Сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаларын өтеу орнын анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар қаласы әкімиятының 2007 жылғы 27 тамыздағы N 1091/18 қаулысы. Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 13 қыркүйекте N 92 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 5 тамыздағы N 1004/14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар қаласы әкімдігінің 2009.08.05 N 1004/14 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласы әкімдігі, Павлодар қаласы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Қалалық коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі - Кәсіпорын) сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаларын өтеу орыны болып анықталсын.
      2. Кәсіпорын сотталушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаларын өтеу үшін 5 жұмыс орынын берсін.
      3. Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы - "Павлодар қаласы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қолдансын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.В.Берковскийге жүктелсін.
 
      Павлодар қаласының әкімі                             Б.Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады