2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру білім беру, мәдениет азаматтық қызметшілеріне белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 29 қаңтарда № 9-13-52 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағы және "Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласының азаматтық қызметшілеріне, қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаттары есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      екінші сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихатының хатшысы              С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарасу ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ Л. Евсюкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады