Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.07.30 N 32/259 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-52, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 104 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы N 90-91 санында жарияланған), қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 27 маусымдағы N 44/430 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімімен өзгеріс енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі – 8-4-79, "Балқаш өңірі" газетінің 2007 жылғы 20 шілдедегі N 60 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2007 жылғы 20 шілдедегі N 79-80 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) шешімнің тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидаларын бекіту туралы";
2) 1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидалары бекітілсін (қосымша)";
3) көрсетілген шешіммен бекітілген, Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларында:
тақырыбы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидалары";
кіріспеде "2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949" сөздерінен кейін "қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553" сөздерімен толықтырылсын;
1 тармақтың 5 тармақшасында "тұрғын үйді" сөзі "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына, тұрғын үйді" сөздерімен ауыстырылсын;
2 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2. Тұрғын үй жәрдемақысы осы елді мекенде тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді ұстау, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй ауданының мөлшері шегінде коммуналдық қызметтерді тұтыну, бірақ нақты тұратын жалпы ауданнан, тұрғын үйді ұстаға және коммуналдық қызметтерді тұтыну, сондай-ақ қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы шығындар мөлшерлерінен артық емес отбасы бюджетінде осы мақсаттарға рұқсат етілетін шығындар шегіндегі үлесінен артық болса беріледі.
Коммуналдық қызметтерді тұтыну және тұрғын үйді ұстауды төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегіндегі үлесі отбасының жиынтық табысына 11 пайыз мөлшерде белгіленеді.";
3 тармақтың 2 тармақшасының алтыншы абзацында "облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады" сөздері "Балқаш қаласында қалыптасқан көмір бағасы қолданылады" сөздерімен ауыстырылсын;
3 тармақтың 3 тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3) cуық, ыстық және фекальдық суларды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары және кондоминиум объектісінің мүлкін күрделі жөндеу шығындары басқару нысанына байланыссыз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай), тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.";
4 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну төлемі жалпы негізде жүргізіледі.";
5 тармақта "жоғарыда көрсетілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген тәртіпте тұрғын үй жәрдемақысы механизмі арқылы" сөздері "Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте" сөздерімен ауыстырылсын;
келесі мазмұндағы 5-1 тармағымен толықтырылсын:
"5-1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарының өтемақысы Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте тұрғын үй жәрдемақысы механизмі арқылы жүзеге асырылады.";
7 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7. Жеке меншігінде біреуден көп тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалдайтын (жалға беретін) немесе қосымша жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.";
8 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"8. Күтімге мұқтаж деп танылған, сексен жастан асқан адамдарға және мүгедектерге күтім жасайтын, немесе үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен (біреу және одан да көп), сондай-ақ кіші баланың бірінші сыныпты аяқтауына дейін төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын (бірақ тоғыз жастан аспайтын) адамдарды, кіші бала сегіз жасқа толғанға дейін балаларға және өзіне арналған асыраушысынан айрылғандығы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды есепке алмағанда, отбасылардың, егер оларда, жұмыс істемейтін, оқудың күндізгі нысаны бойынша оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы болып табылмайтын еңбекке қабілетті адамдар бар болса тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.";
10 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"10. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарының сомасынан және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы, коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді ұстау үшін нақты есептелген соммасынан артылуы мүмкін емес."
келесі мазмұндағы 10-1 тармағымен толықтырылсын:
"10-1. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген сома туралы мәліметтер уәкілетті органның сұранымы бойынша қызмет көрсетушілермен қағаз немесе электрондық тасығыштарда, не жеке тұлғалармен қағаз тасығыштарда беріледі.";
11 тармақтың бірінші абзацы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі.
Қолма-қол ақысыз нысаны – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең сомасына коммуналдық қызметтер және тұрғын үйді ұстау үшін төлемді азайту. Тұрғын үй жәрдемақысының соммасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.";
15 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"15. Коммуналдық қызметтерге тарифтер мен ставкалардың және коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді ұстауды төлеуге отбасының рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі өзгерген жағдайда тиісті өзгерістер болған сәттен бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылардың қайта есептеуі жүргізіледі.";
17 тармақтың 3 тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"3) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі (ордер, жекешелендіру туралы шарт, сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мұраға құқық туралы куәлік, жалдау (жалға беру) шарты, тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы сот шешімі және басқалар);";
17 тармақтың 7 тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"7) тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер үшін төлегені жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);";
20 тармақта келесі мазмұндағы екінші сөйлем алынып тасталсын:
"Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады.";
"ол" сөзінен кейін "келісім-шартқа тіркеліп және" сөздерімен толықтырылсын;
22 тармақта "тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалану" сөздері "тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына" сөздерімен ауыстырылсын;
32 тармақтың 1 тармақшасының оныншы абзацында "төлеген несие" сөздері "төлеген, өтелінген несиелер, кредиттер" сөздерімен ауыстырылсын;
"несиені өтеудің" сөздері "кредитті, несиені өтеудің" сөздерімен ауыстырылсын;
32 тармақтың 2 тармақшасының оныншы абзацы келесі мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде оқытудың күндізгі нысаны ақылы негізде шәкіртақы алмай оқитын студенттерге, студентпен ерікті мәлімделген табысы, жиынтық табыста ескеріледі.";
35 тармақтың 4 тармақшасы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Салық комитетінде тіркелген, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдардың табысы, азаматтармен жазбаша өтiнiш және салық комитетінің анықтамасымен расталады.";
37 тармақ алынып тасталсын;
42 тармақ келесі мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"қамқорлыққа алғандығы рәсімделген балаларға алимент төлеуден бас тартқан (қамқорлыққа алғандағы туралы құжатты тапсырғанда);";
54 тармақтың 13 тармақшасында келесі мазмұндағы абзац алынып тасталсын:
"Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.";
1, 2, 3 қосымшаларындағы "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларына" сөздері "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидалары" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Е.Қ. Баймағанбетов).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы Г. Ахрименя
Қалалық мәслихаттың хатшысы И. Сторожко
"КЕЛІСІЛДІ"
Қала әкімі Тейлянов Қ.Г.
12 желтоқсан 2007 жыл
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Адамова Қ.Қ.
12 желтоқсан 2007 жыл
Қаржы бөлімінің
меңгерушісі Томпиева Ж.Қ.
12 желтоқсан 2007 жыл