Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2011.03.25 N 10/04 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсаны аралығында мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды басқаруды үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру үшін облыстық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
3. Қалалар мен аудан әкімдіктері:
1) қалалық және аудандық шақыру комиссияларын құрсын;
2) шақыру комиссияларының жұмысын қамтамасыз ету және мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың шақыру учаскелеріне ұйымдасқан түрде келулері жөніндегі қажетті іс шаралар қабылдасын;
3) шақыру пунктін (шақыру учаскелері) жабдықтауды, дәрі-дәрмекпен, құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен, автомобиль көлігімен қамтуды, сондай-ақ байланыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
4) қызмет көрсететін медициналық және техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы (Е.Ә. Әбілқасымов) қалалық және аудандық медициналық шақыру комиссияларын дәрігер – мамандар және орта медициналық қызметкерлермен толықтырсын, облыстық жинау пунктінің базасында шақырылғандарды адам иммунитеті тапшылығы вирусіне тексеру және бақылау флюорографиялық тексеруін ұйымдастырсын.
5. Қарағанды облысының ішкі істер департаменті (Н.А. Рахымберлин - келісім бойынша) өз құзырының шеңберінде:
1) қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басқармалары және бөлімдерімен бірлесе отырып шақыру учаскелерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жинау пунктінде тәртіпті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
2) әскери міндетін орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру;
3) әскери қызметке шақырудан бас тартқан тұлғалардың жеткізілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті (Т.Н. Хамитов - келісім бойынша) облыстық жинау пункті бөлмелерінің санитарлық жағдайын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының Қарағанды облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (Б.Р. Аманов) облыстық жинау пунктінде байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Ішкі саясат басқармасы (Г.Х. Қаңтарбекова), Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы (Е.Б. Халилин) қорғаныс істері жөніндегі басқармалар және бөлімдермен бірлесе отырып соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлерімен кездесулер өткізумен әскери-патриоттық сипаттағы тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері және әскери құрамаларына шақырушылардың командаларын аттандыру кезінде спорт ұжымдарының көрсетілімдерін өткізсін.
9. Қарағанды облысының мәдениет басқармасы (Р.К. Омарбекова) шақырылғандарды салтанатты шығарып салу күндері көркемөнерпаз және шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуін ұйымдастырсын.
10. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы (Ж.И. Ибаділдин) шақыруды өткізумен байланысты іс шараларды өткізу үшін облыстың тиісті ұйымдар және мекемелермен қажетті шарттар жасасын, олардың орындалуы үшін бақылауды жүзеге асырсын.
11. Қарағанды облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (Т.Б. Амангелдиев - келісім бойынша) шақыру аяқталған соң облыс әкіміне оның қорытындылары туралы ақпарат тапсыру ұсынылсын.
12. Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын (2 қосымшаға сәйкес).
13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаевқа жүктелсін.
14. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.
Қарағанды облысының
әкімі С. Ахметов
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау Комитетінің Қарағанды облысы
бойынша департаментінің
директоры
Т.Н. Хамитов
2010 жыл 25 сәуір
Қарағанды облысының қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің бастығы
Т.Б. Амангелдиев
2010 жыл 26 сәуір
Қарағанды облысының ішкі істер
департаментінің бастығы
Н.А. Рахымберлин
2010 жыл 26 сәуір
Қарағанды облысы әкімдігінің
2010 жыл 04 мамырдағы
"2010 жылы азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы"
N 13/16 қаулысына
1-қосымша
Облыстық шақыру комиссия құрамы
Амангелдиев - қорғаныс істері жөніндегі
Талғат Бекмұратұлы департаментінің бастығы–
комиссия төрағасы
Ибаділдин - жұмылдыру дайындығы
Жұмамәді Ибаділдәұлы азаматтық қорғаныс,
авариялар мен дүлей
апаттардың алдын алуды
және жоюды ұйымдастыру
басқармасының бастығы-
комиссия төрағасының
орынбасары
Шинкарук - қорғаныс істері жөніндегі
Галина Васильевна департаментінің облыстық
медициналық комиссия
медбикесі - комиссия
хатшысы
Комиссия мүшелері
Әуезов - қорғаныс істері жөніндегі
Әміржан Таңатарұлы департаментінің шақыру
басқармасы бастығының
орынбасары – медициналық
комиссия төрағасы–
дәрігер (келісім бойынша)
Бөлекбаев - ішкі істер департаменті
Берік Сейітханұлы бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Сәдуақасов - денсаулық сақтау
Төлеген Мергенұлы басқармасы бастығының
орынбасары
Қарағанды облысы әкімдігінің
2010 жыл 4 мамырдағы
"2010 жылы азаматтарды
мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізу туралы"
N 13/16 қаулысына
2-қосымша
Күші жойылған қаулылар тізімі:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы "2009 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 12/06 қаулысының (Қарағанды облысының әділет департаментінде 2009 жылғы 27 мамырда N 1867 тіркелді; 2009 жылғы 2 маусымдағы "Орталық Қазақстан" газетінің N 81, 2009 жылғы 2 маусымдағы "Индустриальная Караганда" газетінің N 62 номерлерінде жарияланды);
2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 15 мамырдағы "2007 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 10/04 қаулысының (Қарағанды облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 7 маусымда N 1829 тіркелді; 2007 жылғы 16 маусымдағы "Орталық Қазақстан" газетінің N 92-93, 2007 жылғы 16 маусымдағы "Индустриальная Караганда" газетінің N 70 номерлерінде жарияланды);
3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі "2006 жылы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 20/02 қаулысының (Қарағанды облысының әділет департаментінде 2006 жылғы 20 қазанда N 1820 тіркелді; 2006 жылғы 26 қазандағы "Орталық Қазақстан" газетінің N 211-212, 2006 жылғы 26 қазандағы "Индустриальная Караганда" газетінің N 128 номерлерінде жарияланды).