Жергілікті деңгейде мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 110/3 қаулысы. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 8 сәуірде N 2985 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі N 245/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 245/7 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылқы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның  27-бабы 1-тармағының 17-тармақшасына сәйкес, облыс мүгедектерiн әлеуметтiк қорғау мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      мүгедектерге санаториялық-курорттық емделу жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбi туралы нұсқаулығы;мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы тағайындау мен төлеу тәртiбi туралы нұсқаулығы бекiтiлсiн.
      2. Облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы мүгедектерге санаториялық-курорттық емделу жөнiндегi жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер мен мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы берудi уақытында қамтамасыз етсiн.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Қалалар мен аудандар әкiмдерi осы қаулыны орындау жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
      3-1. Осы қаулының 1, 2, 3-тармақтары 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 237/6 қаулысымен.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Р.М. Жұмабековаға жүктелсiн.

      Облыс әкiмi                                Қ. Нұрпейiсов

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң   
2005 жылғы 4 сәуірдегі      
"Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi
әлеуметтiк қолдау жөнiндегi   
кейбiр мәселелер туралы"     
N 110/3 қаулысымен        
бекiтiлдi            

Мүгедектерге санаторлық-курорттық емделу жөнiндегi
жеңiлдiктер, әлеуметтiк төлемдер беру тәртiбi
туралы Нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1 бөлім жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 116/4 қаулысымен;

      1. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару «және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ", 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" заңдары негiзiнде әзiрлендi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Санаторлық-курорттық жолдама және әлеуметтiк
төлемдер алуға құқығы бар мүгедектер санаттары

      2. Санаторлық-курорттық жолдама және әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы бар мүгедектер санаттары:
      1) еңбек жарақатын немесе өндiрiсте жарақат алған мүгедектерден басқа, медициналық мекемелердiң қорытындысы бойынша санаториялық - курорттық емделудi қажет ететiн мүгедектер;
      2) бiреудiң көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектер;
      3) еңбек жарақатын немесе өндiрiсте жарақат алған мүгедектерден басқа, жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқытуға жататын 1, 2, 3 - топтағы мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер.

3. Ұсыну тәртiбi, мөлшерлерi және мерзiмдерi

      3. Нұсқаулықтың 2-тармағы 1)-тармақшасында көрсетiлген санаттағы мүгедектерге санаториялық - курорттық жолдамалар жылына бiр рет берiледi.
      4. Әлеуметтiк төлемдер:
      1) 6.2.256.003. "Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" облыстық бюджеттiк бағдарламасының 101 "Қажет етушi мүгедектерге арналған әлеуметтiк көмектiң қосымша түрлерi" кiшi бағдарламасына сәйкес бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жыл бойы ай сайын Нұсқаулықтың 2-тармағы 2)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн ағымдағы ай үшiн, алғашқы рет өтiнiш бергендерге - өтiнiш берген күннен;
      2) 6.2.256.003. "Мүгедектердi әлеуметтiк қолдау" облыстық бюджеттiк бағдарламасының 105 кiшi бағдарламасына сәйкес жоғары оқу орындарында бiр оқу жылында оқуын төлеу үшiн 95056 теңгеден аспайтын, арнаулы орта оқу орындарында оқуын төлеу үшiн 46969 теңгеден аспайтын құнын жартылай өтеу үшiн бiр жолғы төлем Нұсқаулықтың 2-тармағы 3)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн тағайындалады кейіннен тұтыну бағалар индексін пайдаланумен.
      Осы әлеуметтiк төлемдер қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi ағымдағы айдың 25 күнiне дейiн ұсынған бiрiншi басшылары, бас бухгалтерi және орындаушы растаған тiзiмдер негiзiнде Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасымен екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда алушылардың жеке есеп шоттарына есептеу жолымен төленетiн болады. Тiзiмдер қажеттi құжаттарды қоса берген азаматтардың өтiнiштерi негiзiнде қалыптастырылады, олардың есебi қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнде жүргiзiледi.
      Ұсынған мәлiметтердiң растығы үшiн жауапкершiлiгi қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне жүктеледi.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 237/6 қаулысымен, 2006 жылғы 30 наурыздағы N 116/4 қаулысымен, 2007 жылғы 7 ақпандағы N 36/2 қаулысымен; 2012 жылғы 27 желтоқсандағы N 372/12 қаулысымен.

4. Қажеттi құжаттар тiзбесi

     5. Жоғарыда аталған мүгедектер санаттарына әлеуметтiк төлемдердi және әлеуметтiк көмектiң басқа түрлерiн төлеу үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) Нұсқаулықтың 2-тармағы 1)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн - мүгедектiң өтiнiшi, санаторлық - курорттық емделудiң қажеттiгiн растайтын медициналық мекемеден анықтама, мүгедектiгiн растайтын медициналық-әлеуметтiк сараптама анықтамасының көшiрмесi;
      2) Нұсқаулықтың 2-тармағы 2)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн - жалғызiлiктi мүгедектiң өтiнiшi, жеке сауықтыру бағдарламасына сәйкес мүгедектiң шеттен көмектi қажет ететiндiгiн растайтын медициналық-әлеуметтiк сараптаманың қорытындысы, үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесi қызметкерi немесе қызметi жасаған жалғызiлiктiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы актiсi, азаматтарды тіркеу кітабы (көшірме);
      3) Нұсқаулықтың 2-тармағы 3)-тармақшасында көрсетiлген санаттағылар үшiн - мүгедектiң зейнеткерлiк шоты көрсетiлген өтiнiшi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (СТТН), жеке әлеуметтiк коды (ЖӘК), мүгедектiң оқуына арналған жоғары оқу орны немесе арнаулы орта оқу орнымен екi жақты келiсiмнiң көшiрмесi, мүгедектiгiн куәландыратын медициналық-әлеуметтiк сараптама анықтамасының көшiрмесi, мүгедектi жеке сауықтыру бағдарламасына туралы медициналық-әлеуметтiк сараптама қорытындысының көшiрмесi, азаматтарды тіркеу кітабы (көшірме), Бірыңғай ұлттық тестілеу сертификатының көшірмесі.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2007 жылғы 7 ақпандағы N 36/2 қаулысымен.

5. Есеп және есеп беру

      6. Өтініш беруші қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерін белгілі бір басқа төлемдерді алу құқығын іске асыруға ықпал ететін барлық өзгерістер туралы уақытылы хабардар етеді.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 2009.12.25 N 237/18 қаулысымен.
      7. Нұсқаулықтың 2-тармағының 2) және 3)-тармақшаларында көрсетiлген әлеуметтiк төлемдердi Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасымен төлейтiн болады. Қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi ұсынған тiзiмдерi негiзiнде екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақбанк операцияларыныңжекелеген түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда алушылардың жеке есеп шоттарына есептеу жолымен жүзеге асыратын болады. Қажеттi құжаттар негiзiнде санаторлық-курорттық жолдамалар берiлетiн болады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алынып тасталды.
      Ескерту. 8-тармақ алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Жыл сайын, оқу жылының басына қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына оқу оқитын мүгедек-студенттер және аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы студенттерге ақпаратты және тексеру актiлерiн бередi.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      10. Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы тоқсан сайын, есеп берiлетiн айының 10-на қарай, облыстық бюджеттен қаржыландырылу бойынша төленген сомалары жөнiнде Павлодар облысының қаржы басқармасына есеп бередi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 
2005 жылғы 4 сәуірдегі    
"Жергiлiктi деңгейде мүгедектердi
әлеуметтiк қолдау жөнiндегi 
кейбiр мәселелер туралы"   
N 110/3 қаулысымен бекiтiлдi

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын
отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу
тәртiбi туралы нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

      1. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы (бұдан әрi - Жәрдемақы) тағайындау мен төлеу олардың 18 жасқа толғанға дейiн жүргiзiледi.
      2. Жәрдемақы жәрдемақының басқа түрлерiн алуына байланыссыз тағайындалады және төленедi.
      3. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiнiң Комиссияларымен (бұдан әрi - Комиссия) түскен күнiнен бастап 10 күн iшiнде қаралады.
      4. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш барлық ұсынған құжаттармен, сондай-ақ Жәрдемақы тағайындау туралы шешiмiмен Комиссия хаттамалары алушының жеке iсiнде сақталады.
      5. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, Комиссия өтiнiш берушiнi бас тартылған себебiн көрсетiп жазбаша түрде хабардар етедi.
      6. Өтiнiш берушi қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiн осы немесе басқа әлеуметтiк төлемдердi алу құқығына ықпал ететiн барлық өзгерiстермен таныстырып отыруға мiндеттi.
      7. Жәрдемақы төлемi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Жәрдемақы төлеу жөнiнде дау туған жағдайда, мәселе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгiленген тәртiпте шешiледi.

2. Жәрдемақы тағайындау

      9. Жәрдемақы ата-анасының бiреуi немесе оның орнындағы адамның өтiнiшi бойынша тағайындалады.
      10. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш ата-анасының бiреуi немесе оның орнындағы адаммен жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне берiледi.
      11. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу және оқыту қажетi туғанда жәрдемақы облыстық, қалалық психологиялық-медициналық-
педагогикалық кеңестiң берген қорытындысы негiзiнде бiр жылға тағайындалады және тоқсан сайын төленiп отырады.
      12. Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу және оқыту қажетi туғанын анықтаған күннен бастап, жәрдемақы тағайындау мен төлеудiң мерзiмi бiр жыл болады.
      13. Жәрдемақы тағайындау мен төлеуге мерзiмi бiткенге бiр ай қалғанда мiндеттi түрде құжаттар жаңартылады.
      14. Жәрдемақы тағайындау үшiн мынадай құжаттар ұсыну қажет:
      1) онда банктiң атауы мен есеп шоты көрсетiлген ата-анасының бiрiнiң, немесе оның орнындағы адамның өтiнiшi;
      2) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      3) облыстық, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестiң берген қорытындысы;
      4) дәрiгерлiк-кеңестiк комиссияның хаттама үзiндiсiнiң көшiрмесi;
      5) медициналық-әлеуметтiк сараптама анықтамасының көшiрмесi;
      6) отбасы құрамын растайтын құжат;
      7) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi.
      15. Жәрдемақы бiрiншi рет тағайындалғанда, өтiнiш берген күннен бастап төленедi.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы әкімиятының 2007 жылғы 7 ақпандағы N 36/2 қаулысымен.

3. Жәрдемақы төлеу тәртiбi

      16. Облыс аудандар, қалалар бюджеттерiне жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы жiберетiн мақсатты ағымдағы трансферттер түрiндегi "үйде тәрбиеленiп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн аудандар бюджеттерiне (облыстық маңызы бар қалаларына) мақсатты ағымдағы трансферттер" бағдарламасы бойынша Павлодар облысының бюджетiнiң қаржысы және облыс қалалары мен аудандарының (жанадан тағайындалатын төлемдер бойынша) бюджет қаржысы алушыға материалдық көмектi қаржыландыру көзi болып табылады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiнiң қалалар мен аудандар бөлiмдерiмен есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 1-нен кешiктiрмей жiберiлетiн өтiнiмдерi бойынша олардың есептерiне тоқсан сайын  қаражат аударып отырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Жәрдемақы төлеудi (өткен тоқсан үшiн) қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi тоқсан сайын 6-айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүргiзедi.
      19. Алушылар жалған мәлiметтi ұсынғанның салдарынан артық төленген сомалар кiнәлi адамнан Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте қайтарылып алынады".
       Ескерту. 3 бөлім жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 116/4 қаулысымен.

4. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 4 бөлім жаңа редакцияда - Павлодар облысы әкімиятының 2006 жылғы 30 наурыздағы N 116/4 қаулысымен.

      20. Ұсынған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк қалалық пен аудандық әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерiне жүктеледi.
      21. Облыс қалалары мен аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi әр айдың 3-не қарай облыс жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына үйде тәрбиеленiп және оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн бөлiнген қаржыны пайдалану туралы есеп бередi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар  басқармасына сайын әр айдың 5-не қарай облыстық бюджеттен қаржыландыру бойынша төленген сомалар жөнiнде Павлодар облысының қаржы басқармасына есеп.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 2012.12.27 N 372/12 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады