Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2006 жылғы 29 қарашадағы N 37/352 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласы Әділет басқармасында 2006 жылғы 14 желтоқсанда N 8-4-52 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі N 32/259 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010.07.30 N 32/259 шешімімен.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидалары бекітілсін (қосымша)
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      2. Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 15 маусымдағы N 34/326 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларын бәру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы беру Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу нөмірі - 8-4-40, "Балқаш өңірі" газетінің 2006 жылғы 14 шілдедегі N 58 санында, "Северное Прибалхашье" газетінің 2006 жылғы 14 шілдедегі N 43-44 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, адам құқығын қорғау, әлеуметтік сала бойынша тұрақты комиссиясына (Баймағанбетов Е.К.) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы                            А. Омарова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Л. Коробейникова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қала әкімінің
      орынбасары                                 Тукбаева Л.М.
      27 қараша 2006 жыл

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Адамова К.Қ.
      27 қараша 2006 жыл

      Қаржы бөлімінің
      меңгерушісі                                Томпиева Ж.Қ.
      27 қараша 2006 жыл

Қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 29 қарашадағы
N 37/352 шешімімен
бекітілген

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру Қағидалары

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен; өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерiнің арттырылуына өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 2004 жылғы 9 қыркүйектегі N 949 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      Осы Қағидаларда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) жәрдемақыны беру жөнiндегi уәкілеттi ұйым – екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар;
      2) жиынтық табыс – отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы соммасы;
      3) отбасы – заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстықтан, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар тобы;
      4) өтініш беруші (жеке тұлға) – жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші);
      5) тұрғын үй жәрдемақысы – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы;
      6) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – қаланың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысы осы елді мекенде тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді ұстау, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй ауданының мөлшері шегінде коммуналдық қызметтерді тұтыну, бірақ нақты тұратын жалпы ауданнан, тұрғын үйді ұстаға және коммуналдық қызметтерді тұтыну, сондай-ақ телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы шығындар мөлшерлерінен артық емес отбасы бюджетінде осы мақсаттарға рұқсат етілетін шығындар шегіндегі үлесінен артық болса беріледі.
      Коммуналдық қызметтерді тұтыну және тұрғын үйді ұстауды төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегіндегі үлесі отбасының жиынтық табысына 8 пайыз мөлшерде белгіленеді.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.06.27 N 44/430 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау

      3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
      1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
      2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
      газ:
      газ плитасымен жабдықталған үйлерде, орталықтандырылған ыстық су болған жағдайда - айына 8 килограмм;
      газ плитасымен жабдықталған үйлерде, орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда – айына 10 килограмм;
      қатты отын:
      1 шаршы метр алаңды жылытуға – 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм, (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 9 тонна көмірден артық болмауы тиіс. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы Балқаш қаласында қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;
      отбасына электр қуатын тұтыну нақты шығындар бойынша, артық болмауы тиіс:
      газ плитасымен жабдықталған үйлерде - 150 киловатт;
      электр плитасымен жабдықталған үйлерде – 250 киловатт.
      3) cуық, ыстық және фекальдық суларды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары және кондоминиум объектісінің мүлкін күрделі жөндеу шығындары басқару нысанына байланыссыз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай), тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну төлемі жалпы негізде жүргізіледі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      5. телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтемақы белгіленеді.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      5-1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарының өтемақысы Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте тұрғын үй жәрдемақысы механизмі арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.

3.Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау және төлеу тәртібі

      6. Тұрғын үй жәрдемақылар уәкілетті органмен осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысына құжаттар (өтініш берушінің арызы бойынша) өкілетті органмен немесе халыққа қызмет көрсету орталығымен рәсімделеді.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      7. Жеке меншігінде біреуден көп тұрғын үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалдайтын (жалға беретін) немесе қосымша жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      8. Күтімге мұқтаж деп танылған, сексен жастан асқан адамдарға және мүгедектерге күтім жасайтын, немесе үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен (біреу және одан да көп), сондай-ақ кіші баланың бірінші сыныпты аяқтауына дейін төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен айналысатын (бірақ тоғыз жастан аспайтын) адамдарды, кіші бала сегіз жасқа толғанға дейін балаларға және өзіне арналған асыраушысынан айрылғандығы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларды есепке алмағанда, отбасылардың, егер оларда, жұмыс істемейтін, оқудың күндізгі нысаны бойынша оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы болып табылмайтын еңбекке қабілетті адамдар бар болса тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      9. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оған сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
      10. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарының сомасынан және телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуы, коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді ұстау үшін нақты есептелген соммасынан артылуы мүмкін емес.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      10-1. Тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген сома туралы мәліметтер уәкілетті органның сұранымы бойынша қызмет көрсетушілермен қағаз немесе электрондық тасығыштарда, не жеке тұлғалармен қағаз тасығыштарда беріледі.
      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      11. Тұрғын үй жәрдемақысы қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз беріледі.
      Қолма-қол ақысыз нысаны – бұл тұрғын үй жәрдемақысының тең сомасына коммуналдық қызметтер және тұрғын үйді ұстау үшін төлемді азайту. Тұрғын үй жәрдемақысының соммасы коммуналдық қызметтерді жеткізушіге аударылады.
      Қолма-қол нысаны ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеу нысанын таңдау құқығы (қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз) алушыға беріледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      12. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тұрғын үй жәрдемақыларын беру мерзімдері

