Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.03.17 № 87-ө Бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 34-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Босқын мәртебесін беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н. Әбдиев осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін анықтау тәртібі және босқын деп тану туралы өтініш-хат білдірген адамдармен жұмыс істеу жөнінде нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 1998 жылғы 27 мамырдағы N 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 519 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н. Әбдиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2007 жылғы 6 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 273-ө бұйрығына
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
2008 жылғы 7 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
2008 жылғы 5 ақпан
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2007 жылғы 20 қарашадағы
N 273-ө бұйрығымен бекітілген
Босқын мәртебесін беру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Босқын мәртебесін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңның 34-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді. P100183
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру тәртібін айқындайды.
3. Қазақстан Республикасында босқындар деп саяси сенімі, нәсілі, діни нанымы, азаматтығы, ұлты, белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығы бойынша қудалау құрбаны болуының негіздемелік қаупіне орай азаматтығы бойынша өзінің елінен тыс жерде болуға мәжбүр және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан қорғауын пайдаланғысы келмейтін, өзінің бұрынғы тұрғылықты елінен тыс жерде жүрген, еліне қайта алмайтын немесе әлгіндей қауіп салдарынан қайтқысы келмейтін шетелдіктер танылады (бұдан әрі - босқындар).
4. Баспана іздеген адам - босқын мәртебесін беру туралы қолдаухаты Қазақстан Республикасының уәкілетті органында түпкілікті шешім қабылданғанға дейін қарастырылып жатқан Қазақстан Республикасында баспана іздеген адам.
5. Босқын куәлігі - Комитеттің аумақтық органы беретін, босқын мәртебесін растайтын және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарамды құжат.
6. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалаларының көші-қон басқармалары (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық органдары) болып табылады.
7. Қолдаухат беруші адам - Комитеттің аумақтық органдарына босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен жүгінген адам.
2. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы
қолдаухат берудің және оны тіркеудің тәртібі
8. Босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты (бұдан әрі - қолдаухат) Қазақстан Республикасының аумағына келген, баспана іздеген адам Комитеттің аумақтық органдарына өзі тікелей береді
( 1-қосымша ). Қолдаухатқа:
1) өзі қолымен еркін түрде толтырған өмірбаяны;
2) белгіленген нысан бойынша толтырылған сауалнама
( 2-қосымша );
3) жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесі;
4) түрлі-түсті 2 фотосуреті (3х4 см) қоса беріледі.
9. Қолдаухатты қабылдау қолдаухат берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары болған кезде жүзеге асырылады. Егер баспана іздеуші адамның немесе оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаса, онда бұл адам осы құжаттардың болмауы туралы жазбаша еркін түрде түсініктеме береді.
10. Қолдаухат берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауы оның қолдаухатын тіркеуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
11. Егер қолдаухат беруші адам Комитеттің аумақтық органына қолдаухат тапсырған кезде аудармашының қызметін пайдалана алады.
12. Қолдаухатты баспана іздеуші адамның өзі немесе оның отбасы мүшесі толтырады. Егер адамның өзі немесе оның отбасы мүшесі қандай да болмасын шынайы себептер бойынша (тілді білмеуі, дене кемістігі, сырқат болуы) қолдаухатты толтыра алмайтын болса, оны басқа бір адамның толтыруы мүмкін. Комитеттің аумақтық органының қызметкері қолдаухатты баспана іздеуші адамның қатысуымен басқа адамның толтырғаны туралы қолдаухатқа жазады, оның себебін, қолдаухатқа қол қойған адамның деректері көрсетіледі: аты-жөні, тегі, әкесінің аты, туған жері, туған күні, азаматтығы және тұрғылықты мекен-жайы.
13. Қолдаухат баспана іздеуші адамның отбасының он сегізге толған әр мүшесінен беріледі. Отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелері туралы деректер ата-анасының біреуінің қолдаухатына жазылады, ал ата-анасы болмаған кезде олардың заңды өкілінің немесе он сегізге толған бір мүшесінің қолдаухатына жазылады. Баспана іздеуші адамның отбасының он сегіз жасқа толмаған, бірақ заңды некеде тұратын, сонымен қатар ілеспей келген мүшелері қолдаухатты жалпы негізде береді.
Бір отбасы мүшелерінің барлық қолдаухаттары бір іске ресімделеді.
14. Әрбір қолдаухатты Комитеттің аумақтық органы қолдаухат беруші адамдарды белгіленген нысан бойынша тіркеу журналында (бұдан әрі - Журнал) тіркейді ( 3-қосымша ).
15. Комитеттің аумақтық органдары қолдаухатты тіркеу кезінде қолдаухат беруші адамға босқын мәртебесін айқындау ресімдерін түсіндіреді.
16. Қолдаухат беруші адамға, Журналда тіркеумен бір мезгілде оның қолдаухаты бойынша шешім қабылдауына дейінгі мерзімге қолдаухат берушіні тіркеу үшін Көші-қон полициясы бөлімшесіне белгіленген нысан бойынша жолдама беріледі ( 4-қосымша ). Аталған жолдаманы алғаннан кейін қолдаухат беруші адам үш жұмыс күні ішінде көші-қон полициясының бөлімшесінде тіркелуге тиіс.
17. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған тұлғадан кейін Қазақстан Республикасының аумағына келген немесе қолдаухаты Комитеттің аумақтық органында тіркелген тұлғаның жұбайы (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалары отбасымен қосылу мақсатымен қолдаухат берген кезде өздерінің отбасылық қатынастарын растайтын дәлелдер ұсынуға тиіс.
18. Қолдаухат бойынша:
1) Комитеттің аумақтық органы Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы;
2) Жазбаша түрдегі уәждемелі негіздемесімен Комитеттің аумақтық органы Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін
айқындау рәсімі
19. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін айқындау рәсімі:
1) ұсынылған құжаттарды зерттеуді;
2) алынған деректердің растығын тексеру;
3) қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарынан сұратуды;
4) Комитеттің аумақтық органының қолдаухат беруші адам ісінің макетін дайындауды;
5) аумақтық орган жанындағы Босқын мәртебесін анықтау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қолдаухат беруші адамның істерін қарауды;
6) қолдаухат бойынша Комитеттің аумақтық органымен шешім қабылдауды;
7) белгіленген нысан бойынша босқын куәлігін ( 5-қосымша ) беруді қамтиды.
20. Қолдаухат беруші адаммен әңгімелесу сауалнама толтыра отырып, жүргізіледі. Сауалнамаға қолдаухат беруші адам ұсынған барлық құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
21. Қолдаухат беруші адаммен әңгімелесу құпиялық сақтауға мүмкіндік беретін орында өтуге тиіс.
22. Егер қолдаухат беруші адам аудармашының қызметін пайдаланғысы келсе, онда әңгімелесу аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
23. Қолдаухат бойынша шешімді Комиссияның ұсынымы негізінде (6-қосымша) аумақтық орган қолдаухат тіркелген күннен бастап бір айдың ішінде қабылдайды.
Қолдаухат беруші адамнан алынған ақпараттың дұрыстығын тексеру қажет болған кезде бұл мерзімді Комитеттің аумақтық органы қолдаухат беруші адамға үш жұмыс күні ішінде хабарлай отырып, үш айға дейін ұзартуы мүмкін.
24. Комиссия Комитеттің аумақтық органы басшысының (не оның міндетін атқарушы адамның) бұйрығымен құрылады, ол Комиссияның төрағасы болып табылады. Комиссия бес мүшеден тұрады. Комиссияның құрамына Комитеттің аумақтық органының үш қызметкері және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің бір-бір қызметкері кіреді (келісім бойынша). Комиссия мүшелерінің деңгейі бөлім бастығынан төмен болмауы тиіс.
Комиссия отырысы мүшелердің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда құқылы деп саналады.
25. Қолдаухаттар Комиссия отырыстарында қаралады.
26. Қолдаухаттары Комиссияның кезекті отырысында қаралатын адамдар отырыс күніне дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей хабардар етілуге тиіс.
27. Комиссия отырысында қолдаухат бойынша қорытынды дайындаған Комитеттің аумақтық органының қызметкері баяндама жасайды. Комиссия мүшелері қажет болған жағдайда оған сұрақтар қоя алады. Комитеттің аумақтық органының қызметкері тыңдалғаннан кейін қолдаухат беруші адам Комиссия отырысына шақырылады.
28. Комиссия мүшелері қолдаухат беруші адамға қолдаухат бойынша ақпаратты нақтылау үшін сұрақтар қояды. Өз кезегінде қолдаухат беруші адам Комиссия отырысында тыңдалады.
29. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша Комитеттің аумақтық органы Комиссия ұсынымының негізінде қолдаухат беруші адамға босқын мәртебесін беру немесе одан бас тарту туралы шешім ( 7-қосымша ) шығарады немесе қолдаухат беруші адамның мәліметтерін қосымша тексеру қажеттігі туралы хабарлайды.
30. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
31. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі берілген, қолдаухат беруші адамға шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комитеттің аумақтық органы босқын куәлігін береді.
Босқынның кәмелетке толмаған отбасы мүшелері ата-аналарының босқын куәлігіне жазылады, ал ата-анасы болмаған кезде олардың заңды өкілінің не отбасының он сегізге толған бір мүшесінің қолдаухатына жазылады.
Босқын куәлігі Комитеттің аумақтық органы берген белгіленген нысан бойынша жолдама ( 8-қосымша ) негізінде көші-қон полициясының бөлімшесінде тіркеледі.
32. Босқын куәлігін жоғалтқан жағдайда куәлік иесі Комитеттің аумақтық органына оның жоғалғандығы және құжаттың төлнұсқасын беру туралы өтініш береді. Комитеттің аумақтық органы босқынға өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей мөртаңба қойылған босқын куәлігінің төлнұсқасын береді.
33. Қолдаухат беруші адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның бас тарту туралы уәждемелі шешімі беріледі.
34. Комитеттің аумақтық органы, егер қолдаухат беруші адам:
1) өзі азаматы болып табылатын елінің қорғауын ерікті түрде қайта пайдаланса;
2) өз азаматтығын жоғалтып, оны ерікті түрде қайта алса;
3) жаңа азаматтық алса және өзі жаңа азаматы болып табылатын елінің қорғауын пайдаланса;
4) қуғындау қауіптері салдарынан өзі болған, өзі тастап кеткен елге немесе оның шегінен тыс жерде ерікті түрде қайта орнықса;
5) өзі азаматы болып табылатын елінің қорғауын пайдаланудан бас тарта алмаса, не оның негізінде босқын болып танылуға қолдаухат тапсырған жағдайлар енді болмаса;
6) белгілі бір азаматтығы жоқ адам бола тұрып, не оның негізінде босқын болып танылуға қолдаухат тапсырған жағдайлар енді болмаса, өзінің бұрынғы дағдылы тұрақты тұратын жерінің еліне қайта алса;
7) бейбітшілікке қарсы қылмыс, әскери қылмыс, немесе адамзатқа қарсы қылмыс, осындай қылмыстарға қатысты іс-шаралар қабылдау мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы қасақана әрекеттер жасады деген, немесе өзіне баспана берген елден тыс жерде және осы елге босқын ретінде жіберілгенге дейін саяси емес сипатта ауыр қылмыс жасады деген, немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін қасақана әрекеттер жасауға кінәлі деген оған қатысты салмақты негіздер болса;
8) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздыққа жағдай жасаса;
9) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер жасаса;
10) Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, оның аумағының бiрлiгi мен тұтастығын бұзуға шақырса;
11) бұрын Қазақстан Республикасынан шығарылып жіберілсе босқын мәртебесін беруден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
35. Комитеттің аумақтық органының Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімінде осы шешімге Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінде (бұдан әрі - Комитет) немесе сот тәртібімен Қазақстан Республикасындағы заңнамасына сәйкес шағымдана алатындығы көрсетілуі тиіс.
4. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін
ұзарту немесе ұзартудан бас тарту тәртібі
36. Босқын мәртебесі бір жылға беріледі және Комитеттің аумақтық органы жыл сайын оның ұзарту мәнін қайта қарайды.
37. Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді Комитеттің аумақтық органы (9-қосымша) Комиссияның ұсынымы негізінде ( 10-қосымша ) қабылдайды.
38. Комитеттің аумақтық органы босқын мәртебесінен айыру немесе оны тоқтату туралы қабылданған шешім туралы көші-қон полициясының бөлімшесін қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып, үш жұмыс күні ішінде хабардар етеді, сондай-ақ босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған адамның өзіне қабылданған шешімді және босқын куәлігін жарамсыз деп тану туралы хабарламаны тапсырады немесе жібереді.
39. Босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылады, егер:
1) ол өзіне босқын мәртебесі үшін негіздеме болған, жалған деректерді қасақана әдейі хабарласа, немесе босқын мәртебесін беруден бас тартуға негіз болатын мәліметтерді жасырса;
2) босқын мәртебесін беруге негіздеме болған мән-жайлар жойылған кезде;
3) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздыққа жағдай жасаса;
4) саналы түрде Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне қарсы шықса, ел аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
5) лаңкестік қызметі үшін сотталған болса;
6) оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде саяси емес сипаттағы аса ауыр қылмыс жасағаны ақиқат анықталған болса айрылады;
7) Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің азаматтығын алса;
8) басқа мемлекеттің аумағында босқын мәртебесін алса;
9) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетсе;
10) қуғындау қаупі салдарынан өзі кеткен елге өз еркімен кетсе;
11) Комиссияның босқынның куәлігінің мерзімін жыл сайын ұзарту отырысына келмесе, және Комитеттің аумақтық органы осы отырыс күнінен бастап үш айдан астам одан ешқандай ақпарат алмаған кезде.
5. Қорытынды ереже
40. Комиссияның Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешіміне Комитетке немесе сот тәртібімен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
Босқын мәртебесін беру ережесіне
1-қосымша
нысан
кімге_____________________________
(аумақтық орган бастығының
аты-жөні және лауазымы)
__________________________________
__________________________________
___________________________азаматы
(қай елдің)
бұрынғы тұрған жері ______________
__________________________________
отбасы құрамында______________адам
__________________________________
___________________уақытша тұратын
(мекен-жай)
__________________________________
(кімнен, тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы қолдаухат
Мені және отбасымның мүшелерін Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін берулеріңізді сұраймын. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
байланысты тұрғылықты жерден кетуіме тура келді.
Отбасы мүшелері туралы мәлімет
N№ |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған күні |
Туыстық дәрежесі |
Қолдаухат беруші__________________________
"___" _________________жыл
Босқын мәртебесін беру ережесіне
2-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасында босқын деп тану туралы
қолдаухат берушінің
N____сауалнамасы
1. Тегі, аты, әкесінің аты
____________________________________________________________________
2. Туған күні, айы және жылы
____________________________________________________________________3. Туған жері
____________________________________________________________________4. Азаматтығы_______________________________________________________
5. Ұлты ____________________________________________________________
6. Жеке басын куәландыратын паспорт немесе өзге құжат ____________________________________________________________________
(ататуы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)
7. Отбасы жағдайы __________________
8. Отбасы құрамы _____________ адам
9. Қолдаухат беруші адамен бірге келген отбасы мүшелері туралы
мәліметтер:
№N |
Тегі, аты, |
Туыстық дәреже- |
Туған күні |
Жеке басын |
Ұлты |
Азамат- |
10. Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері ___________________ ___________________________________________________________________
11. Осы мекен-жай бойынша отбасының барлық мүшелері тұра ма. Егер тұрмаса, отбасы мүшелерінің қайсысы тұрмайды және тұрғылықты мекен-жайын көрсетіңіз_____________________________________________
___________________________________________________________________
12. Сіз және отбасыңыздың мүшелері қашан және қай мемлекеттен келдіңіздер және келу себептері (толық жазыңыз)____________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
13. Егер Сіз өзіңіз азаматы емес ел аумағынан келсеңіз, ол елде босқын мәртебесін алу туралы өтініш жасадыңыз ба___________________
14. Қандай тілдерді білесіздер (сіз және отбасыңыздың мүшелері)____
___________________________________________________________________
15. Сізде немесе отбасыңыздың мүшелерінің арасында мүгедектер бар ма (иә/жоқ), болса қандай топтағы мүгедек__________________________
___________________________________________________________________
16. Сіз немесе отбасыңыздың мүшелері тұрған (кеткен) мемлекетте шақыру бойынша немесе келісім бойынша әскери қазметте болдыңыздар ма _________________(иә/жоқ). Егер болса, кім және қайда қызмет еткенін көрсетіңіз_________________________________________________
___________________________________________________________________
17. Сіз немесе отбасыңыздың мүшелері қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма___________________________(иә/жоқ). Егер тартылса, кімнің, қашан, қай соттың үкімімен және қанша мерзімге тартылғанын көрсетіңіз____________________________________
___________________________________________________________________
18. Қазақстан Республикасында отбасыңыздың туыстары бар ма (иә/жоқ). Егер болса, олардың туыстық дәрежесін және тұрғылықты жерін көрсетіңіз___________________________________________________
___________________________________________________________________
19. Болжап отырған тұрғылықты орынды көрсетіңіз (қала, облыс, аудан, елді-мекен)_________________________________________________
___________________________________________________________________
20. Отбасы мүшелерінен кімнің білімі бар және қандай мамандық иелері екендігін көрсетіңіз________________________________________
___________________________________________________________________
21. Сізде және отбасыңыздың мүшелерінде медициналық мекемелер қандай ауруларды анықтады__________________________________________
___________________________________________________________________
22. Қай балаңызға қандай алдын-алу екпелері егілгенін көрсетіңіз___
___________________________________________________________________
23. Сіз Қазақстан Республикасында болдыңыз ба_______(иә/жоқ). Егер болсаңыз, болған күн мен келу себебін көрсетіңіз___________________
___________________________________________________________________
24. Хабарлау қажет деп есептеген қосымша мәліметтер_______________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Осы сауалнамада келтірген мәліметтердің барлығы дұрыс екендігін ресми түрде мәлімдеймін.
Өтініш беруші___________________ және кәмелетке толған келген
отбасы мүшелері______________________________________________
_____________________________________________________________
________________________________________________________ қолы
(аты-жөнін көрсете отырып)
Сауалнама»"___" ____________200_ жылы ұсынылды
Сауалнаманы қабылдаған мекеме_______________________________
____________________________________________________________
Сауалнаманы қабылдаған адамның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты______________________________________________________
__________________________________________________________________
________________ "___" _____________200_ жыл
(қолы)
Босқын мәртебесін беру ережесіне
3-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасында босқын деп тану туралы қолдаухат беруші адамдарды тіркеу журналы
р/с |
Тіркеу күні |
Тегі, аты, |
Туған жері |
Азамат- |
Бұрынғы |
Отбасы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Шешім N және |
Куәлік N және |
Куәлікті немесе |
Есептен |
Ескерту |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Босқын мәртебесін беру ережесіне
4-қосымша
нысан
_____________________бойынша
Көші-қон полициясының
бөлімшесі
Қолдаухатты тіркеу жолдамасы
N _____ "___"»______________ 200_жыл
Осы жолдама ________________________________________________
(туған елін көрсету)
келген өзін және отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасында босқын деп тану туралы қолдаухат беруші__________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________________________________________________
___________________________________________________________мерзімге
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
мекен-жайы бойынша тіркеу үшін берілді.
Көші-қон жөніндегі ________________________________________
басқарма бастығы қолы және тегі, аты, әкесінің аты
Босқын мәртебесін беру ережесіне
5-қосымша
нысан
Босқын куәлігі
Удостоверение беженца
Фамилиясы___________________________________________________________
Фамилия
Аты_________________________________________________________________Имя (имена)
Туған жері, күні, айы, жылы_________________________________________
Дата и место рождения
____________________________________________________________________
Азаматтығы__________________________________________________________
Гражданство
Қазақстан Республикасының қорғауында тұратын
босқынды куәландырады.
Удостоверяет, что ему (ей) присвоен
статус беженца и находится под защитой
Республики Казахстан
Босқын мәртебесі берілді
Статус беженца присвоен с "____"________________20___жыл
Мына мекен-жайда тұрады ____________________________________________
Проживает по адресу
____________________________________________________________________
Куәліктің қолданылу күні:
Удостоверение действительно до:
"____"_______________________20___жыл
Куәлік берілген орын және күні, айы, жылы
Дата и место выдачи удостоверения
"____"___________________20____________________________
Көші-қон Комитетінің
Басқарма бастығы _________________________________________
Начальник Управления Мөр орны
Комитета по миграции
______________
| |
| | Тіркеу N______________
| | Регистрационный
| Суреттің орны |
| Фото | Босқынның қолы _________________
| | Подпись беженца
| |
| |
| | Мөр орны
Босқынның отбасы мүшелері:
Члены семьи беженца:
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туыстық қатысы |
Туған жылы, айы, күні |
Куәлік ұзартылды: ________________________________________
Удостоверение продлено до:
Қолы __________________________________________________________
Подпись Мөр орны
Босқын куәлігіне жапсырма
Вкладыш к удостоверению беженца N ________________________
Тіркеу орны
Место регистрации
Күні, айы, жылы___________________________________________________
Дата
Мекен-жайы _______________________________________________________
Адрес Мөр орны
Ерекше белгілер үшін:
Для особых отметок:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Босқын мәртебесін беру ережесіне
6-қосымша
нысан
Босқын мәртебесін беру туралы қолдаухат жөніндегі
комиссия ұсынымы
____________________________________бойынша
(облыс/қала)
Көші-қон комитетінің басқармасының Босқын мәртебесін
анықтау жөніндегі комиссиясы
N___ 200_ жыл»"___" _____________
Көші-қон басқармасының Босқын мәртебесін анықтау жөніндегі комиссиясы Қазақстан Республикасының»"Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес босқын деп тану туралы қолдаухатты қарап
Тегі, аты, әкесінің аты:____________________________________________
Туған күні мен жері, азаматтығы_____________________________________
____________________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы ______________________________________________
және отбасының мүшелері ____________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________негізінде________________________________________________________________________________________________________________________________ұсынады
(босқын мәртебесін беру немесе одан бас тарту)
Комиссия төрағасы _______________________________________
қолы және тегі, аты, әкесінің аты
Комиссия хатшысы _______________________________________
қолы және тегі, аты, әкесінің аты
Босқын мәртебесін беру ережесіне
7-қосымша
нысан
Босқын мәртебесін беру/беруден бас тарту туралы
шешім
________________________________бойынша
(облыс/қала)
Көші-қон басқармасы Қолдаухат
беруші суре-
тінің орны Мөр орны
N___ 200_ жыл»"___" _____________
Көші-қон басқармасы Қазақстан Республикасының»"Халықтың көші-қоны туралы" Заңына және»"Босқын мәртебесін беру ережелеріне" сәйкес,
Тегі, аты, әкесінің аты ____________________________________________
Туған күні және жері, азаматтығы ___________________________________
____________________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы ______________________________________________
және отбасының мүшелері_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Көші-қон басқармасының Босқын мәртебесін анықтау жөніндегі комиссиясы ұсынымының негізінде_____________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________туралы шешім қабылдады.
