Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2010.05.04 N 13/16 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20 баптарына , Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 318 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінге ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2007 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
3. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері:
1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру пункттеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс-шараларды қабылдасын;
3) шақыру (жинау) пункттерін жабдықтауды, дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтуды қамтамасыз етсін;
4) қызмет көрсететін медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаменті (Шайдаров М.З.) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрігер - мамандар және орта медициналық қызметкерлермен толықтырсын, облыстық жиналу пунктінің базасында шақырылғандарды адам иммунитеті тапшылығы вирусіне тексеру және бақылау флюорографиялық тексеруін ұйымдастырсын.
5. Қарағанды облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Хамитов Т.Н.) облыстық жиналу пункті бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз етсін.
6. Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне (Қожахметов Қ.О. - келісім бойынша):
1) қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқармалары және бөлімдерімен бірлесе отырып шақыру пункттерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жиналу пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан тұлғалардың жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
7. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Аманов Б.Р. - келісім бойынша) облыстық жиналу пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Қарағанды облысының спорт және дене шынықтыру басқармасы (Жарылғапов Н.Ғ.) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдермен бірлесе отырып әскери-патриоттық және тәрбиелік шараларды жүзеге асыру үшін шақырылғандардың әскери-спорттық жиындарын өткізсін, соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен, әскери қызметшілермен кездесулерді ұйымдастырсын.
9. Қарағанды облысының мәдениет департаменті (Омарбекова Р.К.) шақырылғандарды салтанатты шығарып салу күндері көркемөнерпаз және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті (Ибадилдин Ж.И.) шақыруды өткізумен байланысты іс шараларды өткізу үшін облыстың тиісті ұйымдар және мекемелермен қажетті шарттар жасасын, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырсын.
11. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне (Дарманқұлов М.И. - келісім бойынша) шақыру аяқталған соң облыс әкіміне оның қорытындылары туралы ақпарат тапсыру ұсынылсын.
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Ержановқа жүктелсін.
13. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі Н. Нығматулин
Келісілді
Қарағанды облысының қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің бастығы
М.И. Дарманқұлов
Келісілді
Қарағанды облысының ішкі істер
департаментінің бастығы
Қ.О. Қожахметов
Келісілді
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының
Қарағанды облыстық телекомуникациялар
дирекциясының бас директоры
Б.Р. Аманов
Қарағанды облысы әкімдігінің
2007 жылғы 15 мамыр
N 10/04 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссия құрамы:
Дарманқұлов - Қорғаныс істері жөніндегі
Мұрат Ильтайұлы департаментінің бастығы -
комиссия төрағасы;
Ибадилдин - Қарағанды облысының жұмылдыру
Жұмамәді дайындығы, азаматтық қорғаныс,
авариялар мен дүлей апаттардың
алдын алуды және жоюды
ұйымдастыру департаментінің
директоры - комиссия төрағасының
орынбасары;
Шинкарук - Қорғаныс істері жөніндегі
Галина Васильевна департаментінің облыстық
медициналық комиссиясы
медбикесі - комиссия хатшысы;
Комиссия мүшелері:
Әуезов - Қорғаныс істері жөніндегі
Әміржан Таңатарұлы департаментінің шақыру
басқармасы бастығының орынбасары
- медициналық комиссия төрағасы
- дәрігер (келісім бойынша);
Вощенкова - Денсаулық сақтау департаменті
Тамара Анатольевна директорының бірінші орынбасары
Лепеха - Ішкі істер департаменті
Игорь Викторович бастығының орынбасары
(келісім бойынша);