"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қаласында бейбіт жиналыстар, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізетін орын болып академик Қ.И. Сәтбаев атындағы даңғыл мен Жеңіс көшелерінің қиылысындағы алаң белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | И. Бралин |
Қалалық мәслихат хатшысы | М. Ковтун |