(босқын мәртебесін беру немесе одан бас тарту)
Адамды босқын деп танудан бас тартылған жағдайда, Қазақстан Республикасының»"Халықтың көші-қоны туралы" Заңының 39-бабына сәйкес осы шешімге жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Көші-қон басқармасының ___________________________________
бастығы қолы және тегі, аты, әкесінің аты
Қолдаухат беруші адамның қолы_______________
Босқын мәртебесін беру ережесіне
8-қосымша
нысан
__________________ бойынша
Көші-қон полициясының
бөлімшесі
Босқын куәлігін тіркеу жолдамасы
N _____ «"___"»____________ 200_ жыл
Осы жолдама Қазақстан Республикасында босқын мәртебесі берілген___________________________________________________________
(туған елін көрсету)
келген_____________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)
және оның отбасы мүшелеріне________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________ мекен-жайы бойынша бір жыл мерзіміне тіркеу үшін берілді.
Көші-қон басқармасының _____________________________________
бастығы қолы және тегі, аты, әкесінің аты
Босқын мәртебесін беру ережесіне
9-қосымша
нысан
Босқын мәртебесін ұзарту/ұзартудан бас тарту туралы
шешім
____________________________________бойынша
(облыс/қала)
Көші-қон комитеті
N___ 200_ жыл»"___" _______________
Көші-қон басқармасы Қазақстан Республикасының»"Халықтың көші-қоны туралы" Заңына және»"Босқын мәртебесін беру ережесіне" сәйкес,
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________
Туған күні және жері, азаматтығы___________________________________
___________________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы _____________________________________________
___________________________________________________________________
Көші-қон басқармасының Босқын мәртебесін анықтау жөніндегі комиссиясы ұсынымының негізінде ___________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________туралы шешім қабылдады. (босқын мәртебесін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту)
Босқын мәртебесінен айырылған немесе ол тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасың»"Халықтың көші-қоны туралы" Заңының 39-бабына сәйкес осы шешімге жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Көші-қон басқармасының _____________________________________
бастығы қолы және тегі, аты, әкесінің аты
Босқынның қолы_________________
Босқын мәртебесін беру ережесіне
10-қосымша
нысан
Босқын мәртебесін ұзарту/ұзартудан бас тарту жөніндегі
комиссияның ұсынымы
__________________________________бойынша
(облыс/қала)
Көші-қон комитетінің басқармасының Босқын мәртебесін
анықтау жөніндегі комиссиясы
N___ 200_жыл»"___" ______________
Көші-қон басқармасының Босқын мәртебесін анықтау жөніндегі комиссиясы Қазақстан Республикасының»"Халықтың көші-қоны туралы" Заңына сәйкес босқын материалдарын қарап,
Тегі, аты, әкесінің аты____________________________________________
Туған күні мен жері, азаматтығы____________________________________
___________________________________________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы______________________________________________
және отбасының мүшелері____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
__________________________________________________________негізінде
___________________________________________________________________
__________________________________________________________ ұсынады.
(босқын мәртебесін ұзартуды немесе ұзартудан бас тартуды)
Комиссия төрағасы ________________________________________
қолы және тегі, аты, әкесінің аты
Комиссия хатшысы ________________________________________
қолы және тегі, аты, әкесінің аты