Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2007.10.12 N 196 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабындағы 1-тармағының 21-4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының ақпараттандыру мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабындағы 4-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының Мекен-жайлық тіркелімінде тіркеу тәртібі және мекен-жай құрылымы туралы ережелер қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Ғ. Баталовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің м.а. В. Долженков
Алматы облысы әкімдігінің
2007 жылғы 28 мамырдағы
"Алматы облысының Мекен-жайлық
тіркелімінде тіркеу тәртібі
және мекен-жай құрылымы
туралы ережелерін бекіту
туралы" N 115 қаулысымен
бекітілген
қосымша
Алматы облысының Мекен-жайлық тіркелімінде тіркеу тәртібі және
мекен-жай құрылымы туралы ережелер
1 . Жалпы ережелер
1. Алматы облысының Мекен-жайлық тіркелімінде тіркеу тәртібі және мекен-жай құрылымы туралы осы ережелер (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарының талаптарына сәйкес Алматы облысының Мекен-жайлық тіркелімнің мекен-жай құрылымын және құрамын тіркеудің бірыңғай ережесі (бұдан әрі - Мекен-жайлық тіркелім) мен оны енгізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережелерінің қызметі Алматы облысындағы барлық меншік нысандарының жылжымайтын мүлік объектілері туралы мекен-жайлық ақпараттың барлық түрлеріне таралады.
3. Жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне Алматы облысы аумағында бірегей мекен-жай атауы беріледі. Жылжымайтын мүліктің заңды мекен-жайы (бұдан әрі - мекен-жайы) мекен-жай беру немесе өзгерту процедуралары жүргізілгеннен кейін Мекен-жайлық тіркелімде тіркелген мекен-жай болып табылады.
4. Мекен-жайлық тіркелім Алматы облысында жеке меншік объектілерінің мекен-жайлары туралы деректерінің электронды өкіметтің бірыңғай сәулет, мемлекеттік ақпараттық ресурстары және ресми қайнар көзінің құрамдық бөлігі болып табылады.
5. Мекен-жайлық тіркелімді құру және мекен-жайлар берудің бірыңғай тәртібін енгізудің негізгі мақсаттары:
жылжымайтын мүлікті пайдаланудың әр кезеңінде қайтадан салынған, жаңартылған және пайдаланымға берілген объектілердің мекен-жайларының бір ортаға бағынған есебін қамтамасыз ету;
Мекен-жайлық тіркелімде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісі мекен-жайының орналасу орнына сәйкестігін қамтамасыз ету;
объектілердің мекен-жайлары туралы мәліметтермен ақпараттық қамтамасыз ету үшін негіз құру болып табылады.
6. Қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдары жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жайлар беру және Мекен-жайлық тіркелімде оларды тіркеуді, елді мекендердің кезекші мекен-жайлық жоспарларын жүргізуді, елді мекенде мекен-жайлар туралы ақпараттар беруді жүзеге асырады.
2. Осы Ережелерде қолданылатын негізгі түсініктер
7. Мекен-жай - Алматы облысының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, ғимараттың, имараттың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің белгіленген құрылымдық сипаттамасы.
8. Мекен-жайлық тіркелім - мекен-жайлар және мекен-жайлар элементтерінің, сондай-ақ олардың есеп жүйелері жазуының жиынтығы.
9. Мекен-жайларды жою - Мекен-жайлық тіркелімнен жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайы туралы жазуды шығару.
10. Жылжымайтын мүліктің туынды объектісі - азаматтық құқықтың дербес объектісі (пәтер, тұрғын және тұрғын емес орын-жай, соның ішінде салынған және жалғай салынған) болып табылатын жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісінің кеңістік бөлігі.
11. Геоним - көшелер, алаңдар, сызықтар, саяжолдар, желекжолдар, жолдар, жағалаулар, қысқа көшелер, даңғылдар, өту жолдар және тағы басқа атаулар үшін, яғни аталған қала құрылысы объектілері жөніндегі жалпылама түсінік.
12. Жер учаскесі - белгіленген Жер Кодексі тәртібімен жер қатынастары субъектілеріне бекітілген тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі.
13. Ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үдерісті орнатуға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы басқаларын орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
14. "Мекен-жайлық тіркелім" ақпаратты жүйесі - Алматы облысы аумағында жылжымайтын мүліктің тіркелген объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратпен, әкімшілік-аумақтық бірліктер туралы ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпаратты жүйе.
15. Кадастрлық нөмір - белгіленген заңнама бойынша үдеріске сәйкес берілетін және жер учаскесі біртұтас болып тұрған кезде ғана сақталатын Қазақстан Республикасы аумағында қайталанбайтын жер учаскесінің жеке коды.
16. Объектінің реттік нөмірі - объектінің мекен-жай құрылымының элементі: атауы (көше, шағын аудан және басқалар) бар объектілерге берілетін әріптер және (немесе) бөлшектер қосылу мүмкіндігімен бірізділік цифрдан тұратын объектінің жай нөмірі.
17. Жылжымайтын мүлік объектілері - жермен тығыз байланысты жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және басқа мүліктер, яғни оларды тағайындаудың мүмкін емес мөлшерсіз залалы болатын ауыстырушылық объектілер.
18. Жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі - жер учаскесі, ғимарат, құрылыс.
19. Мекен-жайлық тіркелім - жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын белгілейтін құжаттардан мәліметтер құрайтын жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайы және мекен-жай элементі туралы жазуды Мекен-жайлық тіркелімге енгізу, сондай-ақ "Мекен-жайлық тіркелім" ақпаратты жүйеге енгізу жөніндегі әрекеттер жиынтығы.
20. Өңір - бұл Қазақстан Республикасы әкімшілік- аумақтық құрылысына сәйкес құрылатын және басқарылатын бірнеше елді мекендерді енгізетін республика аумағының бөлігі.
21. Құрылыс - табиғи және жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты) объект. Құрылыс, сондай-ақ құрылыс көркемдік- эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін.
22. Мекен-жай элементі - аумақта жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу жерін сипаттайтын реквизит.
3. Мекен-жайлық тіркелімді енгізудің ережесі
23. Мекен-жайлық тіркелім Алматы облысының барлық аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайлары және мекен-жайлар элементтері туралы мәліметтерді құрайтын жазулар жиынтығы болып табылды.
24. Әрбір мекен-жай объектісінде Алматы облысының барлық аумағында мекен-жай объектісінің орналасқан жері туралы мәліметтерді құрайтын және уақытында өзгертілмеген жазулар жүйесінің бірегей нөмірі болады.
25. Мекен-жайлық тіркелімді жүргізу келесі процедуралардың біртұтас жүйесін құрайды:
мекен-жай немесе мекен-жай элементтерін тіркеу;
мекен-жайлар, мекен-жай атауын қайта беру элементтері сияқты өзгерістерді тіркеу;
мекен-жайлар немесе мекен-жайлар элементтерін жоюды тіркеу;
ақпараттарды сақтау;
Мекен-жайлық тіркелімнен ақпаратты беру.
26. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайлары және олардың өзгеруі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері негізінде Мекен-жайлық тіркелімде тіркеледі.
27. Мекен-жайлық тіркелімнің міндетті реквизиттерінің тізімдемесі келесі ақпараттарды:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жай мәртебесін, тіркеу нөмірін және есептік нөмірін;
осы Ережелерінің 4 бөлімінің 29 тармағына сәйкес белгіленген құрылымның мекен-жайын;
жылжымайтын мүлік объектісінің түрлерін және оның функционалдық тағайындалуын;
мекен-жайды (құжат түрі, оның нөмірі, мерзімі) тіркеудің негізі туралы мәліметтерді құрайды.
28. Мекен-жайлық тіркелімнің жазуы "Мекен-жайлық тіркелім" ақпараттық жүйесінде электронды түрде жүргізіледі, қажеттілігіне қарай ақпаратты қағазда шығарумен Мекен-жайлық тіркелімнің мұрағаты мекен-жайды анықтауда немесе атау беруде басталған, деректердің және істердің электронды базасының қосалқы көшірмелері түрлерінде жүргізіледі.
4. Мекен-жайлар түрлері және жылжымайтын мүлік объектісіне
мекен-жай берудің жалпы тәртібі
29. Жылжымайтын мүлік объектілеріне (мекен-жай мәртебесіне) берілген мекен-жайлардың алдын ала және тұрақты түрлері бар.
30. Алдын ала мекен-жай:
пайдалануға қабылданбаған салынып жатқан (қайта жаңартылған) ғимараттарға, құрылыстарға (күрделі құрылыс объектілеріне) және олар орналасқан жер учаскесіне;
мемлекеттік және муниципалды қажеттіліктер үшін кейінге сақталған немесе құрылыс салу үшін берілген құрылыс салынбаған жер учаскелеріне;
босатуға жататын стационарлық емес (мобилді) құрылыстарға және жер учаскелеріне, сондай-ақ осындай учаскелерде орналасқан барлық құрылыстарға;
белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлік объектісіне жекеменшік құқығын ресімдегенге дейін жылжымайтын мүлік объектілеріне беріледі.
31. Тұрақты мекен-жай:
олар орналасқан босатуға жатпайтын ғимараттарға, құрылыстарға және жер учаскелеріне;
белгіленген заңнамалық тәртіппен оларға меншік құқығын ресімдегеннен кейін жылжымайтын мүлік объектілеріне беріледі.
5. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жай беру
32. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жай беру тәртібі облыстың жергілікті атқарушы органдар бекіткен жер учаскелеріне, ғимараттарға және құрылыстарға реттік нөмір беру, талаптарды белгілеу, елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру Ережелеріне негізделген.
33. Мекен-жайлық тіркелімде жылжымайтын мүлік объектісіне алдын ала мекен-жай беру жағдайында алдын ала мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне мекен-жай беру туралы жазу жүргізіледі.
34. Мекен-жайлық тіркелімде жылжымайтын мүлік объектісіне тұрақты мекен-жай беру жағдайында тұрақты мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне мекен-жай беру туралы жазу жүргізіледі.
35. Жылжымайтын мүлік объектісін мекен-жайда пайдаланымға енгізілген және алдын ала мекен-жай берудің бұрын өткен процедурасы, егер мекен-жай алдын аладан тұрақтыға өзгертілмей қалса, Мекен-жайлық тіркелімде мекен-жай мәртебесі жүргізіледі немесе алдын ала мекен-жайды жоюмен жаңа мекен-жай беріледі.
6. Елді мекендердің жылжымайтын мүлік объектілерінің,
геонимдері және мекен-жайларының атауларын жою
36. Облыстың жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық кесімнің) негізінде елді мекендер және геонимдер атауларын жою келесі жағдайларда:
кент, ауыл (село), селолық округ өзгергенде және ыдырағанда;
елді мекенді және геонимді қайта атау кезінде жүргізіледі.
37. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайларын жою келесі жағдайларда:
аудандық (қалалық) атқарушы органдардың деректері негізінде ғимараттарды, құрылыстарды, құрылыстарды құлатқанда (бұзғанда);
жаңа кадастрлық немесе есептік нөмірмен бірыңғай жер учаскесіне жылжымайтын мүліктің екі және аралас объектілерін бірлестіру және (немесе) объектіні дербес бөлікке бөлгенде жылжымайтын мүліктің жаңа объектісін құрғанда;
құрылыс аумағын реттеумен байланысты жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірленуі өзгергенде жүргізіледі.
38. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын жою кезінде Мекен-жайлық тіркелімде мекен-жайды тіркеу туралы жазу жойылды" жағдайында мерзімі және негізі көрсетіле отырылып жойылды" жағдайымен белгіленеді.
39. Мекен-жайлық тіркелімнен геонимдер және мекен-жайлар атауларын шығару жылжымайтын мүліктің жаңа объектілеріне мекен-жай беру және жаңа геонимдерді атауда қайта қолданыла алады.
7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын өзгерту
(мекен-жайларды өзгерту)
40. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын өзгерту себептері:
облыстың жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық кесімнің) негізінде елді мекендерді немесе геонимдерді қайта атау;
жылжымайтын мүлік объектілерін дербес бөліктерге бөлу;
жылжымайтын мүліктің екі және аралас объектілерін бірлестіруде жылжымайтын мүліктің жаңа объектісін құру;
салынған аумақты реттеу;
Алматы облысы аумағында нақты орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайына және көрші объектілерге берілген мекен-жайларға сәйкес емес құжаттарын сараптау нәтижесінде анықтау;
басқа да себептер болуы мүмкін.
41. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайларын өзгерту Мекен-жайлық тіркелімде тіркеледі, сонымен қатар:
жылжымайтын мүлік объектісінің ескі мекен-жайын жою;
жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа мекен-жай беру жүргізіледі.
8. Мекен-жайлық тіркелімде мекен-жайлар беруде және оларды
тіркеуде атқарушы органдардың қызметі
42. Қалалардың, аудандарының атқарушы органдары:
тілдерді дамыту бөлімдері жергілікті атқарушы органдармен бекітілген, Алматы облысы аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу Ережелер негізінде Мекен-жайлық тіркелімде геонимдер атауын және қайта атауын тіркеуді жүргізеді;
сәулет бөлімдері жер телімдері, ғимараттар және құрылыстардың реттік нөмірлерін тіркеуді жүргізеді және өз әзірінде Мекен-жайлық тіркелімде мекен-жайлық деректердің толықтығын, нақтылығын қамтамасыз етеді.