Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңының 11 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 қарашадағы XL сессияның "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" N 5 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiндегі тіркелген нөмірі - 8-1-44, "Взгляд на события" газетінде 2006 жылдың 29 қарашасында N 60 (176) жарияланған):
1) 2006 жылғы 1 қарашадағы N 5 шешімге қосымшасындағы 1), 2), 3), 4) тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрайымы Оспанова Қадиша Базарбайқызы).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың
кезекті LІІ сессиясының төрайымы Е. Сарсембаева
Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов