Ескерту. Тақырыбында және 1 тармақта орыс тілінде "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданының Вознесеновка селосы - Қурайлы ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |