Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 24 мамырдағы N 380/47-III Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 26 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 469 болып енгізілді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 166/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 166/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.09.2015 № 413/57-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" N 28/6-ІІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 326 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 15 мамырда және 2004 жылғы 17 шілдеде "Астана хабары", 2004 жылғы 22 мамырда "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған), Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы "Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы N 28/6-ІІІ "Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы" (Астана қаласының Әділет департаментімен 2004 жылғы 5 мамырда N 326 тіркелген)" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 214/28-ІІІ шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 430 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 16 ақпанда "Вечерняя Астана", 2006 жылғы 18 ақпанда "Астана хабары" газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген, Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету Қағидаларында (әрі қарай - Қағидада):

      1) Қағиданың мемлекеттік тіліндегі мәтінінде "2. Қала аумағын тазарту тәртібі" тарауының тақырыбы "3. Қала аумағын тазарту тәртібі" болып саналсын;

      2) Қағиданың мемлекеттік тіліндегі мәтінінде кейінгі 3-15 тараулар тиісінше 4-16 тараулар болып саналсын;

      3) 9 тарау жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау.

      119. Бөлінген учаскеде құрылыс қызметі басталғанға дейін (жаңа құрылыс, қайта жаңарту, жөндеу, құрылыстарды бұзу) құрылыс салушы (объектіні жөндеу, қайта жаңарту кезінде меншік иесі), құрылысты ұйымдастыру жобасына, құрылыстың бас жобасына сәйкес құрылыс алаңын, жұмыс учаскелерін жайғастыруды жүргізеді;

      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (бұзу) бойынша жұмыстарын өткізу кезінде, бұзу жөніндегі қажетті техникалық шешімдерге немесе ғимараттарды бұзу жобасына сәйкес жүргізеді.

      120. Құрылыс салушы, объектінің иесі құрылыс алаңын (бұзуға жататын учаскеде) абаттандыру үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органында дайындық жұмыстарын жүргізуге рұқсатын алады.

      Объектілерді бұзуға рұқсат алу үшін, құрылыс салушы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органына, берілген учаскенің бөліп берілгендігі туралы шешімін, бұзу немесе бұзу жобасы бойынша техникалық шешімін, құрылыс қоқысын, қалдықтарын, шығару мен кәдеге жарату жөніндегі шешімдерін (келісім-шарттар), бұзуға жататын объектілерден инженерлік желілерді сөндіріп тастау жөніндегі растауын, тиісті мемлекеттік органдармен (сәулет, тұрғын үй, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары, аудан әкімі аппараты және басқалары келісімі бойынша) келісімін ұсынуы тиіс.

      Құрылыс алаңы (бұзуға жататын учаскеде) келесі міндетті талаптардың орындалуымен, тиісті нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес аббаттандырылуы тиіс:

      1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;

      адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз ету тиіс;

      2) қоршауды металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы тиіс;

      3) қоршаудың құрылымдары көлденең және тіке бағыттарда қатты түрде бекітіліп, реттелуі, сырлануы және мұнтаздай: кірден тазартылып, жуылып, ешбір ойықсыз, зақымдалған учаскесіз, бөтен хабарландыру мен жазуларсыз болуы тиіс;

      4) қоршаудың биіктігі жер бедерінен үш метрден кем болмауы тиіс, төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы тиіс;

      жеке шыға беріске немесе салынып жатқан құрылысқа шағын қосымша құрылыс салу кезінде, биіктігі екі метр қоршау құрылғысын орналастыру рұқсат етіледі;

      5) қақпа немесе шлагбаумды орнатумен құрылыс алаңынан болмашы көшелеріне шығатын минималды жолдардың саны көзделеді;

      6) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;

      7) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуге тиіс;

      8) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары мен кіреберіс жолдары бас құрылыс жоспарына сәйкес аббаттандырылған және төсем болуы керек және асфальтталған қаланың өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі тиіс;

      9) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерді жуу (тазалау) пункттері жабдықталады;

      10) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстаудың, аббаттандырылуды және іргелес жатқан құрылысқа теріс ықпал етуді болдырмау, үстірттік және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көзделеді;

      құрылыс және тұрмыс қоқысын жинау мақсатында контейнерлер, жинаушы-бункерлер орнатылып, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыру қажет; құрылыс алаңына (бұзуға жататын учаскеде) іргелес жатқан аумақта ұқыпты түрде күтіліп, мезгілді жинастырылуы тиіс;

      11) құрылыс алаңынан тыс құрылыс материалдарды, қоқымды (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, перделер, жоңқалар, буып-түйетін материалдар және тағыда басқалары) шығаруды болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс;

      12) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолдануынсыз объектілер қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға тиым салынады;

      13) ғимараттардың қасбеттерінде жұмыс істеу барысында, арнайы осындай мақсатпен көзделген және сапасы бойынша сәндік, беріктік және өрт қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін торлардан жасалған тор көзді қоршау болуы тиіс;

      14) торлардан жасалған қоршау осындай мақсаттары үшін жасалған ғимараттың қасбеттер бекіткіштеріне немесе орнатылған мінбесатылардың үстіне жабылады;

      торлар тұрақты тұру үшін созылып, үстіңгі қабат бойынша бекітіледі;

      торлар қисайып, созылып кетпеуі тиіс;

      15) қажеттіліктер туындаған кезде, жаяужолды, жаяу жүретін галереяларды, төсемдерді, таяныштарды, айналма және уақытша жолдарды аббатандыру мен олардың ұқыпты түрде ұсталуы қамтамасыз етіледі;

      16) бұзуға жататын учаскелерде құрылыстарды бұзу, алаңды дайындау шараларын іске асырған соң ғана бастауға болады;

      17) құрылысты бұзу жұмыстарын, ғимарат элементтерінің қирауын болдырмау мақсатында, жоғарғы құрылымдардан бастау қажет.

      121. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана болады;

      шығарылған топырақ (құнарлыдан басқасы), бұзылғанның қалдықтары мен қоқыс, қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылуы тиіс, "Алматы"

      және "Сарыарқа" аудандары әкімдерінің келісімдері бойынша топырақ басқа учаскелерге шығарылуы мүмкін;

      қоршалған аумақтан тыс материалдарды, қоқыстарды қоймалауға, көліктің тиелуіне және тұрақтануына, механизмдер мен құрылыс техникаларын орнатуына рұқсат етілмейді.

      122. Мұзды, қарды, құрылыс қоқыстарды уақытында ұйымдастырып шығару үшін құрылыс салушы немесе мердігер құрылыс алаңын жайластыруға рұқсаттама алған кезде, осы жұмыстар түріне лицензиясы бар арнайы кәсіпорындармен келісімшартқа отырады.

      123. Құрылыс салушымен құрылыстық және тұрмыстық қоқысты уақытылы шығарылуы қамтамасыз етіледі.

      124. Құрылыс (бұзу) аяқталғаннан кейін, құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған аббаттандыруын қалпына келтіру, сондай-ақ уақытша жүруге, жолаушылардың өту жолы, уақытша ғимараттар мен материалдарды қоймалау үшін, инженерлік желілерді төсеу және тағыда басқа пайдаланған аймақтарды құрылыс салушы қалпына келтіруі тиіс.";

      4) 12 тараудың 135 тармағындағы "Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық департаментіне" деген сөздер "Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Астана қаласы мәслихатының
сессия төрайымы


Астана қаласы мәслихатының
хатшысы



О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 30 марта 2004 года N 28/6-III "О правилах благоустройства, санитарного содержания, организации уборки и обеспечения чистоты на территории города Астаны"

Решение маслихата города Астаны от 24 мая 2007 года N 380/47-III. Зарегистрировано в Департаменте юстиции города Астаны от 26 июня 2007 года N 469. Утратило силу решением маслихата города Астаны от 20 июля 2017 года № 166/21-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата г. Астаны от 20.07.2017 № 166/21-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Рассмотрев предложение акимата города Астаны, руководствуясь статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", маслихат города Астаны РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула с изменением, внесенным решением маслихата города Астаны от 23.09.2015 № 413/57-V (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Внести в решение маслихата города Астаны от 30 марта 2004 года N 28/6-III "О правилах благоустройства, санитарного содержания, организации уборки и обеспечения чистоты на территории города Астаны" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 326, опубликовано в газетах "Астана хабары" от 15 мая 2004 года и 17 июля 2004 года "Вечерняя Астана" от 22 мая 2004 года), в решение маслихата города Астаны от 23 декабря 2005 года N 214/28-III "О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Астаны от 30 марта 2004 года 28/6-III "О Правилах благоустройства, санитарного содержания, организации уборки и обеспечения чистоты на территории города Астаны (зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 5 мая 2004 года за N 326)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 430, опубликовано в газетах "Вечерняя Астана" от 16 февраля 2006 года, "Астана хабары" от 18 февраля 2006 года), следующие изменения:

      в Правилах благоустройства, санитарного содержания, организации уборки и обеспечения чистоты на территории города Астаны (далее - Правила), утвержденных указанным решением:

      1) в тексте Правил на государственном языке заголовок главы "2. Қала аумағын тазарту тәртібі" считать главой "3. Қала аумағын тазарту тәртібі";

      2) в тексте Правил на государственном языке последующие главы 3-15 соответственно считать главами 4-16;

      3) главу 9 изложить в новой редакции:

" 9. Содержание строительных площадок и участков

      119. До начала строительной деятельности (новое строительство, реконструкция, ремонт, снос существующих построек) на отведенном участке застройщик (владелец объекта при ремонте, реконструкции) производит обустройство строительной площадки, участков работ в соответствии с проектом организации строительства, стройгенпланом;

      при проведение работ по постутилизации (сносу) объектов - в соответствии с необходимыми техническими решениями по сносу либо в соответствии с проектом сноса зданий или сооружений.

      120. Для обустройства строительной площадки (участка сноса) застройщик, владелец объекта получает разрешение на проведение подготовительных работ в органе государственного архитектурно-строительного контроля.

      Для получения разрешения на снос объектов застройщику необходимо представить в орган государственного архитектурно-строительного контроля решение об отводе данного участка, техническое решение по сносу или проект сноса, решения (договоры) по вывозу, утилизации строительного мусора, отходов, подтверждение об отключении инженерных сетей от объектов сноса, согласования с соответствующими государственными органами (органы архитектуры, жилья, санитарно-эпидемиологического надзора, аппарат акима района и другие по согласованию).

      Строительную площадку (участок сноса) необходимо обустроить согласно требованиям соответствующих норм и правил с соблюдением следующих обязательных требований:

      1) строительная площадка ограждается по всему периметру сплошным ограждением, исключающим доступ посторонних лиц и вынос загрязнений на прилегающую территорию;

      в местах массового прохода людей ограждение необходимо оборудовать сплошным защитным козырьком;

      2) ограждение необходимо изготовить из металлических профилированных листов либо из железобетонных панелей, предназначенных для ограждений;

      3) конструкции ограждения необходимо жестко закрепить и выравнить в горизонтальном и вертикальном направлениях, покрасить, чтоб имел опрятный внешний вид: очищены от грязи, промыты, не иметь проемов, поврежденных участков, посторонних объявлений и надписей;

      4) необходимо, чтобы высота ограждения была не менее трех метров от уровня рельефа местности, не иметь зазоров в нижней части;

      при строительстве небольших пристроек к существующим строениям либо отдельных выходов допускается устройство ограждения высотой два метра;

      5) со стройплощадки предусматривается минимальное количество выездов с выходом на второстепенные улицы с установкой ворот либо шлагбаума;

      6) у выездов устанавливаются информационные щиты;

      7) необходимо, чтобы освещение было по всему периметру ограждения, в местах массового прохода людей освещение необходимо сделать по всему периметру на две стороны;

      8) внутриплощадочные дороги и подъездные пути к стройплощадкам необходимо обустроить и уложить покрытие в соответствии со стройгенпланом, обеспечить их примыкание к асфальтированным городским проездам;

      9) на выездах оборудуются пункты мойки (очистки) колес транспортных средств;

      10) на строительной площадке предусматриваются мероприятия по содержанию территории в чистоте и порядке, организации водоотвода поверхностных и грунтовых вод, недопущению отрицательного влияния на благоустройство города и близлежащие строения;

      для сбора строительного и бытового мусора необходимо установить контейнеры, бункеры-накопители и организовать своевременный вывоз мусора;

      прилегающая к строительной площадке (участку сноса) территорию также необходимо содержать в надлежащем состоянии и периодически убирать;

      11) необходимо предусмотреть меры по исключению выноса за пределы стройплощадки строительных материалов, мусора (синтетические пленки, пологи, стружки, опилки, упаковочный материал и другие);

      12) не допускается сбрасывание отходов и мусора с этажей объектов без применения закрытых лотков и бункеров-накопителей;

      13) при работах на фасадах зданий, сооружений необходимо предусмотреть сетчатое ограждение, выполненное из сеток, специально предусмотренных для этих целей и соответствующих по своим качествам декоративным, прочностным и пожаробезопасным требованиям;

      14) ограждения из сеток навешиваются на специально изготовленные для этих целей крепления по фасаду здания либо на конструкциях установленных лесов; сетки натягиваются и закрепляются по всей поверхности для придания им устойчивости;

      не допускаются искривление и провисание сеток;

      15) при необходимости обеспечиваются обустройство тротуаров, пешеходных галерей, настилов, перил, объездных и временных дорог и содержание их в исправном состоянии;

      16) разборку строений на участках сноса начинать только после выполнения мероприятий по подготовке площадки;

      17) разборку начинать с верхних конструкций в целях исключения внезапного обрушения элементов зданий.

      121. Все материалы и грунт размещаются только в пределах огражденной территории;

      вынутый грунт (за исключением плодородного), отходы сноса, мусор немедленно вывозятся на полигон твердых бытовых отходов, грунт может вывозиться на другие участки по согласованию с акимами районов "Алматы" и "Сарыарка";

      не допускается складирование материалов, мусора, установка строительной техники и механизмов, парковка и загрузка транспорта за пределами огражденной территории.

      122. Для организации своевременного вывоза бытового и строительного мусора, снега и льда на соответствующие полигоны, застройщик либо подрядчик при получении разрешения на обустройство стройплощадки заключает договоры со специализированными предприятиями, имеющими лицензии на данные виды работ.

      123. Застройщиком обеспечивается своевременный вывоз строительного и бытового мусора.

      124. После завершения строительства (сноса), застройщику необходимо восстановить нарушенное благоустройство на прилегающей к стройплощадке территории, а также на территориях, использованных для временного проезда, прохода пешеходов, под временные сооружения, для складирования материалов, прокладки инженерных сетей и прочих нужд.";

      4) в пункте 135 главы 12 слова "Департамент коммунального хозяйства города Астаны" заменить словами "Департамент государственного архитектурно-строительного контроля города Астаны".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после официального опубликования.

Председатель сессии


маслихата города Астаны

К. Анасова

Секретарь маслихата


города Астаны

В. Редкокашин