Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012.04.13 № 125 Қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылды, "Н.Қ.Әбдібеков" деген сөздер "А.Г.Дубовенко" деген сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.01.29 № 30 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында электронды үкімет" қалыптастырудың 2006-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ауқымында Ақтөбе облысын ақпараттандыру жөніндегі өңірлік бағдарламасын бекіту туралы" облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 14 наурыздағы N 222 шешімін іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 және "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы N 217 Заңының 8 баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысы аумағында елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы Ақтөбе облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Г.Дубовенко жүктелсін.
Облыс әкімі
Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 24 шілдедегі N 254
қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысының елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу қағидалары
Осы Қағида Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару", 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтыру енгізу туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының талаптарына сәйкес Ақтөбе облысы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру, көрсеткілер орнату және пайдалану талаптарын анықтаудың бірыңғай тәртіпке келтіру үшін әзірленген.
1-бөлім. Негізгі ережелер 1-тарау. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар
1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
мекенжай - Ақтөбе облысының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, ғимараттың, имараттың) орналасу орнының (орналасқан жері) деректемелерінің жиынтық құрылымдық сипаттамасы;
саяжол - екі жағынан ағаштармен, бұталармен, шылмалып өскен өсімдіктермен шектелген жаяу жүргіншілер көшесі немесе жол;
желекжол - жаяу жүргіншілер қозғалысы және қысқа мерзімді демалысы үшін тағайындалған және жағаланған екі немесе бір жағынан бөлінген көгалдандырылған кең жолақ;
қосып салынған объектілер - ғимараттар мен имараттарда ғимараттардың (имараттардың) қасбетін қайта жаңартпай және жеке кіру жасамай ұйымдастырылған объектілер, ғимараттың (имараттың) қайта құрылған бөлігінің функционалдық маңызы өзгеруі мүмкін;
ғимарат - адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік процестерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланатын фукнционалдық мақсатына қарай, міндетті түрде жер бетіне салынып, тұйық көлемді құрайтын, тіреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
инвестор - қолданыстағы заңнамаға сәйкес және (немесе) тартылған қаражаттарды қолданумен көше (өзге де қала құрылысы элементтері) атауларының көрсеткілерін және ғимараттардың (имараттардың) реттік нөмірлерін әзірлеуге және орнатуға ниет білдірген тұлға;
қала құрылысы элементінің санаты - функционалдық қала құрылысы нысанын және объектінің (шағын аудан, ғимарат, имарат, көпір, көлік айырымы (айналым), фонтан, тас жол, даңғыл, көше, желекжол, саяжол, өту жолы, қысқа көше, тұйық көше және басқалар) ерекшелігін сипаттайтын қала құрылысы элементінің бөлінбес бөлігі;
квартал - магистралды көшелермен, қысқа көшелермен бөлінбеген құрылыстың құрылымдық бөлшегі;
ландшафты-оңалту аумақтары - қалалық ормандары, орман саябақтар, орман қорғау аймақтары, сутоғандар, ауыл шаруашылығының пайдаланудағы жерлер және іріктелген аумақтарда орналасқан, ашық кеңістік жүйесін қалыптастыратын саябақтармен, бақтармен және желекжолдармен қоса басқа да пайдалы жерлері бар аумақтар;
магистралды жолдар - қалалар және басқа елді мекендер арасында көліктік байланыс үшін белгіленген жол;
шағын аудан - қаланы қалыптастыратын көшелермен бөлінбеген шекарада, не болмаса қоныстану, не болмаса өндірістік, не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементі;
атаулар - шағын аудандарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, алаңдарға, қалалық және селолық елді мекендердің өзге де құрылымдық элементтерге берілген, оларды бөлу және тану үшін қызмет ететін жеке атаулар;
ономастикалық комиссия - географиялық объектілердің атауына және олардың атауларын өзгертуге бірыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтіру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін аудандық және қалалық әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
сәулет органы - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдігі сәулет және қала құрылысы саласында реттеуді жүзеге асыруға өкілеттік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган;
аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімдігі тілді дамыту саласында реттеуді жүзеге асыруды және аудандық, қалалық ономастикалық комиссиялардың қызметін ұйымдастыруға өкілдік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
өту жолы - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және екі көше арасындағы (екі "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты қамтамасыз ететін ауданішілік, шағын ауданішілік, кварталішілік қалалық және кенттік құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
объектінің реттік нөмірі - объектінің мекенжай құрылымының элементі: атауы (көше, шағын аудан және басқалар) бар объектілерге берілетін әріптер және (немесе) бөлшектер қосылу мүмкіндігімен бірізділік цифрдан тұратын объектінің жай нөмірі.
жапсаржай объектілері - ғимаратқа, имаратқа жапсаржай салынған қосымша орын-жай салу жолымен ғимараттарда және имараттарда ұйымдастырылған, сонымен қатар, ереже бойынша өздігінен функционалдық маңызы бар объектілер;
түбегейлі жоспарлау жобасы - құрылыстың сәулеттік-кеңістік және инженерлік-экономикалық шешімін айқындау мақсатында қалалардың және басқа елді мекендердің бас жоспары негізінде жеке бөліктері үшін әзірленген жоба;
өндірістік аумақ - өнеркәсіптік кәсіпорындарды және солармен байланысты объектілерді орналастыруға арналған аумақ, тәжірибелік өндірістермен бірге ғылыми мекемелердің, коммуналдық-қоймалық объектілердің, сыртқы көлік имараттарының, қаладан тысқары және қала төңірегіндегі құрылыстардың кешені;
даңғыл - жалпықалалық маңызы бар магистралды жол немесе магистралды көше;
бақ - саябақ - қала, кент немесе селоның қоныстану аумағында ұйымдастырылған және үштен он гектарға дейінгі ауданымен халықтың бұқаралық демалуына арналған тұйық шекаралармен анықталған жалпы қолданыстағы оқшауланған көгалдандырылған аумақ;
санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және имараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
қоныстану аумағы - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскер) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымдарының жекелеген бөліктерін, басқа да объектілерді орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметі арнаулы санитарлық - қорғаныш аймақтарын талап ететіндей әсер етпейтін елді мекен аумағының бөлігі;
шағынгүлбақ - қала, кент немесе селоның қоныстану аумағында ұйымдастырылған және үш гектардан аспайтын ауданымен халықтың бұқаралық демалуына арналған тұйық шекаралармен анықталған жалпы қолданыстағы оқшауланған көгалдандырылған аумақ;
имарат - табиғи немесе жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік процестерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе желілік объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Имарат көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;
тұйық - көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көше арасындағы (бір "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты құрамайтын ауданішілік, кварталішілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
көрсеткі - жарық түсіретін, жарықты шағылыстыратын, контрастық объектілерді, материалдарды пайдалана отырып құрылған, азаматтарды сол немесе басқа көше, ғимарат немесе имараттың орналасуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін белгіленген түсіндірме жазулары, цифрлары бар геометриялық нысанда белгіленген түрлі-түсті бейне;
қаланың бөлігі (қала құрылысының элементі) - алаң, даңғыл, желекжол, көше, қысқа көше, саябақ, тұрғын үй ауданының бағы, шағынгүлбақ және қаланың басқа да құрамдас бөліктері. Осы Қағидаларда қаланың бөліктері деп әлеуметтік маңызы бар объектілер (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және тағы басқа) айтылуы мүмкін.
2-тарау. Алынып тасталды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.01.29 № 30 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
3-тарау. Ақтөбе облысының қалалары мен басқа елді мекендерінің аудандарына, шағын аудандарына, көшелеріне, даңғылдарына және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі
5. Қазақстан Республикасында әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ақтөбе облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалалар (бұдан әрі - қалалар) және басқа елді мекендер бөліктерінің атаулары оларды бөлуге және оларды кеңістікте тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
6. Атау беру мынадай кезеңдермен жүргізіледі:
1) сәулет органы қалалық және аудандық әкімдіктерге қаланың немесе басқа елді мекен атаулары берілмеген, не болмаса кеңістік орналасу элементтері сызбасының қосымшасы мен атаулары ұқсас бөліктерінің тізбесін жібереді. Аталған тізбемен бірге сәулет органы сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (олар бар болған жағдайда) бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін ұсынады;
2) аудандық, қалалық әкімдіктер жанындағы аудандық, қалалық ономастика комиссиялары Ақтөбе облысының қала құрылысы нысандарына, қала бөліктеріне немесе басқа елді мекендеріне атау беру және қайта атау жөніндегі өтініштерді қарайды;
3) аудандық, қалалық ономастика комиссиялары тиісті шешімдер қабылдайды және тиісті қалалардың, аудандардың әкімдіктеріне қала құрылысы нысандарына атау беруге (қайта атауға) ұсыныс жасайды;
4) қаланың немесе ауданның әкімдігі қала құрылысы элементтеріне атау беру жөніндегі ономастикалық комиссиялардың ұсымдарымен келіседі және Ақтөбе облысы қалалары бөліктері мен басқа да елді мекендерінің атауларын бекіту туралы мәслихат қарауына ұсыныс енгізеді немесе келіспейді және материалдарды қайтарып береді;
5) қалалық немесе аудандық мәслихаты әкімдіктің қала және елді мекендерге, қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру жөніндегі шешімімен келіседі және қала және елді мекендер бөліктеріне атауды бекітеді, не болмаса әкімдіктің шешімін қабылдамай, материалдарды қайтарады;
6) қала немесе аудан мәслихаты мен әкімдігінің қала және елді мекендер бөліктеріне атау беру (қайта атау) туралы шешімдері қала құрылысы бөліктерінің кеңістік ережесі сұлбасының міндетті қосымшасы мен оның шекараларының нақты анықтамасы бар мүдделі мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға жеткізіледі.
7. Қаланың және елді мекеннің бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді. Бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда даңғылдардан (көшелер, қысқа көшелер, өту жолдары) басқа, мұндай жағдайларда қала бөлігінің бұрылыс орындарына оқшауланған атау беруге жол берілмейді.
Бір санаттағы қала құрылысының бірнеше бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді.
8. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар және тағы басқалар) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол беріледі.
9. Қаланың және жеке елді мекен аумақтарын кезең-кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементін оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан, осы қала құрылысы элементінің уақыт ішінде іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңіне сәйкес келетін жекелеген учаскелерге бөлуге жол беріледі.
2-бөлім. Ақтөбе облысының қалалары және басқа елді мекендерінің жер учаскелеріне, ғимараттарына және имараттарына реттік нөмір беру, көрсеткілер орнату және пайдалану
Шағын аудандардың, көшелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және қалалар мен басқа елді мекендердің басқа да объектілерінің орналасуын (орналасқан жері) анықтаудың бірыңғай жүйесі жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмір беру, көрсеткілер орнату және пайдалану Ақтөбе облысының аумақтарында қалыптастыру үшін тағайындалған.
11. Ақтөбе облысының аумағында орналасқан әрбір жер учаскесі, ғимараттар мен имараттардың өздерінің бірегей мекенжайы болуы керек.
12. Осы Қағидаларға сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүлік объектілері:
1) жер учаскелері (игерілмеген және құрылыс салынған);
2) ғимараттар;
3) имараттар болып табылады.
13. Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендері үйлерінің, ғимараттары мен имараттарының қасбеттеріндегі, даңғылдардың, көшелердің, қысқа көшелердің қиылыстарындағы периметрлер бойынша көрсеткілердің мынадай үлгілері орналасады:
көшелердің атауларының көрсеткілері;
шағын аудандардың атауларының көрсеткілері;
көшелердің қиылыстарында (қиылысу орны) орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткілері;
ғимараттар, имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері.
14. Көрсеткінің типтік нобайлары тілдерді дамыту жөніндегі мекемесімен (тілдерді дамыту жөніндегі облыстық басқарма, аудандық қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен) келіскеннен кейін сәулет мекемесімен бекітіледі.
15. Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағында орналасқан көшелер атауларының бұрыштама көрсеткілері көшелердің, шағын аудандардың атауларының көрсеткілері, ғимараттар, имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткілері белгіленген тәртіпте бекітілген Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарына, техникалық талаптарға, осы Қағидалармен белгіленген үлгілік нобайларына міндетті түрде сәйкес болуы керек.
4-тарау. Реттік нөмірлер беру талаптары
16. Ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар, жер учаскелерінің реттік нөмірлері - цифрлардың ретімен жасалатын әріптер (А, Б, В, Г және тағы басқа есімдік болатын әріптерден басқа мысалы "Я" әріпі), алфавиттердің қазақ әріптерін (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Н) және айтылуы қиын әріптерді (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға ұқсас әріптерді (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) қосу мүмкіндігі немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы тұратын объектілер мекенжайларының деректемелері.
17. Егер бір жер учаскесінде екі және одан да көп бірдей сәулеттік үйлесімін құрайтын немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар салынған (бар болса) болса, ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, имараттардың жер учаскелерінің реттік нөмірлеріне әріптер қосылады.
18. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе имарат квартал ішінде орналасып және ғимараттың, корпустың, құрылымның немесе имараттың бір де қасбеті қалалық магистралға шықпаса ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша толық сандар қосылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың реттік нөмірі қабылданады.
19. Ғимараттардың, имараттардың және өзге де құрылымдардың мекенжайларына мынадай міндетті деректемелері: көше атаулары, ғимараттардың, корпустардың немесе құрылымдардың, имараттардың реттік нөмірлері болуы керек.
20. Жер учаскелеріне мынадай міндетті деректемелер: көше немесе шағын ауданның атауы, жер учаскесінің реттік нөмірі кіретін шартты мекенжай болуы керек.
21. Объект мекенжайының құрылымы объектінің түрі мен оның орналасқан жерінің географиялық жағдайымен ғимарат, имарат, жер учаскесі анықталады.
22. Шағын аудандар, өндірістік аумақтар, табиғатты қорғау кешендерінің (тарихи және сәулет ескерткіштерінің жиынтығы) атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері тиісті шағын ауданның, өндірістік аймақтың, табиғатты қорғау кешенінің белгіленген шекараларында объект орналасқан жағдайда объектінің мекенжайына қосылатын болады.
23. Даңғылдың, көшенің (қысқа көше, алаң) атауына қатысты объектінің нөмірленуі Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің көшелері атауларының ресми тізіміне және нөмірленетін объектінің және көше-жол желісі элементтерін оңтайлы ұсынуға сәйкес қысқа көшелердің, жолдардың және алаңдардың атауларын нақтылай отырып, даңғылдардың, көшелердің, қысқа жолдардың, алаңдардың ресми мекенжай сұлбасына сәйкес қабылданады.
24. Ақтөбе облысының қалалары және басқа елді мекендер көшелерінің атауларының ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және Ақтөбе облысының қалалары және басқа елді мекендер даңғылдарының, көшелерінің, қысқа көшелерінің, алаңдардың және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекенжай сұлбасы алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Ақтөбе облысының қалалары және басқа елді мекендер аумағындағы қала құрылысы объектілерін және элементтерін атау, қайта атау туралы, соның ішінде мұрағат материалдарын пайдалана отырып, облыстық ақпараттық жүйе жүргізу негізінде Ақтөбе облысының Мемлекеттік қала құрылысы Кадастрының базасында облыстық ақпараттық жүйе жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар жүргізеді.
25. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың реттік нөмірі сәулет органының облыстық ақпараттық жүйе және қалалық ақпараттық жүйе мәліметтерімен объектінің реттік нөмірін алдын ала келісу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер телімін бөлу бойынша рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді.
Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың реттік нөмірі сәулет органы жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде қаланың бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (жоғалған) жағдайда өзгертілуі мүмкін.
26. Оңтүстіктен солтүстікке қарай құрылыстың үздіксіз үдерісін құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
27. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздіксіз үдерісін құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттарға (үйлерге) реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
28. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға магистралды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.
29. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға ғимараттың қасбеті шығатын болса қала орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі теңмағыналық қасбеті шықса жүргіншіге қаланың орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер ғимараттың бас қасбеті ауланың ішінде болса реттік нөмір ғимарат созылған бойы көше бойынша беріледі.
30. Алаң периметрін құрайтын ғимараттарға реттік нөмір беру орталық жақтан бас магистралдан бастап сағат тілі бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштағы ғимарат қасбетке ие болса және жанасқан көше бойымен ұзындығы едәуір болған жағдайда оны нөмірлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүргізіледі.
31. Қала аумақтарына жаңа құрылыс салуды қалыптастырған жағдайда, осы Қағиданың 26, 27-тармақтарын орындау мүмкін болмаған кезде, осы аумақтарда ғимараттарға (үйлерге) керісінше тәртіпте реттік нөмірлер беруге және нөмірлеуге, яғни, солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізуге жол беріледі.
32. Осы аумақта орналасқан ғимараттар, имараттарды нөмірлеуді жүзеге асыруға қатысты негізгі ғимарат жер учаскесінің аумағында анықталады. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген жіктелуі ескеріліп анықталады.
33. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға, имараттарға, негізгі ғимараттың нөмірі және Қағидаларға сәйкес корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. "корпус" немесе "құрылым" көрсеткілері қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жер учаскесі аумағының функционалдық пайдалануын ескеріп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.
34. Ғимараттарды нөмірлеу бас ғимараттың орналасуын ескеріп, жер учаскесінің аумағына бас кіре берісінен басталады.
35. Жеке немесе заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер учаскесінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерін салған жағдайда корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса әр объектіге реттік нөмір беріледі.
36. Тізбектегі нөмірмен (объектілерді тұрғызу) нөмірленген екі ғимараттың, құрылымның арасында орналасқан ғимараттарды, құрылымдарды нөмірлеуді тиісті объектінің төменгі нөмірін осы Қағидаларға сәйкес әріп немесе бөлшек қосып жүргізу керек.
37. Дербес объектілердің (ғимараттар, имараттар) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негізгі ғимараттың нөміріне қосымша дербес реттік нөмір берілді.
38. Қоршауларды, көпірлерді, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяу жолдарды және осылар тәріздес объектілерді есептемегенде, имараттардың ("негізгі ғимарат" болмаған жағдайда) реттік нөмірі "имар." көрсеткіші мен құрылыс нөмірі қосылып беріледі.
39. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер учаскелеріне аталған жер учаскесінің шегінде салынған ғимаратқа, имаратқа нөмір беріледі.
40. Жер учаскесіне бір жер учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, имараттар, басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, имараттың нөмірі беріледі.
Игерілмеген жер учаскесіне осы Қағидаларға сәйкес қарапайым реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің бірегей реттік нөмірі болуы қажет және жер учаскелеріне реттік нөмір жер учаскелерінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, даңғыл, алаңдар және тағы басқа) қатысты (жапсаржай) негізінде беріледі.
41. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағынан жаңа ғимарат, имарат салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Қағидалардың талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмір беріледі.
42. Қайта тұрғызылған ғимараттың (имараттың) реттік нөмірі және қолданыстағы объектілердің реттік нөміріне өзгерістер енгізу бөлшекті жоспарлау жобасы, облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі деректері негізінде сәулет органымен жүзеге асырылады.
43. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен имараттар үшін реттік нөмірлерді резервілеуге жол беріледі.
5-тарау. Мекен-жай құрылымының стандарты
45. Объектінің мекенжай құрылымы мына талаптарға сай келуі тиіс:
мекенжай деректемелері жазудың қатаң белгіленген тізбектелуі бойынша (жалпыдан меншікке) көрсетіледі;
"мекенжай" терминінен соң ":" (қос нүкте) бөлушіден кейін көрсетілген деректемелерден құралған мәтін бөлігі объектінің мекенжайы болып табылады;
объектінің мекенжайы мемлекеттік, орыс және қажет болған жағдайда басқа тілдерде жазылады;
объектінің мекенжайын жазған кезде қала құрылысы элементінің санатын қысқартып жазуға болады:
аудан - (ауд.);
шағын аудан - (ш. ауд.);
алаң - (ал.);
тас жол - (тас.ж.);
трасса - (тр.);
даңғыл - (даңғ.);
көше - (к-сі);
желекжол - (жел.ж.);
сая жол - (сая.ж.);
өту жолы - (өту.ж.);
қысқа көше - (қыс.к.);
тұйық көше - (тұй.к.);
объектінің мекенжайы жазылғанда қала және әкімшілік ауданның атауы көрсетілген мекенжайды толық мазмұндауға жол беріледі, сондай-ақ қысқартылған түрде: қала (қ.), аудан (ауд.) жазуға жол беріледі;
мекенжайды жазу кезінде қала құрылысы элементінің (шағын ауданы, алаңы, көшесі және тағы басқалар) бекітілген атауы толық көрсетілуі керек.
Мысалы:
мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Хромтау қ-сы, Т.Ахтанов к-сі, 38, 51-пәт.;
мекен-жайы: "Батыс-3" ш.ауд., 12, 32-пәт.;
мекен-жайы: Шернияз к-сі, 31;
45. Қаланың немесе басқа елді мекендердің бірнеше бөліктеріне қатысты бір объектіге бірнеше мекенжайлар беруге жол берілмейді.
6-тарау. Ғимараттар мен имараттардың реттік нөмір көрсеткілерін, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткілерін орнатуға қойылатын талаптар 1. Жалпы талаптар
46 . Ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткілері, көшелер мен шағын аудандардың атаулары үйлер қасбеттерінде мына тәртіппен орнатылады:
1) жаңадан тұрғызылған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезінде:
тапсырыс беруші облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі негізінде ғимаратқа (имаратқа) реттік нөмір беретін сәулет органына өтініш білдіреді және мекенжай беруге жататын объект географиялық бекітілген (ғимарат, имарат) даңғылдың, желек-жолдың, көшенің дұрыс атауын анықтайды;
сәулет органынан алынған мәліметтер негізінде тапсырыс беруші өз қаражаты есебінен алдын ала келісім бойынша сәулет органымен нобайдың жобалау құжаттамасының құрамына шағын ауданның және (немесе) көше көрсеткісін, ғимараттың (имараттың) реттік нөмірінің көрсеткісі ғимараттың (имараттың) реттік нөмірінің көрсеткісін, осы Қағидалар талаптарына сәйкес көше, шағын аудандар атауларының көрсеткілерін дайындау және орнату сәулет органы тілдерді дамыту органымен келісім бойынша жүргізіледі;
2) ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің, көшелер, шағын аудандардың атаулары өзгерген жағдайда ғимараттардың, имараттардың реттік нөмірлерінің тиісті көрсеткілерін, көшелер, шағын аудандар атауларының көрсеткілерін және өзге де көрсеткілерін айырбастауды және орнатуды облыстық және қалалық "Мекенжайлық тіркелім" ақпарат жүйесі мәліметтері негізінде сәулет органы жүргізеді.
47. Ғимараттар, имараттардың, көшелер мен шағын аудандар атауларының реттік нөмірлерінің көрсеткілерін орнату мемлекеттік бюджет қаражаттары, сондай-ақ және инвесторлар қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
48. Қасбеттерінде көрсеткілер орнатылған ғимараттарды (имараттарды) бұзғанда көрсеткінің құны ғимаратты (имаратты) бұзу жөніндегі шығындар құрамына енгізіледі және оның бастамасы бойынша бұзуға жататын ғимарат (имарат) белгіленген тәртіппен меншік иесіне (пайдаланушыға, баланс ұстаушыға және инвесторға) қайтарылады.
49. Көрсеткілер жол белгілері, сыртқы жарнама құралдары және олармен тұстамамен бірге бір тіреуішке орнатылмауы тиіс. Көрсеткілерді бағдаршам тіреуішіне орнатуға жол беріледі.
50. Көрсеткілер тәулік уақытынан тәуелсіз ажыратылуы тиіс.
2. Көше атауларының көрсеткілері
51. Көше атаулары көрсеткілерінің мәтіндері қолданыстағы Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңның талаптарына сәйкес келуі керек.
52. Көше атауларының көрсеткілері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе имарат бұрышынан 25-30 сантиметрге қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде орналастырылады.
53. Көше атауларының көрсеткілері үлгілік нобайына тиісті магистралды жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде орнатылады.
3. Шағын аудандар атауларының көрсеткілері
54. Шағын аудандар атауларының көрсеткілері шағын ауданға жататын және шағын аудандарды шектеп тұратын көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен имараттарға немесе шағын ауданды көшелермен және шағын ауданға шыға берістермен шектеу нәтижесінде пайда болған шартты қиылыстарға орнатылады.
55. Шағын аудандар атауларының көрсеткілері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе имарат бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта қиылыс немесе шартты қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде орналастырылады.
56. Шағын аудандар атауларының көрсеткілері магистралды қозғалысы жылдам және реттелген жолдарға, шағын аудандар атаулары көрсеткілерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық және жалпыаудандық маңызы бар магистралды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде орнатылады.
57. Ғимараттар немесе имараттар қасбеттерінде шағын аудандардың атауларының көрсеткілері орнатылған болса, көше атауларының көрсеткісі белгіленбейді.
4. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткілері
58. Ғимараттың, имараттың реттік нөмір көрсеткісі әрбір ғимараттың және имараттың қасбетіне көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен, жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта орналастырылады.
59. Егер ғимарат, имараттың қасбетінде көше немесе шағын аудан атауының көрсеткісі, ғимарат, имараттың реттік нөмірінің көрсеткісі көше немесе шағын аудан атауының көрсеткісінен кейін көлденең ось бойынша орнатылады.
60. Шағын аудандар мен кварталдар ішінде ғимараттар немесе имараттардың реттік нөмірінің көрсеткілері ғимараттар немесе имараттардың реттік нөмірі көрсеткінің үлгілік нобайына сәйкес жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта, кварталішілік жолға шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінің сол жағына орналастырылады.
5. Көше атауларының бұрыштық көрсеткілері
61. Көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан көшелер (аншлагтар) атауларының бұрыштық көрсеткілері көше қиылыстарында (тоғысуларда) орналастырылады және биіктігі 4 метрден аспайтын металл тіректерде орналастырылады.
7-тарау. Қосымша талаптар
62. Жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмір беру жөніндегі мәліметтер "Мекенжайлық тіркелім" облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі мәліметтер базасында міндетті тіркелуге жатады.
63. Реттік нөмірлер уақытша тұрғыдағы объектілерге, жеке тұлғаның меншігіндегі және (немесе) гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, қалалардың және басқа елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін шаруашылық жапсаржайларға, гараждарға берілмейді.
64. Уақытша тұрғыдағы объектілердің жеке реттік нөмірі жоқ, бірақ анықтамамен жақын орналасқан объектінің тұрақты реттік нөмірімен олардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.
65. Гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, бақ және саяжай (бау) учаскелерінің құрамына енетін, тиісті бақ қоғамын құрайтын гараждардың орналасқан жерін анықтау осы кооперативтерді (қоғамды) басқару органының шешімімен белгіленеді, мұнда әрбір объектіге жеке реттік нөмір беріледі. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмірлерді беруді сәулет органдары жүзеге асырады.
66. Ұйымдармен әзірлейтін және шығаратын объектілердің реттік нөмірлері туралы мәліметтерді құжаттарда толтырғанда жер учаскелерінің, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерін өз еркімен жазуға тыйым салынады.
67. Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнамасы және осы Қағидалардың талаптары бұзылып ғимараттар мен имараттар қасбеттерінде орнатылған көрсеткілер тапсырыс берушімен алынып тастауға жатады.
68. Ғимараттар мен имараттар иелері (баланс ұстаушылар) ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірі көрсеткілерінің, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілері түзетілген жағдайда ұстайды.
Ескерту. 68 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.01.29 № 30 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
69. Көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткілері, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірі көрсеткілері қатардан шыққан, жоғалған, зақым келген, ескірген жағдайда меншік иелері (баланс ұстаушылар) ауыстыруы қажет.
70. Ғимараттар мен имараттар иелері (баланс ұстаушылары) көрсеткілер орнатылған объектіге, көрсеткілерді орнатуды, ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 70 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.01.29 № 30 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4-бөлім. Қорытынды ережелер
71. Осы Қағидаларда қамтылмаған қатынастар қолданыстағы заңнамамен реттеледі.