
Елді мекен__________________________ Күні 200__ж."_____"___________
(қала, облыс көрсетіледі)
Тіркеу нөмірі N ______________