Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы "Павлодар облысының аумағындағы елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптарды жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" N 179/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 10 наурыздағы N 56/4 қаулысы. Павлодар облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 29 наурызда N 3159 тіркелген Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы N 379/12 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 30.12.2014 N 379/12 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-3)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Павлодар облысы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 29 маусымдағы "Павлодар облысының аумағындағы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атаулар беру және қайта атау тәртiбiн, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беруге қойылатын талаптарды жүргiзу жөнiндегi ереженi бекiту туралы" N 179/7 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде N 3091 болып тiркелген, 2007 жылғы 26 шiлдедегi "Сарыарқа Самалы" газетінің N 87 және 2007 жылғы 28 шiлдедегi "Звезда Прииртышья" газетінің N 87 сандарында жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Павлодар облысының аумағындағы елдi мекендердiң құрамдас бөлiктерiне атаулар беру және қайта атау тәртiбiн, жер учаскелерiне, ғимараттар мен имараттарға реттiк нөмiрлер беруге қойылатын талаптарды жүргiзу жөнiндегi ережедегi 50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "50. Тапсырыс берушілер салынып жатқан (салынатын) ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде ғимараттар, имараттар реттік нөмiрлерiнiң көрсеткiштерiн, көшелер атауларының көрсеткiштерiн, шағын аудандар атауларының көрсеткiштерiн орнатады".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Ф. Вербнякқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмiБ. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады