Қобда ауданының Вознесеновка селосын Қурайлы ауылы деп қайта атау туралы

Жаңартылған

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі N 203 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі N 381 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 шілдеде N 3212 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және 1 тармақта орыс тілінде "аул" сөзі "село" сөзімен ауыстырылды, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын есепке алып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қобда ауданының Вознесеновка селосы - Қурайлы ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады