Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2008.06.20 № А-5/250 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 63 бабы 4-тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әділет департаментімен 2007 жылғы 22 ақпандағы № 3216 тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N А-2/18 "Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, орман өсіру, орманды күзету және қорғау жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орманды молықтыру, күзету және қорғау жөніндегі 2007 жылға арналған іс-шаралар жоспарының 15-тармағын орындау мақсатында және өрт қаупі жоғары кезеңінің басталуына байланысты облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өрт қаупі жоғары кезеңінде қажет болған жағдайларда жеке тұлғалардың орманда болуын және онда көлік құралдарымен кіруіне, сондай-ақ Ақмола облысының мемлекеттік орман қоры аумағында жұмыстың белгiлi бiр түрлерiн жүргізуге шектеу қойылсын.
2. "Ақмола облысының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті"»мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақмола облысының ішкі істер департаменті"
мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесе отырып өрт шығу қаупі жоғары кезеңінде орман өртенуі бойынша ең қауіпті учаскелерге кіре берістің басты жолдарында пост бекеттерін қоюды қамтамасыз етсін.
3. "Ақмола облысының табиғи ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының әкімдігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақмола облысының ішкі істер департаменті" (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ақмола облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті" (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелеріне орман алқабында өрт шығу қаупі жоғары кезеңінің басталғаны туралы ақпаратты дер кезінде тапсырсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі