Ескерту. Күші жойылды - Павлодар қаласы әкімдігінің 2009.08.05 N 1004/14 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қалалық коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын) сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаларын өтеу орыны болып анықталсын.
2. Кәсіпорын сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаларын өтеу үшін 5 жұмыс орынын берсін.
3. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы - "Павлодар қаласы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.В.Берковскийге жүктелсін.
Павлодар қаласының әкімі Б.Демеуов