Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағы және "Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаттары есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қарасу аудандық мәслихатының
екінші сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихатының хатшысы С. Қазиев
КЕЛІСІЛДІ
"Қарасу ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________ Л. Евсюкова