Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.29.01 N 185/30-IV шешімімен
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 10, 11 баптарына сәйкес Астана қаласы мәслихаты ШЕШТІ :
1. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскесінің кадастрлік (бағалау) құнын анықтау үшін Астана қаласы аумақтарын аймақтарға бөлу схемасына сәйкес аймақ шекарасын бекітуді ( 1 қосымша ).
2. Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде жер учаскесінің төлемақысының базалық құнына қолданылатын түзету коэффициенттерін белгілеуді ( 2 қосымша ).
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы мәслихатының
сессия төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
КЕЛІСІЛДІ
"Астана қаласының жер қатынастары
басқармасының" ММ бастығы (ЖҚБ)
Астана қаласы мәслихатының
2007 жылғы 9 ақпандағы
344/43-III шешіміне
1 қосымша
Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке
берілген кезде мемлекет немесе мемлекеттік жер
пайдаланушылар жалға берген кезде, олар үшін
төлемақының базалық төлем мөлшеріне келтірілетін
түзету коэффициенттерін және аймақтар шекарасын
анықтау үшін Астана қаласы аумақтарын аймақтарға бөлу
Схемасы
N 1 аймақ
N 1 аймақтың солтүстік шекарасы Сарыбұлақ өзенінен өтетін көпірден оңтүстік-шығысқа Конституция көшесі бойымен, әрі қарай Ақжайық көшесі бойымен, одан солтүстікке қарай Біржан Сал көшесі бойымен Құтпанов қиылысына дейін, осы көшенің ортасымен Пушкин көшесіне дейін;
Бірінші аймақтың шығыс шекарасы Пушкин көшесінің оңтүстігі ауданымен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, әрі қарай солтүстік-шығыс бағытында Торайғыров көшесі бойымен, Сейфуллин көшесі, Уәлиханов көшесі, Тархан көшесі бойымен Ақбұлақ өзеніне дейін, әрі қарай Есіл өзенінен солтүстік-батысқа көпірге дейін. Қабанбай батыр даңғылында оңтүстік-батыс бағытында N 12 көшенің ортасынан Президенттік саябақ шекарасы бойымен Есіл өзеніне дейін, әрі қарай Нұра-Есіл каналына дейін;
N 1 аймақтың оңтүстік шекарасы N 3 көшесінің бойындағы көпірден Нұра-Есіл каналынан бастап оңтүстік-батыс бағытымен N 3, N 23 көшелерінен Сарыарқа даңғылының қиылысына дейін;
аймақтың батыс шекарасы N 23 көшесінің түйіскен жерімен және Сарыарқа даңғылынан бастап, әрі қарай солтүстік-батыс бағытында Сарыарқа көшесінің ортасымен Кубрин көшесіне дейін, әрі қарай солтүстік бағытында Тәттімбет және Щорс көшелеріне дейін, одан кейін солтүстік-батыс бағытында Тілендиев даңғылы бойымен бірінші Алматы қиылысына дейін солтүстік бағытта Жамбыл, Чапаев және Потанин көшелері ортасымен Затаевич көшесіне дейін әрі қарай солтүстік-батыс бағытында Сарыбұлақ өзеніне дейін.
N
2 аймақ
N 2 аймақ екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігінің солтүстік шекарасы Котовский көшесінен бастап»"Астана-Көкшетау" темір жолы бойымен оңтүстік-шығысқа қарай Элеваторная көшесінің қиылысына дейін;
шығыс шекарасы темір жолдан бастап Элеваторная көшесі бойымен, содан солтүстік-батысқа бағытында Пушкин көшесіне дейін, әрі қарай Құтпанов көшесінің қиылысына дейін;
оңтүстік шекарасы Пушкин көшесінен бастап, Құтпанов көшесі ортасымен,
Біржан Сал және Жеңіс даңғылы түйіскен жеріне дейін, әрі қарай, батыс бағытында Ақжайық және Конституция көшелерімен, Карталинская көшесі қиылысына дейін және оңтүстікке қарай Деповская көшесі ортасымен Жалын көшесінің түйіскен жеріне дейін;
батыс шекарасы Деповская көшесінен бастап, солтүстік бағытта Жалын көшесіне дейін,»"Астана-Көкшетау" темір жолына дейін.
N 2 аймақтың екінші бөлігінің солтүстік шекаралары Уәлиханов көшесінен бастап, әрі қарай солтүстік-шығыс бағытында Сейфуллин көшесі ортасымен, оңтүстікке Бейсекбаев көшесі ортасымен, Абай даңғылына дейін солтүстік-шығысқа Брусиловский көшесімен, әрі қарай Сейфуллин көшесі, содан кейін оңтүстікке Жубанов көшесі бойымен, шығысқа қарай Абай даңғылы бойымен Ақбұлақ өзені дейін, содан әрі қарай Абай даңғылымен Мұстафин көшесінің түйіскен жеріне дейін;
оңтүстік-шығыс шекарасы Абай даңғылынан бастап, Мұстафин және Б.Момышұлы көшелері бойымен, Тулебаев көшесіне дейін, әрі қарай солтүстік-батыс бағытында жобаланудағы N 106 көшесіне дейін, оңтүстікке қарай Мирзоян көшесінен Б.Момышұлы даңғылына дейін, батысқа қарай Манас көшесіне дейін;
батыс шекаралары Б.Момышұлы даңғылынан бастап, әрі қарай солтүстік бағытында Манас көшесі бойымен Ақбұлақ өзеніне дейін, содан солтүстік-шығыстан Тархан және Уәлиханов көшелеріне дейін және солтүстікке Сейфулин көшесінің қиылысына дейін.
N 3 аймақ
N 3 аймақ бес бөліктерден құралған. Солтүстік-шығыс шекаралары Сарыбұлақ өзенінен басталып, оңтүстік-шығысқа қарай Одинцовых көшесіндегі N 4 үйдің бойымен Затаевич көшесінің N 8 үйіне дейін, содан Затаевич көшесіндегі N 8 үйдің бойымен 97 метр оңтүстік-батысқа қарай, әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытында Затаевич көшесіне дейін, одан әрі оңтүстікке қарай Потанин көшесінің ортасымен Московская көшесіне дейін, содан 28 метр оңтүстікке қарай, әрі батысқа қарай Московская көшесінің N 24 үйдің бойымен N 26/1 үйіне дейін, әрі қарай 92 метр N 26/1 үйдің бойымен, содан кейін батысқа Московская көшесіндегі N 58 үйге дейін, содан әрі N 58 үйдің бойымен Чапаев көшесіне дейін. Әрі қарай Чапаев көшесінің ортасымен оңтүстік-батысқа Сарыарқа даңғылындағы N 39а үйіне дейін және 58 метр оңтүстікке қарай Сарыарқа даңғылындағы N 39а үйдің бойымен содан әрі батысқа қарай Жамбыл көшесімен Димитров көшесіне дейін, әрі қарай Димитров көшесінен оңтүстікке Богенбай батыр даңғылына дейін, әрі қарай оңтүстік-шығысқа Щорс көшесіне дейін, одан әрі оңтүстікке Тәттімбет көшесімен Сарыарқа даңғылына дейін;
оңтүстік-батыс шекаралары саяжай алқаптарымен солтүстік-шығыс бағытына Есіл өзенінің жағасы бойымен, Сарыбұлақ өзеніне Одинцовых көшесіне дейін.
N 3 аймақтың екінші бөлігі солтүстік шекарасы "Астана-Қарағанды" темір жол бойымен өтеді. Шығыс шекарасы "Астана-Қарағанды" темір жол көпірінен басталып, Панфилов көшесі, әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытында Фурманов, Сембинов көшелерінен Сейфуллин көшесінің түйіскен жеріне дейін;
оңтүстік шекара Сембинов көшесінен, әрі қарай Сейфуллин көшесі ортасымен, Торайғыров көшесі түйіскен жеріне дейін қамтиды;
батыс шекарасы Торайғыров көшесінен бастап, солтүстікке қарай Богенбай батыр даңғылы және Пушкин көшесі Элеваторная көшесінен "Астана-Қарағанды" темір жолына дейін.
N 3 аймақтың үшінші бөлігі солтүстік шекарасы Ақ бұлақ өзен көпірінен "Астана-Көкшетау" темір жолы мен Мұстафин көшесінің бойымен өтеді.
шығыс шекарасы темір жолдан Мұстафин көшесімен Абай даңғылына дейін;
оңтүстік шекарасы Мұстафин көшесі мен Абай даңғылы бойымен Ақ бұлақ өзеніне дейін;
батыс шекарасы көпірден басталып Абай даңғылынан, солтүстікке қарай Ақ бұлақ өзені жағасымен "Астана-Қарағанды" темір жолына дейін.
N 3 аймақтың төртінші бөлігі солтүстік шекарасы Есіл өзенінен шығысқа қарай Ақ бұлақ өзені бойымен Манас көшесіне дейін, оңтүстікке қарай Б.Момышұлы даңғылына дейін және солтүстік-шығысқа, Абылай хан даңғылына дейін;
оңтүстік шекара N 24 көшесінен, Манас көшесіне дейін, әрі қарай оңтүстік-батысқа қарай N 62, N 63 көшелерге дейін, содан кейін N 12 көшесінен Б.Момышұлы даңғылының түйіскен жеріне дейін;
батыс шекара Б.Момышұлы даңғылынан солтүстік-батысқа қарай Тоқпанов көшесінен Ақ бұлақ өзеніне дейін.
N 3 аймақтың бесінші бөлігі солтүстік-шығыс шекарасы Есіл өзені шекарасынан Қабанбай батыр даңғылы көпірінен N 12 көшеге дейін өтеді;
оңтүстік шекарасы Есіл өзенінің көпірінен басталып N 12 көшесі ортасымен Қабанбай батыр даңғылы түйіскен жеріне дейін.
батыс шекарасы N 12 көшесінен басталып, әрі қарай солтүстікке Қабанбай батыр даңғылымен Есіл өзені көпіріне дейін.
N 4 аймақ
N 4 аймақтың бірінші бөлігінің солтүстік шекаралары Герцен көшесінен басталып "Астана-Кокшетау" темір жолынан Жалын көшесіне дейін, әрі қарай оңтүстік-батысқа Деповская көшесіне дейін, содан кейін шығысқа қарай Карталинская көшесіне дейін, Конституция көшесі бойымен солтүстік-шығысқа қарай Сарыбұлақ өзеніне дейін;
шығыс шекарасы Сарыбұлақ өзенінен саяжай алқап аймақтың шекараларына дейін;
оңтүстік шекарасы саяжай алқаптары шекарасынан әрі қарай батыс бағытында Абайдың 150 жылдығы аталу көшесіне дейін, содан кейін оңтүстік-батысқа қарай көше ортасымен Есіл өзеніне дейін, әрі қарай өзен жағасымен N 121 кварталдың оңтүстік шекарасына, әрі қарай солтүстік-шығыс бағытында Көктал-1 тұрғын-жай алқаптары содан Астана-Екатеринбург тас жолына дейін;
батыс шекарасы Көктал-1 кентінің тұрғын-жай алқаптары шекараларымен өтеді.
Солтүстік шекаралары N 4 аймақтың екінші бөлігі "Астана-Қарағанды" темір жол бойымен өтеді;
шығыс шекарасы темір жолдан Ақ бұлақ өзені бойымен Абай даңғылына дейін;
оңтүстік шекарасы Ақ бұлақ өзенінен Абай даңғылымен Жұбанов көшесіне дейін, әрі қарай Сейфуллин көшесімен солтүстік-батысқа қарай Брусиловский көшесіне дейін және оңтүстікке қарай Абай көшесіне дейін, содан кейін солтүстікке Бейсекбаев көшесіне дейін, әрі қарай Сейфуллин көшесінен солтүстік-батысқа Сембинов көшесіне дейін, солтүстік-шығыстан Фурманов көшесіне дейін, әрі қарай солтүстік-батысқа Панфилов көшесіне дейін және Софиев тас жолындағы темір жол көпіріне дейін қамтиды.
N 4 аймақтың үшінші бөлігінің солтүстік шекарасы Есіл өзенінен, Ақ бұлақ өзені жағасы бойымен Тоқпанов көшесіне дейін;
шығыс шекара Тоқпанов көшесі бойымен Б.Момышұлы даңғылы түйіскен жеріне өтеді;
оңтүстік-шығыс шекарасы N 12 көшесі бойымен, солтүстікке қарай Есіл өзені шекарасымен Ақ бұлақ өзеніне дейін өтеді.
N 4 аймақтың төртінші бөлігінің солтүстік-шығыс шекаралары Мұстафин көшесінен "Астана-Қарағанды" темір жолы бойымен N 16 көшесіне дейін. Оңтүстікке қарай N 16 көшесінен "Астана-Қарағанды" тас жолына дейін, шығысқа қарай Промышленный кентінің тұрғын-жай алқаптары аяқталғанына дейін және оңтүстікке қарай саяжай алқаптары шекараларына дейін;
оңтүстік шекаралар Оңтүстік-Шығыс (оң жағалауы) шағын ауданының тұрғын-жай алқаптарынан оңтүстікте орналасқан саяжай алқаптары шекаралары бойымен өтеді;
солтүстік-батыс шекаралары N 12 көшесінен N 63 көшесіне және N 24 көшенің бойымен Абылай хан даңғылына дейін өтеді.
N 4 аймақтың 5-ші бөлігі Интернациональный кентінің шекараларын қамтиды.
Солтүстік шекаралары N 4 аймақтың алтыншы бөлігінің Қабанбай батыр даңғылынан бастап N 23, N 3 көшелерінен Нұра-Есіл каналына дейін;
шығыс шекаралары Нұра-Есіл каналынан Қабанбай батыр даңғылына дейін;
оңтүстік шекаралары Қабанбай Батыр даңғылының бойымен "Жасыл-Аймақ" РМК жерлері шекарасына дейін (Астана қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағы);
батыс шекаралары Қабанбай батыр даңғылы бойымен өтеді.
N 5 аймақ
N 5 аймаққа темір жолдан солтүстікке орналасқан өнеркәсіп аудандары, ет комбинаты ауданы, гольф клубы ауданы, сонымен бірге бұрынғы Мичурин кенті, Күйгенжар, Пригородное, Ильинка, Тельман, Железнодорожный және Халықаралық аэропорт кіреді.
Өнеркәсіп аймақтарының солтүстік шекаралары "Астана-Көкшетау" темір жолынан, әрі қарай солтүстікке қарай Өндіріс көшесіне дейін, Софиев трассасының N 69 көшесіне дейін, "Жасыл-Аймақ" РМК шекараларына дейін, содан кейін оңтүстік-шығысқа Железнодорожный кенті шекарасы бойымен "Астана-Қарағанды" темір жолына дейін;
шығыс шекарасы "Астана-Қарағанды" темір жолынан басталып, Интернациональный кенті шекараларының бойымен оңтүстікке қарай, "Маман-специалист" АҚ шекараларына дейін қамтиды;
оңтүстік шекаралары "Маман-специалист" АҚ шекараларынан басталып, Есіл өзені шекараларымен, әрі қарай солтүстікке қарай Промышленный кенті шекараларымен, "Қарағанды-Астана" тас жолына дейін және батысқа N 124 көшесіне дейін, әрі қарай солтүстікке қарай N 16 көшесімен, темір жолға дейін, батысқа қарай Герцен көшесіне дейін, әрі қарай оңтүстікке Рагузова және Строитель көшелерінен, батысқа Көктал кенті шекарасымен "Жасыл-Аймақ" РМК шекараларына, солтүстікке қарай "Астана-Көкшетау" темір жолына дейін қамтиды.
N 6 аймақ
N 6 аймақ "Жасыл-Аймақ" РМК-сы қаланың барлық аумақтарында жанастырылған шектері кіреді (Астана қаласы санитарлық-қорғау жасыл аймағы).
N 7 аймақ
N 7 аймақ ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлердің жанастырылған шектері: саяжай алқаптары, зират және қала аумағы бойынша бос жерлер жатады.
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2007 жылғы 9 ақпандағы
344/43-III шешіміне
1 қосымша
Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке
берілген кезде мемлекет немесе мемлекеттік жер
пайдаланушылар жалға берген кезде, олар үшін төлемақының
базалық төлем мөлшеріне келтірілетін түзету коэффициенттерін
және аймақтар шекарасын анықтау үшін Астана қаласы
аумақтарын аймақтарға бөлу схемасы
(Қағаз мәтініне қараңыз)
Астана қаласы мәслихатының
2007 жылғы 9 ақпандағы
344/43-III шешіміне
2 қосымша
Жер учаскелерін жеке меншікке берген кезде, мемлекет
немесе мемлекеттік жер пайдаланушылардың жалға беруі
кезіндегі жер учаскесіне төленетін төлемақылардың
базалық құндарына қолданылатын түзету коэффициенттері
NN
|
Аймақтардың атаулары |
Коэффициенттер ара қашықтықтары |
1 |
N 1 аймақ |
1,81-2,00 |
2 |
N 2 аймақ |
1,61-1,80 |
3 |
N 3 аймақ |
1,41-1,60 |
4 |
N 4 аймақ |
1,21-1,40 |
5 |
N 5 аймақ |
1,01-1,20 |
6 |
N 6 аймақ |
0,81-1,00 |
7 |
N 7 аймақ |
0,50-0,80 |
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
Астана қаласы мәслихатының
2007 жылғы 9 ақпандағы
344/43-III шешіміне
2 қосымша
Жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен жеке меншікке
берілген кезде мемлекет немесе мемлекеттік жер
пайдаланушылар жалға берген кезде, олар үшін төлемақының
базалық төлем мөлшеріне келтірілетін түзету коэффициенттерін
және аймақтар шекарасын анықтау үшін Астана қаласы
аумақтарын аймақтарға бөлу схемасы
(Қағаз мәтініне қараңыз)