      13. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген айдан бастап алты айға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
      14. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылар он бес күннің ішінде тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына хабарлауы керек.
      Өтемақының артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған әдейі жалған мәліметтерді бергені үшін меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған сомаларды өз еркімен қайтарады, бас тартқан жағдайда сот арқылы өндіріледі.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      15. Коммуналдық қызметтерге тарифтер мен ставкалардың және коммуналдық қызметтерді, тұрғын үйді ұстауды төлеуге отбасының рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі өзгерген жағдайда тиісті өзгерістер болған сәттен бастап бұрын тағайындалған жәрдемақылардың қайта есептеуі жүргізіледі.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      16. Жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде басқа қалада уақытша тұратындығы тиісті құжатпен куәландырылған отбасының мүшесі есепке алынбайды.

5. Тұрғын үй жәрдемақыларын өтіну және есептеу тәртібі.

      17. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді:
      1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі (ордер, жекешелендіру туралы шарт, сатып алу-сату шарты, сыйға тарту шарты, мұраға құқық туралы куәлік, жалдау (жалға беру) шарты, тұрғын үйге меншік құқығын тану туралы сот шешімі және басқалар);
      4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
      5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың көшірмесі, жалғызілікті алпыс бес жастан асқан адамдарды қоспағанда (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарының анықтамасы, қайтыс болу туралы куәлік және басқалар);
      6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
      7) тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтер үшін төлегені жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
      8) өтініш берушінің телекоммуникация желілерінің абоненті екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
      9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет (жұмыс, оқу қызмет орындарынан анықтама және басқалар);
      10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      18. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      19. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
      20. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол келісім-шартқа тіркеліп және өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      21. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқықты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
      22. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері тұрғын үй жәрдемақысын алушының өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына, тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасы шығындарының мүмкіндік шегіндегі деңгейі мен телекоммуникациялар желісінің абоненттеріне көтерілген тарифтер сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      23. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) уәкiлеттi орган есептейдi.
      24. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      25. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрi - есептi кезең) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлерi есептеледі.
      26. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттағы барлық табысы отбасының жиынтық табысына есептеледі.
      27. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.
      28. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
      29. Орташа айлық жиынтық табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен есептеледі.
      30. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.
      31. Отбасының жиынтық табысында есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) бюджеттік қаражат бойынша бір жолғы көрсететін, мерекелік және мерейтойлық күндерге орай, материалдық көмек;
      6) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      7) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      8) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      9) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      10) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, заттай түрiнде көрсетiлген көмек түрлерi:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      білім беру туралы заңнамаға сәйкес бiлiм беру ұйымдарында көрсетілетін көмек пен тегін тамақтандыру;
      12) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      13) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
      14) оралмандарға, халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі заңнамалық кесімдермен көзделген қаражат:
      тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін жеткізу (оның ішінде малын) жөніндегі шығыстарды өтеуге;
      келген жерінде тұрғын үй сатып алуға және біржолғы жәрдемақы төлеуге;
      15) жергілікті бюджет қаражатынан көрсетілетін жеке санаттағы азаматтарға, ақшалай немесе заттай түрдегі көмек, оның ішінде:
      қала ішінде қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүру жолақысына әлеуметтік көмек;
      азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдер.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      32. Жиынтық табысты есептеу кезiнде отбасының, осы Қағидалардың 31 тармағында көрсетiлгендерден басқа, мынадай түрде алынған табысы есепке алынады:
      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы. Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді;
      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
      жұмыс берушi төлеген, өтелінген несиелер, кредиттер сомасы. Көрсетiлген төлемдер кредитті, несиені өтеудің белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде оқытудың күндізгі нысаны ақылы негізде шәкіртақы алмай оқитын студенттерге, студентпен ерікті мәлімделген табысы, жиынтық табыста ескеріледі.
      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      1, 2 - топтағы жалғызiлiктi, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
      заңдарға және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Қағидалардың 31 тармағының 11 тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
      Ескерту. 32-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      33. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      34. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшерi туралы анықтамалармен расталады.
      35. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түскен табыс есепке алынады:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан.
      Салық комитетінде тіркелген, өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдардың табысы, азаматтармен жазбаша өтiнiш және салық комитетінің анықтамасымен расталады.
      Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      36. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      37. (алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен).
      38. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiр жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      39. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      40. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
      41. Егер төлеушi алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледi (сот орындаушысынан аңықтама берілген жағдайда).
      42. Жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі, егер төлеуші:
      бас еркінен айыру орындарында немесе уақытша қамау орнында болса (түзету мекемесінің алименттер аудармағаны туралы анықтамасын ұсынған жағдайда);
      туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде (стационарларда), емдеу-еңбек профилакторийiнде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
      Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрақты мекен-жайға орналасуға кеткен жағдайда;
      қамқорлыққа алғандығы рәсімделген балаларға алимент төлеуден бас тартқан (қамқорлыққа алғандағы туралы құжатты тапсырғанда);
      наркологиялық диспансердің анықтамасымен немесе уәкілетті органның арнайы комиссияның қорытындысымен расталған, есірткі заттарын, спиртті ішімдіктерді құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты балалары мен басқа да асырауындағыларды ұстаудан жалтарған жағдайда.
      Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.
      43. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алименттi есепке алмай есептеледi.
      44. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      45. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша үш айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
      46. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде гүл өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
      47. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өсiру, мал мен құс ұстау және өсiру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтан алынатын табыс әр отбасы бойынша өтініш берушінің жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі және көлемі жөніндегі мәліметтері негізінде есептеледі.
      48. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкiлеттi орган осы Қағидаларға 123 қосымшалардың негiзiнде есептейдi. Табиғат жағдайы бойынша Қарағанды облысының Балқаш қаласы жартылай шөлейт аймаққа жатады.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      49. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) бір килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.
      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      50. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органының деректері негізінде облыстық уәкiлеттi органмен берілетін орташа жылдық бағалары пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органының деректерiне сәйкес, іске асырған тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша бiр жолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      51. Осы Қағидаларға 2 қосымшаға сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына облыстық статистика органының деректерiне сәйкес, оны сыйлаған немесе іске асырған (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша қосылады.
      Ескерту. 51-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      52. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      53. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде рәсімдейді.
      Ескерту. 53-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      54. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендттер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металлдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металлдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түрiндегi;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегiн (құн түрiнде) қоса алғанда, өзге де мәлiмделген табыс.
      Көрсетiлген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтiнiшпен расталады.
      Ескерту. 54-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімімен.
      55. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      56. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      57. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызметтерді және
телекоммуникация қызметтерін көрсеткені
үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына
өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру
Қағидалары
1 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, килограмм

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған х 4 баған)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 бaған - 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Бидай






Арпа






Қарамық






Жүгерi (жасыл салмағы)






Көп жылдық шөптер






Бiр жылдық шөптер






Картоп






Көкөнiстер






Бақшалар






Шекілдеуік бақтары (алма, алмұрт және басқалары)






Сүйектi жемiс бақтары (өрiк, қара өрiк және басқалары)






Жидек дақылдары






Жүзім






      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, килограмм (литр)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 килограмм өнiмнiң, (1 литр, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2 баған x 4 баған)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5 баған - 3 баған)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)






Eтті iрi қара мал (сиыр еті)






Шошқалар (шошқа еті)






Қойлар, ешкілер ет/жүн






Жылқы (жылқы еті)






Түйе (түйе еті)






Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)






Етті құс (құс еті)






Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызметтерді және
телекоммуникация қызметтерін көрсеткені
үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына
өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру
Қағидалары
2 қосымша

Азық-түлiктiк пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызметтерді және
телекоммуникация қызметтерін көрсеткені
үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына
өтемақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларын беру
Қағидалары
3 қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгi жеке нормативтiк карточкасы

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2007.12.25 N 4/40 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); 2009.11.11 N 24/181 (қолданысқа енгізілу  тәртібін 3-тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

      Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. _______________________________________
      Үйiнiң мекен-жайы _____________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс





Жиыны: бiр тоқсандағы табыс





      200__ж. "__"_________ ____________________________
                             (өтiнiш берушiнiң қолы)
      __________________________________________________
         (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады