Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-3)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасының ұйымдарын, теміржол станцияларын, әуежайларын, сондай-ақ физикалық-географиялық объектілеріне атау беру және қайта атау, олардың атауларын транскрипцияларын өзгерту тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының аумағындағы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды жүргізу жөніндегі ереже" бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланымнан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Қ. Нұрпейісов |
Павлодар облысының аумағындағы елдi мекендердiң
құрамдас бөлiктерiне атаулар беру және қайта атау
тәртiбiн, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға
реттiк нөмiрлер беруге қойылатын талаптарды жүргiзу жөнiндегi Ереже
1. Негiзгi ережелер
Павлодар облысының аумағындағы елдi мекендердiң құрамдас бұлiктерiне атаулар беру және қайта атау тәртiбiн, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беруге қойылатын талаптарды жүргiзу жөнiндегi осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 2001 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы", 1997 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Заңдарының талаптарына сәйкес әзiрлендi.Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
мекенжай - жергiлiктi жердегi жылжымайтын мүлiк объектiсi (жер учаскесi, ғимарат, имарат) тұрған жерiнiң белгiленген нысан бойынша құрылымдық сипаттамасы, осы объектiнi оған белгiленген кадастрлық нөмiрге сәйкес анықтайтын ормандар мен көп жылдық көшеттердi, сондай-ақ желiлiк имараттарды, құбыр өткiзiгiштердi, темiр жолдарды, электр қуатын таратушы желiлердi есептемегенде;
аллея - еңбек ету орындарымен, қызмет көрсету мекемелерiмен және кәсiпорындарымен, (сондай-ақ қоғамдық орталықтар шегiнде) демалу орындарымен және қоғамдық көлiктiң аялдама орындарымен жүргiншiлер байланысын қамтамасыз ететiн негiзгi немесе екiншi дәрежедегi жүргiншiлер көшесi немесе жолы;
желекжол - қарсы көлiк ағындары ормансаябақ көшеттерiмен, жүргiншiлер жолдарымен бөлiнген жергiлiктi маңызды көше немесе жол;
кiрiстiрiлген объектiлер - ғимараттың (имараттың) қасбетiн қайта құрусыз және жеке кiрудi ұйымдастырусыз, сонымен бiрге қайта құрылған құрастыру ғимарат (имарат) қасбетiнiң өзгертiлген бөлiгiнiң функционалдық қызметi өзгере алатын ғимараттар мен имараттарда ұйымдастырылған объектiлер;
ғимарат - мiндеттi тұйық жерүстi көлемiн құрайтын көтерушi және қоршаушы құрылымдардан тұратын, функционалдық қызметiне байланысты адамдардың өмiр сүруi немесе тұруына, өндiрiстiк үрдiстердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға және басқа мақсаттарға қолданылатын жасанды құрылыс, ғимараттың жерасты бөлiгi болуы мүмкiн;
инвестор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсiпорынның (өнiмнiң) имидждiк жарнамасын бiр уақытта орналастырумен жеке меншiк немесе басқа жақтан тартылған қаражат есебiнен көше атауларының (басқа да қала құрылысы элементтерiнiң) көрсеткiштерiн және ғимараттардың (имараттардың) реттiк нөмiрлерiн дайындауға және құруға ниет бiлдiрген тұлға;
қала құрылысы элементiнiң санаты - объектiнiң (шағын аудан, ғимарат, имарат, көпiр, көлiк айырымы (сақина), фонтан, шоссе, трасса, даңғыл, көше, желекжол, аллея, өту, қалтарыс, тұйық және басқалары) функционалдық қала құрылысы қызметi мен ерекшелiктерiн сипаттайтын қала құрылысы элементi атауыныұ ажырамас бөлiгi;
квартал - магистральды көшелермен, қалтарыстармен бөлiнбеген құрылыстың құрылымдық элементi;
ландшафттық-рекреациялық аумақ - құрылыс жүргiзiлетiн аумақта саябақтармен, бақтармен және желекжолдармен бiрге орналасқан, ашық кеңiстiктер жүйесiн қалыптастыратын қалалық ормандардан, орман-саябақтардан, орман қорғау аймақтарынан, су қоймаларынан, ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерден және басқа қоныстардан тұратын аумақ;
қозғалысы реттелген магистральды жолдар - жеке бағыттағы және учаскелердегi қала аудандары арасындағы көлiк байланысын, тұрғын құрылыстан тыс болатын жүк қозғалысын басымдылықпен қамтамасыз етуге арналған жолдар; сыртқы автомобиль жолдарына шығуды қамтамасыз етедi, әдетте, бiр деұгейде көшелермен және жолдармен қиылысады;
қозғалысы жылдам магистральды жолдар - өндiрiстiк және жоспарлау аудандар арасындағы жылдамдық көлiк байланысын қамтамасыз етуге арналған, сыртқы автомобиль жолдарына, әуежайларға, жаппай демалудың iрi аймақтарына және қоныстарына шығуды қамтамасыз ететiн жолдар, әр түрлi деңгейлерде магистральды көшелермен және жолдармен қиылысады;
жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелер:
қозғалысы үзiлiссiз - қаланың тұрғын, өндiрiстiк аудандарымен және орталығымен, сондай-ақ басқа да магистральды көшелермен, қалалық және сыртқы автокөлiк жолдарымен көлiктiк байланысты қамтамасыз етуге арналған көшелер, әр түрлi деңгейлерде негiзгi бағыттар бойынша көлiк қозғалысын қамтамасыз етедi;
қозғалысы реттелетiн - қаланың тұрғын, өндiрiстiк аудандарымен және орталығымен, жоспарлау аудандарының орталықтарымен көлiктiк байланысты қамтамасыз етуге арналған көшелер; магистральды көшелер мен жолдарға және сыртқы автомобиль жолдарына шығу, әдетте, бiр деңгейде магистральды көшелермен және жолдармен қиылысады;
