ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 қарашадағы ХL сессияның "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" N 5 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының III шақырылған LII сессиясының 2007 жылғы 18 шілдедегі N 13 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы әділет басқармасында 2007 жылғы 10 тамызда N 8-1-57 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011 жылғы 12 мамырдағы N 2-9/224 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды қалалық мәслихат хатшысының 2011.05.12 N 2-9/224 хатымен).

     Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" Заңының 11 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 1 қарашадағы XL сессияның "Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" N 5 шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін (нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiндегі тіркелген нөмірі - 8-1-44, "Взгляд на события" газетінде 2006 жылдың 29 қарашасында N 60 (176) жарияланған):
      1) 2006 жылғы 1 қарашадағы N 5 шешімге қосымшасындағы 1), 2), 3), 4) тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
       2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрайымы Оспанова Қадиша Базарбайқызы).
       3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ІІІ шақырылған қалалық мәслихаттың
      кезекті LІІ сессиясының төрайымы           Е. Сарсембаева

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Қ. Бексұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады