Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі шаралар туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/18 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 22 ақпанда N 3216 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № А-5/250 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2008.06.20 № А-5/250 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі  Орман кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, орман өсіру, орманды күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы барысы туралы" ақпарат назарға алынсын.
      2. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі 2007 жылға арналған, қосымша беріліп отырған іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      3. Ақмола облысының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті:
      1) Ақмола облысының ішкі істер департаментімен бірлесе отырып (келісім бойынша) орманның сақталуын бақылауды күшейтсін;
      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақмола  облыстық төтенше жағдайлар (келісімі бойынша) және Ақмола облыстық өртке қарсы қызмет департаменттерімен (келісім бойынша) бірлесе отырып орман саласы қызметкерлерін дала және орман өрттеріне қарсы күрес бойынша оқытуды жалғастырсын, сонымен қатар, осы мәселе бойынша жедел тактикалық жаттығуларды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет департаменті (келісім бойынша):
      ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелерінің өртке қарсы тұру жағдайларын, өрт сөндіру-химиялық станцияларының жабдықтандырылуын тұрақты тексерсін;
      орман, дала өрттері мен ауыл шаруашылығы қалдықтарын жағу бойынша бастапқы тергеуді сапалы өткізуді және материалдарды құқық қорғау органдарына беруді жүргізсін.
      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы (келісім бойынша):
      орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімге пайдалануға беру жұмыстарын жүргізу кезінде облыстың орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің 2007 жылға арналған орманды орналастыру жобалары дайындалуын қамтамасыз етсін;
      облыс жұртшылығы арасында ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау шаралары жөнінде үгіт және насихат жұмыстарын тұрақты жүргізсін;
      Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес ағаш тілгіштерді пайдалануға бақылауды күшейтсін, құқық бұзушылық анықталса тиісті шаралар қолдансын.
      6. "Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман өсімін молайту, орман өсіру, күзету және қорғау жөніндегі 2004-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы"»Ақмола облысы әкімдігінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N№А-8/193 Ақмола облысының әділет департаментінде 2004 жылы 14 қазанда N№2758 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2004 жылы 14 қазанда жарияланған қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
      8. Облыс әкімдігінің осы қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Ақмола облысы әкімінің м.а. 

Ақмола облысы әкімдігінің
2007 жылғы 23 қаңтардағы
N А-2/18 қаулысымен  
БЕКІТІЛГЕН      

Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру,
күзету және қорғау жөніндегі 2007 жылға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ

р/н

Іс-шаралар атауы

Аяқталу формасы

Орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

Орман өсімдіктерінің жағдайы мен экономикалық тиімділігі ескере отырып, мейлінше қысқа мерзімде жоғары өнімді және тұрақты орман құруды қамтамасыз ететін әдістермен экологиялық және санитарлық-эпидиомологиялық талаптарды
сақтай отырып мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды молықтыруды
жүргізу 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер  

жыл бойы

2

Тұрақты орман тұқымы базасы нысанында, олар жетіспеген жағдайда кәдімгі орман ағаштарынан тұқым дайындау жұмыстарын жүргізу  

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі мемлекеттік мекемелер  

2007 жыл
IV тоқсан

3

Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды молықтыру және өсіру, елді мекендерде көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін облыс питомниктерінде стандартқа сай егу материалдарын өсіруді қамтамасыз ету.  

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, орманды және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі мемлекеттікмекемелер  

2007 жыл
15 желтоқсан

4

Мамандандырылған техникаға түгендеу жұмыстарын жүргізу 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат  

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану реттеу департаменті, орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі мемлекеттік мекемелер  

2007 жыл
1 наурыз 

5

Орманды және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді техникамен жабдықтауды жақсарту мақсатында
тұтынуға сәйкес мамандандырылған техниканы жыл сайын жаңартуға жағдай жасау 

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті,Ақмола
облысының қаржы  департаменті 

2007 жыл
1 қараша

6

Бюджеттік комиссияның
қарауына мемлекеттік
мекемелердің материалдық-техникалық базаларын нығайту және 2007 жылы орманды қалпына келтіру жұмыстарының көлемін ұлғайту бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу үшін 44 408,0 мың теңге қаржы бөлу мәселесін енгізу.

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, орманды және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі мемлекеттік мекемелер      

2007 жыл
IІ тоқсан 

7.

Ақмола облысы білім департаментінің жанындағы "Экология және орман шаруашылығы колледжі"» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының базасында орман шаруашылығы кадрларын дайындау мен қайта дайындауға, осы оқу орнының материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуді жақсартуға бөлінетін қаржы көлемін өсіру мәселесін қарастыру.

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Ақмола облысының білім департаменті,Ақмола облысының экономика және бюджеттік
жоспарлау  департаменті  

2007 жыл
II тоқсан

8.

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі селекциялық-тұқымдық мақсаттағы нысандардың есебін жүргізу және аттестациялауды жүзеге асыру  

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
орман және аңшылық шаруашылығының Ақмола облыстық аумақтық басқармасы    (келісім бойынша)   

2007 жыл
IV тоқсан

9

Тексерістен өтпеген егу тұқымдарын сатуға және пайдалануға жол бермеу жөніндегі бақылауды
жүзеге асыру.    

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
орман және аңшылық шаруашылығының Ақмола облыстық аумақтық басқармасы    (келісім бойынша)    

жыл бойы

10

Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес орман қоры аумағында және оған шектес орналасқан аймақтарда орманды пайдаланушылар өрт қаупі жағдайын төмендету мақсатында арнайы жүргізіліп жатқан аумақтардан өзге жерлерде шөп өсімдіктерін өртеуге тыйым салу.    

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер      

2007 жыл
10 мамыр

11

Орман өртінің пайда болуына тергеу жүргізу және оған жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде нақты іс-шаралар қолдану.  

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пай-далануды реттеу департаменті, Ақмола облысының ішкі істер департаменті (келісім бойынша)  

жыл бойы

12

Әуе, орман және егерлік күзет қызметтерін орман өртінің пайда болғаны туралы хабар жеткізу тәртібі мен схемаларының жадуалдарымен қамтамасыз ету.  

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті. Орман және жануарлар әлемін қорғау
жөніндегі мемлекеттік мекемелер    

2007 жылғы
8 мамыр

13

Әрбір орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде сумен қамтамасыз ету көздерінің кесте-карталарын, сондай-ақ өрт сөндіруге қажетті су сақтау резервуарларын     дайындау.    

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті. Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер    

2007 жылғы 
15 мамыр

14

Өрттен және басқа да қауіпті жағдайлардан ормандарды сақтау мақсатында белгіленген тәртіп бойынша (келісім бойынша) оқу мекемелерінің оқытушылары мен оқушылары арасынан ерікті жасақтар құру және оның тиімді қызмет етуі үшін тиісті жағдайлар жасау.  

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері, Ақмола облысы
білім департаменті,Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті 

2007 жылғы 
1 маусым

15

Өрт шығу қаупі жоғары кезеңде  мемлекеттік орман қоры аумағына жеке тұлғалар мен көлік құралдарының кіруін, сондай-ақ кейбір жұмыс түрлерін жүргізуді шектеу.    

Әкімдік қаулысы 

Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті  

2007 жылғы 
10 мамыр

16

Орман қоры аумағында өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу.  

Облыс әкімі аппаратына ақпарат

Аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті 

жыл бойы

О мерах по воспроизводству лесов, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда Акмолинской области

Постановление акимата Акмолинской области от 23 января 2007 года N А-2/18. Зарегистрировано департаментом юстиции Акмолинской области 22 февраля 2007 года N 3216. Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 20 июня 2008 года № А-5/250

      Утратило силу - постановлением акимата Акмолинской области от 20 июня 2008 года № А-5/250

      В соответствии с  Лесным кодексом Республики Казахстан от 8 июля 2003 года,  Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Информацию "О ходе выполнения Плана мероприятий по воспроизводству лесов, лесоразведению, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда Акмолинской области на 2004-2006 годы" принять к сведению.
      2. Утвердить прилагаемый План мероприятий по воспроизводству, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда на 2007 год.
      3. Департаменту природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области:
      1) совместно с департаментом внутренних дел Акмолинской области (по согласованию) ужесточить контроль за сохранностью лесов;
      2) совместно с департаментами по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области (по согласованию) и противопожарной службы Акмолинской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (по согласованию) продолжить обучение специалистов лесной отрасли по борьбе со степными и лесными пожарами, а также обеспечить проведение оперативно-тактических учений по данному вопросу.
      4. Департаменту противопожарной службы Министерства
по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (по согласованию):
      регулярно проверять противопожарное состояние государственных учреждений по охране лесов и животного мира, укомплектованность пожарно-химических станций;
      качественно проводить первоначальное расследование  по лесным, степным пожарам и сельскохозяйственным палам с последующей передачей материалов в правоохранительные органы.
      5. Акмолинскому областному территориальному управлению лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию):
      для проведения работ по передаче участков лесного фонда в долгосрочное лесопользование обеспечить составление в 2007 году лесоустроительных проектов  государственных учреждений лесного хозяйства области;
      постоянно проводить работу по пропаганде и разъяснению среди населения области мер предосторожности и соблюдения правил пожарной безопасности в лесах;
      усилить контроль за использованием пилорам в соответствии с законодательством Республики Казахстан о лицензировании, при выявлении нарушений принимать необходимые меры.
      6. Признать утратившим силу постановление акимата Акмолинской области "О плане мероприятий по воспроизводству лесов, лесоразведению, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда на 2004-2006 годы" от 12 августа 2004 года N А-8/193, зарегистрированное департаментом юстиции Акмолинской области N 2758, опубликовано 14 октября 2004 года в газете "Акмолинская правда".
      7. Контроль за исполнением настоящего постановления
возложить на заместителя акима области Отарова К.М.
      8. Настоящее постановление акимата области вступает в силу со дня государственной регистрации и вводится в действие со дня официального опубликования.

       И.о. акима области

            УТВЕРЖДЕН
      постановлением акимата
      Акмолинской области
      от 23.01.2007 года
      N А-2/18

  ПЛАН
мероприятий по воспроизводству, охране и защите лесов на землях государственного лесного фонда

N
п/п

Наименование  мероприятий

Форма
завершения

Исполнители

Срок
исполнения

1

Проводить воспроизводство лесов на участках
государственного лесного фонда с соблюдением экологических и санитарно- эпидемиологических требований
способами обеспечивающими создание в наиболее короткие
сроки
высокопродуктивных и устойчивых насаждений с учетом лесорастительных условий и экономической целесообразности

Информация в аппарат
акима области

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской
области, государственные учреждения по охране лесов и животного мира

в течение года

2

Провести заготовку семян на объектах постоянной лесосеменной базы, а в случае их недостатка в нормальных насаждениях

Информация в аппарат акима области

Государственные учреждения по охране лесов и животного мира

IV квартал 2007 года 

3

Для воспроизводства лесов и лесоразведения на территории государственного лесного фонда, организации озеленительных работ в населенных
пунктах
обеспечить
выращивание стандартного посадочного материала на питомниках области

Информация в аппарат
акима области

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской
области государственные учреждения по охране лесов и животного мира

15 декабря2007 года

4

Провести инвентаризацию специализированной техники

Информация в аппарат
акима области

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области, государственные учреждения по охране лесов и животного мира

1 марта
2007 года

5

В целях повышения технической оснащенности государственных учреждений по охране лесов и животного мира, создать условия для обновления специализированной техники в зависимости от потребления

Информация в аппарат
акима области

Акиматы районов, городов Кокшетау и Степногорска, департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области, департамент
финансов Акмолинской области

1 ноября 2007 года

6

Внести на рассмотрение бюджетной комиссии вопрос по выделению финансовых средств на укрепление материально-технической базы государственных учреждений и проведение комплекса мероприятий по увеличению объемов лесовосстановительных работ в 2007 году в сумме
44 408,0 тыс. тенге.

Информация в аппарат
акима области

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области, департамент экономики и бюджетного планирования Акмолинской   области

II квартал 2007 года

7

Рассмотреть вопрос увеличения
объема выделения денежных средств на подготовку и переподготовку кадров лесного хозяйства на базе государственного коммунального казенного предприятия "Колледж экологии
и лесного хозяйства" при Департаменте образования Акмолинской области, улучшения обеспечения материально-технической базы данного учебного заведения

Информация в аппарат
акима области

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования,  департамент образования Акмолинской области, департамент экономики и бюджетного планирования Акмолинской области

II квартал 2007 года

8

Осуществлять аттестацию и учет объектов селекционно-семеноводческого назначения на участках государственного лесного фонда

Информация в аппарат
акима области

Акмолинское областное территориальное управление лесного и охотничьего хозяйства    Министерства
cельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию)

IV квартал 2007 года

9

Осуществлять контроль по недопущению реализации и посева семенами культур не прошедших проверку  

Информация в аппарат
акима области

Акмолинское областное территориальное управление лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (по согласованию)

в течение года

10

В соответствии с Правилами пожарной безопасности в лесах запретить отжиги травяной растительности на всех категориях
земель, кроме управляемых отжигов на территории лесного фонда и прилегаемых к нему территориях,
проводимых лесовладельцами в целях снижения пожароопасной обстановки 

Информация в аппарат
акима области

Государственные учреждения по охране лесов и животного мира

10 мая 2007 года

11

Принять исчерпывающие меры по проведению
служебных расследований о причинах возникновении лесных пожаров, привлечению виновных лиц к ответственности  

Информация в аппарат
акима области

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области, департамент внутренних дел Акмолинской области (по согласованию)

в течение года 

12

Обеспечить службы авиа, лесной и егерской охраны памятками порядка
и схем оповещения
о возникновении лесных пожаров

Информация в аппарат
акима области

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области, государственные учреждения по охране лесов и животного мира

8 мая 2007 года

13

Разработать схемы-карты источников водоснабжения, а также резервуаров
для хранения воды в случае тушения пожаров в разрезе каждого
государственного учреждения по охране лесов и животного мира

Информация в аппарат
акима области

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области, государственные учреждения по охране лесов и животного мира

15 мая 2007 года

14

В целях сохранения
лесов от пожаров и других лесонарушений, образовать в установленном порядке (по согласованию) добровольные дружины лесной охраны из числа преподавателей и учащихся учебных заведений, создать необходимые условия их эффективного функционирования

Информация в аппарат
акиму области

Акиматы районов, городов Кокшетау и Степногорска, департамент образования Акмолинской области, департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области

1 июня 2007 года

15

Ограничить на период высокой пожарной опасности посещение физическими лицами, въезд транспортных средств, а также проведение определенных видов работ на территории государственного лесного фонда 

Постановление
акимата 

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области

10 мая 2007 года

16

Проводить разъяснительную и профилактическую работу среди населения по соблюдению правил пожарной безопасности на территории лесного фонда

Информация в аппарат
акиму области

Акиматы районов, городов Кокшетау и Степногорска, департамент природных ресурсов и регулирования природопользования Акмолинской области

в течение года