аудандық маңызы бар магистральды көшелер - қаладағы тұрғын аудандар арасында, сондай-ақ тұрғын, қаланың өндiрiстiк аудандары мен орталығы арасында көлiктiк және жүргiншiлер байланысын негiзiнен қамтамасыз етуге арналған көшелер; басқа магистральды көшелерге, сондай-ақ жоспарлау ауданы шегiнде жүргiншiлер және көлiк байланысын (қоғамдық жолдар көлiгi) қамтамасыз ету;
шағын аудан - магистральды көшелермен бөлiнбеген, белгiленген шекараларда не құрылыс жүргiзiлетiн, не өндiрiстiк, не ландшафттық-рекреациялық аумақ болып табылатын құрылыс жүргiзудiң қала құрайтын құрылымдық-жоспарлау элементi;
атаулар - Павлодар облысының аудандарына, шағын аудандарына, даңғылдарына, желекжолдарына, кұшелерiне, алаұдарына және басқа да құрылымдық элементтерiне тағайындалатын, оларды бөлуге және тануға қызмет ететiн жалқы атаулар;
ономастикалық комиссия - географиялық объектiлер атауларына бiртұтас көзқарасты қалыптастыру, атаулар қолданысын және есепке алынуын тәртiптеу, Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұрасының құрамды бөлiгi ретiндегi тарихи атауларды жаңғырту және сақтау мақсатында ономастика саласында мемлекеттiк тiл саясатын iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн Павлодар облысы әкiмдiгiмен құрылатын консультативтiк-кеңесшi орган;
сәулет және қала құрылысы органы - сәулет және қала құрылысы саласында реттеудi iске асыратын Павлодар облысы әкiмдiгiмен уәкiлеттi, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
тiлдер жөнiндегi орган - тiлдердi дамыту саласында реттеудi iске асыратын Павлодар облысы әкiмдiгiмен уәкiлеттi, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
саябақ - жалпы қолданылатын, Павлодар облысы аумағының тұйық шекаралармен белгiленген, оқшау, көгалдандырылған, қаланың құрылыс жүргiзiлетiн аумағында ұйымдастырылған, ауданы кем дегенде 10 гектар болатын және тұрғындардың жаппай демалуына арналған аумақ;
қалтарыс, өту - тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, кварталдар iшiндегi қалалық құрылыс жүргiзудiң объектiлерiне көлiк құралдарының кiруiн қамтамасыз ететiн, екi көше арасында көлiк байланысын қамтамасыз ететiн (2 "т"-бейнелi жолқиылысты жасайды) негiзгi және екiншi дәрежедегi өту;
алаң - тұйық шекаралары бар аты аталған қала құрылысы элементi;
объектiнiң реттiк нөмiрi - объектiнiң мекенжайы құрылымының элементi: әрiптi атауы бар және (немесе) бөлшектi қосу мүмкiндiгiмен сандар тiзбегiнен тұратын, құрылыс жүргiзудiң сол немесе басқа құрылымдық элементке оның аумағының қала құрылысы объектiсiне (көшеге, шағын аудандарға және басқа объектiлерге) қатысының белгiсi негiзiнде объектiге тағайындалатын объектiнiң қарапайым нөмiрi;
кiрiстiрiлген объектiлер - үйдiң ғимаратына, имаратына қосымша кiрiстiру жолымен ғимараттар мен имараттарда ұйымдастырылған, сонымен бiрге, әдетте, дербес функционалдық қызмет атқаратын объектiлер;
егжей-тегжейлi жоспарлау жобасы - функционалдық-қала құрылысы аймақтауды анықтаумен аумақтық жоспарлау ұйымдастыруының негiзгi бағыттары белгiленген, Павлодар облысы бас жоспарының негiзiнде жасалған, аумақта құрылыс жүргiзудiң жоспарлау жобасы; құрылыс жүргiзудiң қызыл желiлерi және реттеу желiлерi; тұрғындарға әлеуметтiк, мәдени және коммуналдық қызмет кұрсетудiң объектiлерiн орналастыруға; көше-жол желiсiн және көлiк қызмет көрсетуге, инженерлiк коммуникациялар өткiзуге; көшелердiң профильдерiне аумақты резервтеу; аумақты көркейту және көгалдандыру; қала құрылысы сервитуттерi және басқа да талаптар;
өндiрiстiк аумақ - өндiрiстiк кәсiпорындарды және олармен байланысты объектiлердi орналастыруға арналған аумақ, тәжiрибелi өндiрiстер, сыртқы көлiктiң коммуналдық-қоймалық объектiлерi, имараттары бар ғылыми мекемелер көшенi;
даңғыл - жалпы қалалық маңызды магистральды жол немесе магистральды көше;
аудан - Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы заңнамасына сәйкес анықталған Павлодар облысы құрамындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк;
тұрғын ауданның бағы - саябақ - Павлодар облысының құрылыс жүргiзiлетiн аумағында ұйымдастырылған және ауданы үштен он гектарға дейiн тұрғындардың демалуына арналған, тұйық шекаралармен белгiленген, көгалдандырылған, жалпы қолданылатын қалалық аумақ;
санитарлық-қорғау аймағы - арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елдi мекендегi өндiрiстiк кәсiпорындарды және басқа өндiрiстiк, коммуналдық және қоймалық объектiлердi жақын жатқан тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыс жүргiзiлетiн аумақтардан, ғимараттар мен имараттардан оларға жағымсыз факторлардың әсерiн әлсiрету мақсатында бөлiнетiн аумақ;
құрылыс жүргiзiлетiн аумақ - тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-әскери) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарының, басқа объектiлердiң жеке бөлiктерiн орналастыру және қызметi арнайы санитарлық-қорғау аймағын жасауды талап етпейтiн объектiлердi орналастыруға арналған елдi мекен аумағының бөлiгi;
шағын гүлбақ - тұйық шекаралармен белгiленген, көгалдандырылған, жалпы қолданылатын, қаланың құрылыс жүргiзiлетiн аумағында ұйымдастырылған және ауданы үш гектардан аспайтын тұрғындардың демалуына арналған аумақ;
имарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар (жердегi, су үстiндегi және (немесе) жер астындағы, су астындағы) және өндiрiстiк үрдiстердi орындауға, адамдардың уақытша болуына (орын ауыстыруына), материалдық құндылықтар мен жүктердi орналастыруға және сақтауға, сондай-ақ құрал-жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (салуға, өткiзуге) арналған жасанды жасалған көлемдi, жалпақ немесе желiлiк объект, имараттыұ көркемдiк-эстетикалық, сәндiк-қолданбалы немесе мемориалдық қызметi болуы мүмкiн;
трасса, шоссе - қалааралық көлік байланысын қамтамасыз ететiн магистральды жол немесе магистральды көше;
тұйық - көлiк құралдарының тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және көшелер арасында көлiк байланысын құрмайтын (бір "т"-бейнелi жолқиылыс жасайды) аудандар, шағын аудандар, кварталдар iшiндегi қалалық құрылыс жүргiзудiң басқа да объектiлерiне өтудi қамтамасыз ететiн негiзгi және екiншi дәрежелi өту;
көше - аудандық маңызды магистральды көше, жергiлiктi маңызды көше немесе жол;
жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдар:
саябақ жолдары - саябақтар мен ормансаябақтар аумағының шегiнде, жеңiл көлiк қозғалысы үшiн, көлiк байланысын қамтамасыз етедi;
жүргiншiлер көшелерi мен жолдары - еңбек орындарымен, қызмет көрсету мекемелерiмен және кәсiпорындарымен, демалу орындарымен және қоғамдық көлiктiң аялдама орындарымен жүргiншiлер байланысын қамтамасыз етедi;
өтулер - тұрғын және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсiпорындарға және аудандар, шағын аудандар, кварталдар iшiндегi құрылыс жүргiзудiң басқа да объектiлерiне көлiк құралдарының өтуiн қамтамасыз етедi;
тұрғын құрылыс жүргiзiлетiн орындағы көшелер - тұрғын аудандар (шағын аудандар) аумағында көлiк (жүк және қоғамдық көлiк өткiзусiз) және жүргiншiлер байланысын, реттегiш қозғалыстың магистральды көшелерi мен жолдарына шығуды қамтамасыз етедi;
ғылыми-өндiрiстiк, өнеркәсiптiк және коммуналдық-қоймалық аймақтардағы (аудандардағы) көшелер мен жолдар - аймақтар шегiнде жеңiл және жүк көлiгiнiң көлiктiк байланысын, магистральды жолдарға шығуды қамтамасыз етедi. Көшелермен және жолдармен қиылыстар бiр деңгейде жасалады;
көрсеткiш - түсiндiретiн жазбалары, сандары бар сурет түрiндегi азаматтарды белгiлi бiр көшенiң, ғимараттың немесе имараттың тұрған жерi, орналасқан жерi туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге арналған жарық шығаратын, жарық шағылдандыратын үйлесiмдi объектiлердi, материалдарды қолданумен жасалған белгiленген геометриялық формадағы түстi графикалық кескiн;
қаланың бөлiгi (қала құрылысы элементi) - қаладағы аудан, алаң, даңғыл, желекжол, көше, қалтарыс, саябақ, тұрғын ауданның бағы, шағын гүлбақ, көпiр және басқа да қаланың құрамдас бөлiктерi. Осы Ережедегi қаланың бөлiктерi дегенiмiз әлеуметтiк маңызы бар (денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет және басқа) объектiлер.
2. Көрсеткiштердi орнату және пайдалану
саласындағы мемлекеттiк реттеу
Павлодар облысының қалаларындағы аудандарға, елдi мекендерiндегi көшелерге, даңғылдарға және басқа да құрамдас бөлiктерiне атаулар беру, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беру, көрсеткiштердi орнату және пайдалану саласындағы реттеудi мынадай мемлекеттiк органдар жүзеге асырады:сәулет және қала құрылысы органы;
тiлдер жөнiндегi орган;
Сәулет және қала құрылысы органында мынадай өкiлеттiктер бар:
реттiк нөмiрлерi жоқ ғимараттар, имараттар және басқа да объектiлердi анықтайды, оларға реттiк нөмiрлер бередi;
атаулары жоқ көшелер тiзбесiн; атаулары бiрдей көшелер тiзбесiн; оларда орналасқан жылжымайтын объектiлердi бұзумен байланысты өзiнiң өмiр сүруiн тоқтатқан көшелер тiзбесiн құрастырады және оларды қайта атау немесе атаулар беру бойынша ұсыныстармен шығады;
атауға, қайта атауға жататын қала құрылысы объектiлерiмен қоса, атау беруде қолданылатын жолдар мен көшелер санаттарын белгiлейдi;
жобаланып отырған ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде ғимараттар мен имараттар реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерiн, көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн, көшелер атауларының бұрыш көрсеткiштерiн жобалау көшелерi қиылыстарында болуын және оларды орналастыруды бақылайды;
Павлодар облысы елдi мекендерiнiң шағын аудандары мен көшелерi атаулары көрсеткiштерiнiң, ғимараттар мен имараттар реттiк нөмiрлерi көрсеткiштерiнiң, көшелер, даңғылдар және өзге де құрамдас бөлiктер атауларының бұрыштық көрсеткiштерiнiң үлгiлiк нобайларын келiседi;
тапсырысшымен әзiрленетiн жобалау құжаттамасына кiретiн көшелер мен шағын аудандар атаулары көрсеткiштерiнiң, ғимараттар мен имараттар реттiк нөмiрлерiнiң, басқа да көрсеткiштердiң нобайларын келiседi;
жылжымайтын мүлiкпен байланысты тiркеудi жүзеге асыратын органға қала бөлiктерiнiң атауларын беру және (немесе) өзгерту, жеке объектiлердiң реттiк нөмiрлерi туралы ақпаратты ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Павлодар облысы елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерi атауларының көрсеткiштерiн және объектiлер реттiк нөмiрлерiн дайындау және орнату құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.
Тiлдер жөнiндегi органда мынадай өкiлеттiктер болады:
1) шағын аудандардың, даңғылдардың, желекжолдардың, көшелердiң белгiленген атаулары көрiнiсiнiң дұрыстығын және олардың нормаларға сәйкестiгiн, сондай-ақ көрсеткiштердегi белгiленген атаулардың транскрипциясы көрiнiсiнiң дұрыстығын бақылайды;
2) жазылған ақпараттың белгiленген атауларға және олардың транскрипциясының дұрыстығына сәйкестендiру үшiн тапсырысшы әзiрлейтiн жобалау құжаттамасы құрамына кiретiн көшелер мен шағын аудандар атаулары көрсеткiштерiнiң, ғимараттар мен имараттар реттiк нөмiрлерi көрсеткiштерiнiң, басқа да көрсеткiштердiң нобайларын келiседi.
3. Павлодар облысы елдi мекендерiнiң аудандарына, шағын аудандарына,
көшелерiне, даңғылдарына және басқа да құрамдас бөлiктерiне атаулар беру
(қайта атау), олардың атаулары транскрипциясын өзгерту тіртiбi
4. Павлодар облысы елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атаулар оларды кеңiстiкте бөлудi және тануды қамтамасыз ету үшiн берiледi. 5. Павлодар облысы елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атаулар беру мынадай кезеңдер бойынша жүргiзiледi:
1) сәулет және қала құрылысы органы тiлдер жөнiндегi органға элементтiң кеңiстiкте орналасқан нобайымен және оның шекаралары белгiленген атаулар берiлмеген немесе атаулары ұқсас, қала бөлiктерiнiң тiзбесiн жібередi. Сәулет және қала құрылысы органы көрсетiлген тiзбемен бiрге оларда орналасқан жылжымайтын объектiлердi (олар бар болса) бұзумен байланысты өзiнiң өмiр сүруiн тоқтатқан көшелердiң тiзбесiн ұсынады;
2) тiлдер жөнiндегi орган қала құрылысы объектiсiне атау беру немесе қайта атау мәселесi жөнiнде өтiнiш келiп түскен сәтiнен 15 күн iшiнде Павлодар облысы елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерiне атаулар беру (қайта атау) мәселелерiн талқылау үшiн ономастикалық комиссия отырысын (отырыстарын) ұйымдастырады;
3) ономастикалық комиссия тiлдер жөнiндегi орган материалдарды ұсынғаннан кейiн 30 күн iшiнде облыс әкiмдiгiне қала құрылысы объектiлерiне атау берудi (қайта атау) ұсыну туралы шешiм қабылдайды;
4) облыс әкiмдiгi ономастикалық комиссияның қала құрылысы объектiлерiне атауларды тағайындау бойынша ұсынысымен келiседi және облыстық мәслихат қарауына қала бөлiктерi атауларын бекiту туралы ұсынымды шығарады, не ұсынылған ұсыныммен келiспейдi және материалдарды (бүтiн немесе бөлiктермен) тiлдер жөнiндегi органға қайтарады;
5) Павлодар облысының мәслихаты Павлодар облысы елдi мекендерiнiң жеке көшелерiне, даңғылдарына және басқа құрамдас бөлiктерiне атаулар беру туралы облыс әкiмдiгiнiң ұсынысымен келiседi және Павлодар облысы елдi мекендерi көшелерiнiң, даңғылдарының және басқа да құрамдас бөлiктерiнiң атауларын бекiтедi не облыс әкiмдiгiнiң ұсынысымен келiспейдi және материалдарды облыс әкiмдiгiне (бүтiн немесе бөлiктермен) қайтарады;
6) Павлодар облысы елдi мекендерiнiң жеке көшелерiне, даңғылдарына және басқа бөлiктерiне атаулар беру (қайта атау) туралы облыс әкiмдiгi мен облыстық мәслихаттың бiрлескен шешiмдерi қала құрылысы элементiнiң кеңiстiкте орналасу және оның шекараларын дәл белгiлеу нобайын мiндеттi қосумен мүдделi мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға жіберiледi.
6. Облыс әкiмдiгi мен облыстық мәслихаттың бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау мекемелерiне және басқа ұйымдарға атаулар беру туралы бiрлескен шешiмдерi атау беру туралы қолдаухатпен бiрге Қазақстан Республикасы үкiметi жанындағы мемлекеттiк ономастикалық комиссияға жiберiледi.
7. Павлодар облысы елдi мекендерiнiң бiр құрамдас бөлiгiне бiрнеше атаулар беруге жол берiлмейдi. Даңғылдар (көшелер, қалтарыстар, өтулер) орнынан отыз градустан аса бұрылған жағдайда ерекшелiк болып табылады; осындай жағдайларда Павлодар облысы елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiгi бұрылысының орнынан өзгеше атау беруге болады.
Бiр санатты бiрнеше қала құрылысы объектiлерiне бiр атау беруге болады.
8. Қала құрылысы элементi (даңғыл, көше) табиғи бөгеттермен (өзендермен, аңғарлармен және басқалармен) қиылысқан жағдайда пайда болған учаскелерге жеке атау беруге болады.
9. Павлодар облысының аумағын кезең-кезеңмен игеру жағдайында қала құрылысы элементiн оқшау, логикалық байланысты, осы қала құрылысы объектiсiнiң уақытта құру мен құрылыс жүргiзудiң нақты кезеңдерiне сәйкес жеке бөлiктерге бөлуге болады.
4. Павлодар облысы жер учаскелерiне, ғимараттары
мен имараттарына реттiк нөмiрлер беру,
көрсеткiштердi орнату және пайдалану
10. Жер учаскелерiне, ғимараттары мен имараттарына реттiк нөмiрлер беру, көрсеткiштердi орнату және пайдалану Павлодар облысы аумағында шағын аудандардың, көшелердiң, ғимараттардың, құрылымдардың және басқа да объектiлердiң орналасқан жерiн (тұрған жерiн) анықтаудың бiртұтас жүйесiн қалыптастыруға арналған.11. Облыс аумағында орналасқан әрбiр жер учаскесiнде, ғимарат пен имаратта өзiнiң бiрегей мекенжайы болуы керек.
12. Осы Ережеге сәйкес реттiк нөмiрлер берiлетiн жылжымайтын мүлiк объектiлерi:
1) жер учаскелерi (игерiлмеген және құрылыс жүргiзiлген);
2) ғимараттар;
3) имараттар болып табылады.
13. Үйлердiң, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде, даңғылдардың, көшелердiң, қалтарыстардың қиылыстарында, аудандардың периметрi бойынша мынадай көрсеткіш түрлерi орналасады:
1) көше атауының көрсеткiшi (1, 2, 3 санаттағы);
2) шағын ауданның көрсеткiшi (1, 2 санаттағы);
3) көшелер қиылыстарында (жолқиылыстарында) орнатылатын көше атауының бұрыштық көрсеткiшi;
4) ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi (1, 2, 3 санаттағы).
14. Павлодар облысы елдi мекендерiнiң аумағында орналасқан ғимараттар, имараттар реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерi, көшелер, шағын аудандар атауларының бұрыштық көрсеткiштерi осы Ережемен белгiленген техникалық талаптарға және белгiленген тәртiпте бекiтiлген үлгiлiк нобайларға мiндеттi тәртiпте сәйкес болуы керек.
5.Реттiк нөмiрлер беруге қойылатын талаптар
15. Ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың, жер учаскесiнiң реттiк нөмiрi - сандар тiзбегiнен тұратын әрiптi (А, Б, В, Г және т.б.), әлiпбидiң қазақ тiлiне тән әрiптерiн (Ә, І, Ғ, Қ, Ұ, Ө, Ү, Ұ, Һ) және қиын айтылатын әрiптi (дыбысы жоқ) қосу мүмкiндiгiмен не сандарға ұқсас (Ң, Ж, Э, Й, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ), не қосымша бүтiн сандардың бөлшек белгiсi арқылы тұратын объектi мекенжайының деректемесi болып табылады.16. Егер бiр жер учаскесiнде салынған бiртұтас сәулет ансамблiн құрайтын немесе бiр сәулет-қала құрылысы кешенiнiң бөлiгi болып табылатын екi және одан да көп ғимарат, корпус, құрылыс, имарат салынған (бар болған) жағдайда ғимараттың, корпустың, құрылыстың, имараттың, жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiне әрiптер қосылады.
17. Егер ғимарат, корпус, құрылыс, имарат, квартал iшiнде орналасқан және ғимарат, корпус, құрылыс, имарат бiр де бiр қасбетi магистральға шықпаған жағдайда бөлшек арқылы қосымша бүтiн сандар ғимараттың, корпустың, құрылыстың, имараттың реттiк нөмiрiне қосылады. Сонымен бiрге негiзгi реттiк нөмiр ретiнде ғимарат, корпус, құрылыс, имарат нөмiрленуiне жататын аса жақын ғимарат, корпус, құрылыс, имарат реттiк нөмiрi қабылданады.
18. Ғимараттың, имараттың және басқа да жасанды құрылыстардың мекенжайында мынадай мiндеттi деректемелер болуы тиiс: көше атауы, ғимараттың, корпустың немесе құрылыстың, имараттың реттiк нөмiрi.
19. Жер учаскелерiне мынадай мiндеттi деректемелерi бар шартты мекенжай берiледi: көше немесе шағын аудан атауы, жер учаскесiнiң реттiк нөмiрi.
20. Объектi мекенжайының құрылымы объектi түрiмен және оның жергiлiктi жердегi географиялық қалпымен анықталады: ғимарат, имарат, жер учаскесi.
21. Реттiк нөмiрi анықталатын Павлодар облысындағы аудан атауы, объектi орналасқан жерi объектi мекенжайына қосылуы мүмкiн.
22. Аудандар атаулары Павлодар облысы аудандарының бекiтiлген атауларына сәйкес көрсетiледi.
23. Тиiстi шағын ауданның, өндiрiстiк аймақтың, табиғат қорғау кешенiнiң белгiленген шекараларында объектi орналасқан жағдайда реттiк нөмiрi анықталатын шағын ауданның, өндiрiстiк аймақтың, табиғат қорғау кешенiнiң (тарихи және сәулет ескерткiштер ансамблiнiң), объектi мекенжайына қосыла алады.
24. Нөмiрленетiн объектiге қатысты даңғыл, көше (қалтарыс, алаұ) атауы қалтарыстар, жолдар және алаңдар атауларын анықтаумен нөмiрленетiн объектiнiң және көше-жол желiсi элементтерiн орынды көрсетуiне сәйкес, көше атауларының ресми тiзбесiне және даңғылдардың, көшелердiң, қалтарыстардың, алаңдардың ресми мекенжай нобайына сәйкес қабылданады.
25. Павлодар облысы елдi мекендерiнiң көшелерi атауларының ресми тiзбесi және Павлодар облысы елдi мекендерiнiң даңғылдары, көшелерi, қалтарыстары, алаңдары және басқа да құрылымдық элементтерi ресми мекенжайыныұ сызбасы электрондық түрде жасалады және мемлекеттiк қала құрылысы кадастры базасында қалалық ақпараттық жүйе (бұдан әрi - ҚАЖ) негiзiнде материалдарды қолданумен, сондай-ақ аумақтағы қала құрылысы объектiлерiн және элементтерiне атаулар беру, қайта атау туралы мұрағаттық, ҚАЖ жүргiзу бойынша қызмет атқаратын мемлекеттiк мекемелермен немесе кәсiпорындармен жүргiзiледi.
26. Жер учаскесiнiң, ғимараттың, корпустың, құрылыстың, ғимараттың реттiк нөмiрi жобалауға берiлген жер учаскесi бойынша рұқсат құжаттамасын әзiрлеу кезеңiнде немесе сәулет органының қалалық ақпараттық жүйе мәлiметтерiмен объектiнiң реттiк нөмiрiн алдын ала келiсу бойынша құрылыс белгiленедi.
27. Жер учаскесiнiң, ғимараттың, корпустың, құрылыстың, ғимараттың реттiк нөмiрiн сәулет және қала құрылысы органы жеке объектiлердi бұзу салдарынан Павлодар облысы елдi мекенiнiң бiр бөлiгiнде объектiлердiң нөмiрленуi оннан аса бiрлiкке үзiлсе (жоғалса) өзгерте алады.
28. Оңтүстiктен солтүстiкке қарай үзiлiссiз құрылыс жүргiзу майданын құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттар (үйлер) реттiк нөмiрiн және нөмiрленуiн беру оңтүстiктен солтүстiкке қарай тақ нөмiрлермен көшенiң сол жағы бойынша және оң жақ бойынша жұп нөмiрлермен жүргiзiледi.
29. Батыстан шығысқа қарай үзiлiссiз құрылыс жүргiзу майданын құрайтын және магистральдарда орналасқан ғимараттар (үйлер) реттiк нөмiрiн және нөмiрленуiн беру батыстан шығысқа қарай тақ нөмiрлермен көшенiң сол жағы бойынша және оң жақ бойынша жұп нөмiрлермен жүргiзiледi.
30. Әр түрлi санаттағы көшелер қиылысында орналасқан ғимараттарға реттiк нөмiрлер магистральды көшелер жiктелiсiне сәйкес аса жоғары санаттағы көше бойымен берiледi.
31. Тең санаттағы көшелер қиылысында орналасқан ғимараттарға реттiк нөмiр ғимараттың бас қасбетi шығып тұрған көше бойымен берiледi. Егер бұрышқа бiр ғимараттың екi тең қасбетi шықса, реттiк нөмiр елдi мекен орталығы бағытымен жүретiн көше бойымен берiледi. Егер ғимараттың бас қасбетi аула iшiнде орналасқан болса, нөмiр ғимарат жатқан көше бойымен тағайындалады.
32. Аудан периметрiн құрайтын ғимараттарға реттiк нөмір беру сағат тiлi бойымен, орталық жақтан бас магистральдан бастап жүргiзiледi. Егер бұрыштағы ғимаратта көше бойымен бас қасбет және тұйық көше бойымен маұызды ұзақтығы бар болған жағдайда, оның нумерациясы аудан бойымен емес, көше бойымен жүргiзiледi.
33. Осы Ереженің 28, 29-тармақтарын орындау Павлодар облысы елдi мекенiнiң аумағындағы жаңа құрылыс жүргiзудi құру мүмкiн емес болған жағдайда, осы аумақтағы ғимараттарға (үйлерге) реттiк нөмірлер және нумерация беру терiс тәртiпте, яғни солтүстiктен оңтүстiкке немесе шығыстан батысқа қарай, тақ нөмірлермен көшенiң оң жағы бойынша және сол жақ бойынша жұп нөмірлермен жiберiледi.
34. Жер учаскесi аумағында осы аумақта орналасқан соған қатысты ғимарат, имарат нумерациясын жүзеге асыратын негiзгi ғимарат анықталады. Негiзгi ғимараттың реттiк нөмірi көшелердiң белгiленген жiктелiсiн есепке алумен анықталады.
35. Ережеге сәйкес жер учаскесi аумағында орналасқан басқа да ғимараттарға, имараттарға негiзгi ғимараттың нөмірi және корпустың немесе құрылыстың қосымша нөмірi берiледi. Қажет болғанда "корпус" немесе "құрылыс" көрсеткiшi олар орналасқан жер учаскесi аумағын функционалдық қолдануын және жақын жатқан ғимараттардың бар нумерациясын есепке алумен ғимараттың функционалдық қызметiне байланысты анықталады.
36. Ғимарат нумерациясы бас ғимараттың орналасуын есепке алумен жер учаскесi аумағына бас кiре берiстен жүргiзiледi.
37. Меншiк, жалға алу немесе нәрсе құқығындағы жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi жер учаскесiнде бiр немесе бiрнеше жылжымайтын мүлiк объектiлерi салынғанда, әрбiр объектiге корпус немесе құрылыстың қосымша нөмірi қосылып, сол бiр реттiк нөмір берiледi.
38. Тiзбектелген нөмірлерi мен нөмірленген ғимараттар, құрылыстар арасында орналасқан ғимарат нумерациясын (объектiлердi орналастыру) осы Ережеге сәйкес оған әрiптi немесе бөлшектi қосумен сәйкес объектiнiң кiшi нөмірiн қолданумен жүргiзу керек.
39. Дербес объектiлердiң (ғимараттардың, имараттардың) белгiлерi бар кiрiстiрiлген және жалғай-кiрiстiрiлген объектiлерге негiзгi ғимарат нөмірiне қосымша бүтiн санның бөлшек белгiсi арқылы дербес реттiк нөмір берiледi.
40. Дуалдардан, көпiрлерден, қазылған орлардан, құдықтардан, қоймалардан, аулалардан, жаяужолдардан және осы тәрiздес объектiлерден басқа имараттарға олар орналасқан ғимарат, имарат немесе жер учаскесiне (негiзгi ғимарат болмаған жағдайда) "ИМАР" көрсеткiшiн және имарат нөмірiн қосумен реттiк нөмір берiледi.
41. Игерiлген, бiрақ нөмірленбеген жер учаскелерiне осы жер учаскесi шегiнде салынған ғимарат, имарат нөмірi берiледi.
42. Бiр жер учаскесi аумағының шегiнде бiрнеше ғимараттар, имараттар, басқа да объектiлер орналасқанда, жер учаскесiне негiзгi ғимарат, имарат нөмірi берiледi.
Игерiлмеген жер учаскелерiне осы Ережеге сәйкес қарапайым реттiк нөмір берiледi, ондайда мынадай шартты ұстану қажет: әрбiр жер учаскесiнде өзiнiң бiрегей реттiк нөмірi болады және жер учаскелерiне реттiк нөмірлер жер учаскелерiнiң сол немесе басқа қала құрылысы бiрлiгiне (көшеге, даңғылға, алаңға және басқа объектiге) қатынас (жатқызылу) белгiсi негiзiнде берiледi.
43. Нөмірленген игерiлмеген жер учаскесi аумағында жаңа ғимарат, имарат салынғанда, салынатын объектiге нөмірленудiң жалпы тәртiбiн ұстанған кезде немесе осы Ереженiң талаптарын ұстанумен жеке реттiк нөмірi берiлгенде, салынатын объектiге осы жер учаскесiнiң шартты реттiк нөмірi берiлуi мүмкiн.
44. Жаңадан салынатын ғимараттардың, имараттардың реттiк нумерациясы және бар объектiлердiң реттiк нөмірлерiне өзгерiстер енгiзу сәулет және қала құрылысы органымен жобаның егжей-тегжейлi жобалауы және қалалық ақпараттық жүйесi негiзiнде жүргiзiледi.
45. Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алумен байланысты жүргiзiлетiн қарқынды бұзу аумағында жобаланатын ғимараттар, имараттар үшiн реттiк нөмірлердi резервтеудi жүргiзуге болады.
6. Мекенжай құрылымының стандарты
46. Мекенжай құрылымының стандарты мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс:мекенжай деректемелерi дедуктивтi тәсiлмен (жалпыдан жалқыға) жазудың қатаң анықталған тiзбегiмен көрсетiледi;
объектiнiң мекенжайы "мекенжай" терминiнен кейiнгi бөлушi ":" (қос нүкте) кейiн көрсетiлген деректемелерден тұратын мәтiн бөлiгi;
объектiлердiң мекенжайы мемлекеттiк тiлде, орыс тiлiнде және басқа тiлдерде жазылады;
объектiлердiң мекенжайын жазуда қала құрылысы элементiнiң санатын қысқартуға болады:
аудан - (ауд.);
шағын аудан - (ш.а.);
алаң - (ал.);
шоссе - (шос.);
расса - (тр.);
даңғыл - (даңғ.);
көше - (көш.);
желекжол - (желек.);
аллея - (алл.);
қалтарыс - (қалт.);
өту - (өт.);
тұйық - (тұй.);
объектiнiң мекенжайын жазуда Павлодар облысы елдi мекенi құрамдас бөлiгiнiң және әкiмшiлiк бiрлiк атауын көрсетумен, сондай-ақ қала (қ.), аудан (ауд.) қысқартуларын қолданумен мекенжайды толық жазуға болады;
мекенжайды жазуда бекiтiлген қала құрылысы элементiнiң (шағын ауданның, алаңның, көшенiң және т.б.) атауы толығымен жазылуы керек.
47. Бiр объектiге қаланың және ауданның бiрнеше бөлiктерiне қатысты бiрнеше мекенжайлар беруге болмайды.
7. Ғимараттар және имараттар реттiк нөмірлерiнiң көрсеткiштерiн, көшелер
мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн, көшелер атауларының
бұрыштық көрсеткiштерiн орнатуға қойылатын талаптар
48. Ғимараттар, имараттар реттiк нөмірлерiнiң, көшелер атауларының және шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi үйлердiң қасбеттерiнде мынадай тәртiпте орнатылады:1) жаңа салынған ғимаратты пайдалануға тапсырғанда:
тапсырысшы қалалық ақпараттық жүйесiнiң мәлiметтерi негiзiнде ғимаратқа (имаратқа) реттiк нөмір берiлетiн және мекенжай тағайындауға жататын, географиялық байланысты объектiнiң (ғимараттың, имараттың), даңғылдың, желекжолдың, көшенiң дұрыс атауын белгiлейтiн сәулет органына өтiнiш жасайды;
сәулет және қала құрылысы органынан алатын мәлiметтерi негiзiнде тапсырысшы меншiк қаражаты есебiнен алдын ала келiсу бойынша шағын аудан және (немесе) көше атауы кұрсеткiшi ғимарат реттiк нөмірi кұрсеткiшi нобайыныұ жобалау құжаттамасы құрамында сәулет және қала құрылысы органымен осы Ереженiң талаптарына сәйкес ғимарат (имарат) реттiк нөмірiнiң көрсеткiшiн, көше, шағын аудан атауының көрсеткiшiн дайындауды және орнатуды жүргiзедi;
2) ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмірлерiн, көшелер, шағын аудандар атауларын өзгерткенде ғимараттар, имараттар реттiк нөмірлерiнiң тиiстi көрсеткiштерiн, көше атауларыныұ кұрсеткiштерiн, шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн және басқа да көрсеткiштердi ауыстыру және орнату қалалық ақпараттық жүйе мәлiметтерi негiзiнде сәулет және қала құрылысы органымен жүргiзiледi.
49. Ғимараттар, имараттар реттiк нөмірлерiнiң, көшелер атауларының және шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн орнату жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен де, инвесторлар қаражаты есебiнен де жүргiзiле алады.
50. Тапсырыс берушілер салынып жатқан (салынатын) ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде ғимараттар, имараттар реттік нөмiрлерiнiң көрсеткiштерiн, көшелер атауларының көрсеткiштерiн, шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн орнатады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 2010.03.10 N 56/4 қаулысымен.
51. Қасбетiнде көрсеткiштер орнатылған ғимаратты (имаратты) бұзғанда көрсеткiш құны ғимаратты бұзу жөнiндегi шығындардың құрамына енедi және бұзуға жататын ғимараттың (имараттың) меншiк иесiне (балансұстаушыға, пайдаланушыға және т.с.) оныұ бастамасымен белгiленген тәртiпте төленедi.
52. Бұзылған бiрнеше ғимараттың орнында салынған ғимараттардың (имараттардың) қасбеттерiндегi көрсеткiштер осы Ереженiң қағидаларына сәйкес сәулет және қала құрылысы органының келiсiмi бойынша орнатылады.
53. Көрсеткiштер жол белгiлерiмен, сыртқы жарнама құралдарымен бiрге (тiректе, имаратта) және олармен қатар орналаспауы тиiс. Бағдаршам тiректерiне көрсеткіштердi орнатуға болады.
54. Көрсеткіштер тәулiк мезгiлiне қарамастан айырылуы қажет.
55. Көшелердiң көрсеткіштерi көшелер қиылысындағы (жолқиылысындағы) ғимараттар мен имараттарда орналасады.
56. Көшелердiң көрсеткіштерi ғимарат немесе имарат бұрышының қиылысына шығатын 25-30 сантиметр қашықтықта, жер бетiнен 2,5 метрден 3,0 метр биiктiкте, жолқиылысын жасайтын көшелерге шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде орналасады. Айрықша жағдайда екi жолқиылыс арасындағы қашықтық 500 метрден - екi тiзбектелген көшелер атауларының көрсеткіштерi арасындағы қашықтығы көрсетiлген өлшемнен аспауы тиiс.
57. 1 санаттағы көшелер атауларының көрсеткіштерi 1 санаттағы көшелер атаулары көрсеткіштерінiң үлгiлiк нобайына сәйкес қозғалысы жылдам және реттелетiн магистральды жолдарға, жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылады.
58. 2 санаттағы көшелер атауларының көрсеткiштерi 2 санаттағы көшелер атаулары көрсеткiштерiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес аудандық маңызы бар магистральды көшелерге, жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын барлық әимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылады.
59. 3 санаттағы көшелер атауларының көрсеткiштерi 3 санаттағы көшелер атаулары көрсеткiштерiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын жүргiзу объектiсiне жатқызылатын барлық ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылады.
60. Шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi шағын аудандарға жатқызылатын және шағын аудандарды шектейтiн көшелер қиылысында (жолқиылыста) немесе шағын аудандарды шектейтiн көшелермен және шағын аудандар кiреберiстерiмен жасалған шартты қиылыстарда орналасқан ғимараттар мен имараттарда орналасады.
61. Екi қиылыстар арасындағы қашықтық 500 метрден асатын болса, екi шағын аудан атауларының көрсеткiштерi арасындағы қашықтық көрсетiлген өлшемнен аспауы тиiс.
62. Шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi ғимарат немесе имарат бұрышының қиылысқа шығатын бұрыштан 25-30 сантиметр қашықтықта, жер бетiнен 2,5 метрден 3,0 метр биiктiктегi ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орналасады.
63. 1 санаттағы шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi 1 санаттағы шағын аудандар атаулары көрсеткiштерiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес шағын аудандарды шектейтiн қозғалысы жылдам және реттелетiн магистральды жолдарына, жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылады.
64. 2 санаттағы шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi 2 санаттағы шағын аудандар атаулары көрсеткiштерiнiң үлгiлiк нобайына сәйкес шағын аудандарды шектейтiн аудандық маңызы бар магистральды көшелерге және жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылады.
65. Ғимарат немесе имарат қасбеттерiнде шағын аудандар атауларының көрсеткiшiн орнатқан жағдайда көше атауының көрсеткiшi орнатылмайды.
66. Ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi сол жақ тақ жағында, ал әрбiр ғимарат немесе имарат қасбетiнiң оң жақ жұп жағында, үй бұрышының 25-30 сантиметр қашықтықта, жер бетiнен 2,5 метрден 3,0 метр биiктiкте орналасады.
67. Ғимарат, имарат қасбетiнде көше немесе шағын аудан атауының көрсеткiшi орналасқан жағдайда, ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi көше немесе шағын аудан атауының көрсеткiшiнен кейiн көлденең бiлiк бойынша орналасады.
68. 1 санаттағы ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiштерi 1 санаттағы ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi үлгiлiк нобайына сәйкес қозғалысы жылдам және реттелетiн магистральды жолдарға, жалпықалалық маңызы бар магистральды көшелерге шығатын ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылады.
69. 2 санаттағы ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiштерi 2 санаттағы ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi үлгiлiк нобайына сәйкес аудандық маңызы бар магистральды көшелерге, жергiлiктi маңызы бар көшелер мен жолдарға шығатын ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылады.
70. 3 санаттағы ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiштерi 3 санаттағы ғимарат, имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi үлгiлiк нобайына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын жүргiзу объектiсiне жатқызылатын ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде орнатылады.
Шағын аудандар мен көшелер iшiндегi 3 санаттағы ғимарат немесе имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiштерi 3 санаттағы ғимарат немесе имарат реттiк нөмiрiнiң көрсеткiшi үлгiлiк нобайына сәйкес квартал iшiнен өтуге шығатын, үйдiң бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта, жер бетiнен 2,5 метрден 3,0 метрден аспайтын биiктiкте ғимараттар мен имараттар қасбеттерiнде сол жағынан орнатылады.
71. Көшелер қиылыстарында (жолқиылыстарда) орнатылатын көшелер атауларының бұрыш көрсеткiштерi (аншлагтар) көшелер қиылысына (жолқиылыстарда) қойылады және 4 метрден аспайтын биiктiкте металл тiреулерде орнатылады.
8. Павлодар облысы елдi мекендерiнiң құрамдас бөлiктерi атауларының
көрсеткiштерiн және реттiк нөмiрлердi инвесторлар есебiнен дайындау және орнату
72. Инвесторлар Павлодар облысы көрсеткiштерi атауларын, объектiлердiң реттiк нөмiрлерiн ұйымның және (немесе) өнiмнiң имидждiк жарнамасына жасалатын көрсеткiштерде орналастырумен меншiктi және тартылған қаражатты пайдаланып, жасайды және орнатады. Имидждiк жарнама дегенiмiз қандай да бiр және (немесе) өнiмнiң, деректемелердi, байланыс телефондарын немесе басқа да ұйым немесе өнiм туралы ақпаратты көрсетпейтiн, атауының және (немесе) логотипiнiң бейнесi, тауар белгiсi.73. Үлгiлiк нобайлар сәулет органымен бекiтiледi, сонымен бiрге орналасатын имидждiк жарнама өлшемi көрсеткiштiң барлық өлшемiнен елу пайыздан аспауы керек.
74. Меншiк құқығында жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi, имидждiк жарнама ұстайтын көрсеткiштердi жылжымалы мүлiк объектiлерiне орнату оның рұқсаты бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
9. Қосымша талаптар
75. Жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға берiлген реттiк нөмірлер жөнiндегi мәлiметтер қалалық ақпараттық жүйенiң ақпараттық базасында мiндеттi түрде тiркелуi тиiс.76. Реттiк нөмірлер уақытша жеке тұлғалар меншiгiндегi және (немесе) гараж кооперативтерi, қоғамдар, қаланың инженерлiк инфрақұрылым объектiлерi, бақ және бақша учаскелерiнiң құрамына кiретiн қолданыстағы объектiлерге, шаруашылық құрылыстарға, гараждарға реттiк нөмірлер берiлмейдi.
77. Уақытша пайдаланылатын объектiлерде меншiктi реттiк нөмiр жоқ, бiрақ олардың тұрақты реттiк нөмiрi бар жанында орналасқан объектiге қатысты тұрған жерi анықтамамен айқындалуы мүмкiн.
78. Қалалардың өндiрiстiк аймақтарында орналасқан объектiлердi нөмірлеудi сәулет және қала құрылысы органы жүзеге асырады.
79. Гараж кооперативтерi, қоғамдар, тиiстi бау-бақша қоғамдарын құрайтын бақ және саяжай учаскелерiнiң орналасқан жерiн анықтау осы кооперативтердi, қоғамдарды басқару органы шешiмiмен белгiленедi, сонымен бiрге әрбiр объектiге жеке нөмiр берiледi. Тиiстi басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмірлердi берудi сәулет және қала құрылысы органы жүзеге асырады.
80. Құжаттарды дайындауда ұйымдарға жер учаскелерiнiң, ғимараттар мен имараттардың реттiк нөмірлерiн қолмен жазуға тыйым салынған.
81. Ғимараттар мен имараттардың қасбеттерiнде осы Ереженiң талаптарын бұзып орнатылған көрсеткiштер ғимараттың (имараттың) меншiк иесiмен (балансұстаушымен) немесе көрсетiлген ғимаратқа қызмет көрсететiн тұлғамен бөлшектеуге жатады.
82. ғимараттар мен имараттардың меншiк иелерiне (балансұстаушыларға) көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн, ғимараттар мен имараттар реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерiн дұрыс қалпынд ұстау±ұсынылады.
83. Көшелер мен шағын аудандар атауларының көрсеткiштерi қолданыстан шыққанда, жоғалғанда, бұзылып, ескiргенде ғимараттар мен имараттардың меншiк иелерiне (баланс±ұстаушыларға) реттiк нөмiрлерiнiң көрсеткiштерiн ауыстыру±ұсынылады.
84. ғимараттар мен имараттардың меншiк иелерiне (баланс±ұстаушыларға) көрсеткiштер орнатылған объектiге көрсеткiштердi орнатуды,±ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету ұсынылады.<>
Ескерту: 82, 83, 84 тармақтар жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 296/9 қаулысымен.
85. Белгiленген тәртiпте жарияланған қала құрылысы элементтерiн (көшелердi, шағын аудандарды және басқаларын) қайта атау туралы мәслихат пен әкiмдiктiң бiрлескен шешiмдерi, сондай-ақ объектiлердiң кезектi нөмірлерiн өзгерту туралы сәулет органының шешiмдерi оларға тиiстi мүлiкке меншiк (шаруашылық ұстаудағы, жедел басқарудағы) құқығын куәландыратын және белгiленген тәртiпте басқа да құжаттарға жеке және заңды тұлғалармен өзгерiстер енгiзудi ынталандыру үшiн негiз болып табылады.
86. Құжаттарға көрсетiлген өзгерiстердi енгiзу жеке немесе заңды тұлғалар бастамасы бойынша немесе мүлiкке қатысты қандай да бiр мәмiле тiркеу кезiнде тiркеушi органда жүзеге асырылады.
87. Ережемен қамтылмаған қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.