Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 245/7 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2005 жылғы 4 сәуiрдегi "Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi әлеуметтiк қолдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы" N 110/3 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
осы қаулымен бекiтiлген Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделу жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбi туралы нұсқаулығында:
4-тармағының 2-тармақшасындағы:
"89675" және "44310" деген сандар тиiсiнше "95056" және "46969" деген сандармен ауыстырылсын;
"кейiннен тұтыну бағалар индексiн пайдаланумен" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармағының:
2-тармақшасы "азаматтарды тiркеу кiтабы (көшiрме)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақшасы "азаматтарды тiркеу кiтабы (көшiрме), Бiрыңғай ұлттық тестiлеу сертификатының көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын;
осы қаулымен бекiтiлген Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығының:
14-тармағының 6-тармақшасында "тоқсан сайын" деген сөздер алынып тасталсын.
Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов