2008 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы

Алматы қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 10/1245 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 17 қаңтарда N 765 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 6/1019 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008.12.29 N 6/1019 қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын , 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысын басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2008 жылға арналған ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiнiң ұсынылған тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау туралы шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi қала бюджетiнiң 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарын өткiзуге қарастырылған қаражат шегiнде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберуін жүзеге асырсын;
      қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екiншi деңгейдегі банктердегi жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргiзілсiн.
      4.  Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерiнде белгiленсiн.
      5. Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы "2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы" N 8/1574 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде ретпен тіркелген N 731, 2007 жылғы 30 қаңтарда N 21 "Вечерний Алматы", 2007 жылғы 10 ақпанда N 17 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланған).
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары  М.Ш. Мұқашевқа  жүктелсiн.
      7. Осы қаулы  ресми жарияланған алғашқы күннен  бастап күшіне енеді.

      Алматы қаласының әкiмi

                                       Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
                                       2007 жылғы 27 желтоқсандағы
                                           N 10/1245 қаулысымен
                                                  бекітілген

Алматы қаласындағы 2008 жылға арналған ұйымдар,
қоғамдық жұмыс көлемдері мен түрлерiнiң
ТIЗБЕСI*

N

Ж ұ мыс т ү рлерi

Ж ұ мыс iстейтiн адам саны

Ұ йымдар

1.

Тұрғын үй-
коммуналдық  шаруашылық
ұйымдарына  аумақтарын жинауға көмек беру

1444

"Тұран" тұрғын жай меншік иелері кооперативiнің
қауымдастығы, "Iсмер" тұрғын жай меншік иелері кооперативi-
нің қауымдастығы,   Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің
аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімі, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің
аппараты коммуналдық шаруашылық бөлімі, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының көркейту бөлiмi, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппараты көркейту бөлiмi , "Жетісу" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі, "Алтын қада" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Қарасу", "Ұлжан ұлысы", "Заря Востока ХХI" қоғамдық
бірлестіктері және тағы басқалар.

2.

Жол салу және оны жөндеу жұмыстары

180

Жол - пайдалану учаскелерi және тағы басқалар.

3.

Өңірлік экологиялық
сауықтыру (көгалдандыру және көркейту)

192

"Көгалдандыру" акционерлік қоғамы, "Тәртіп" акционерлік қоғамы және тағы басқалар.

4.

Өңірлік
қоғамдық
науқандарын
ұйымдастыруға көмек көрсету

1260

"Правопорядок-Т"
қоғамдық қоры, құқық
қорғау органдары мен  халық жасақтарына көмек көрсету қоғамдық қоры, аудандық әділет басқармалары, "Қорғаныс істері  жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі, жергілікті өзiн-өзi басқару комитеттері, "Қазақ тiлi" қоғамдық
бірлестігі және тағы басқалар.

5.

Қарт азаматтар мен мүгедектерге күтiм жасау, балалармен жұмыс жасау және басқа да әлеуметтiк қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргiзу 

1160

"Дана" отбасын қолдау орталығы, "Қамқорлық" дағдарыс орталығы, "ЖКТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік мекемесі, Түрксіб ауданы "Мүгедектер  ерікті қоғамы" қоғамдық
бірлестігі,  Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, аулалық клубтар, балалар шығармашылық үйлерi, Жетісу, Түрксіб ауданы көп балалы отбасылар одағы, Түрксіб аудандық қайырымдылық
қоры, балаларды қолдау орталығы, "Қазақтың зағиптар қоғамының
тәжірибелік кәсіпорыны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық
кітапхана мемлекеттік мекемесі, қоғамдық
бірлестігі "Әйелдер бастамасының қалалық
орталығы" қоғамдық
бірлестігі, көп балалы аналардың "Ғибрат" Республикалық қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы әкімдігінің
шаруашылық жүргізу
құқығындағы "Еңбек биржасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны  және тағы басқалар.

6

Басқалар

264



БАРЛЫ Ғ Ы

4500


      * Жұмыс түрлерiне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарды өткiзуге 2008 жылға арналған қала бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде өзгеруi мүмкiн.
      Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту заңының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде өзгерiстер болған жағдайда еңбекақының мөлшерi өзгеруi мүмкiн.

О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2008 году

Постановление акимата города Алматы от 27 декабря 2007 года N 10/1245. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 17 января 2008 года за N 765. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 29 декабря 2008 года N 6/1019

       Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 29.12.2008 N 6/1019 .

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года N 836 "О мерах по реализации Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый  перечень  организаций, виды и объемы общественных работ на 2008 год.

      2. Уполномочить Департамент занятости и социальных программ города Алматы на заключение договоров с работодателями на выполнение общественных работ.

      3. Департаменту занятости и социальных программ города Алматы:
      осуществлять направление безработных на оплачиваемые общественные работы в пределах средств, предусмотренных на их проведение в бюджете города Алматы на 2008 год;
      оплату труда безработных, участвующих в общественных работах, производить путем зачисления денежных средств на их лицевые счета в банках второго уровня.

      4. Установить оплату труда безработных граждан, участвующих в общественных работах, в размере двух минимальных заработных плат в месяц.

      5. Признать утратившим силу постановление акимата города Алматы "О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2007 году" от 30 декабря 2006 года N 8/1574 (зарегистрировано под N 731 в Реестре государственной регистрации нормативных  правовых актов, опубликовано 10 февраля 2007 года в газете "Алматы Акшамы" N 17 и 30 января 2007 года в газете "Вечерний Алматы" N 21 с 1 января 2008 года).

      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима города Алматы  Мукашева М.Ш.

      7. Настоящее постановление вводится в действие со дня  его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы                И. Тасмагамбетов

Утверждено          
постановлением акимата     
города Алматы         
от 27 декабря 2007 года N 10/1245

                                ПЕРЕЧЕНЬ
             организаций, виды и объемы  общественных работ
                  в городе Алматы на 2008 год<*>

N

Виды работ

Коли-
чество
занятых,
человек

Организации

1

Помощь организациям жилищно- коммунального хозяйства в уборке территорий

1444

Ассоциация кооперативов собственников помещений "Туран", ассоциация кооперативов собственников помещений "Исмер", ассоциация кооперативов собственников квартир города Алматы, отдел коммунального хозяйства аппарата акима Ауэзовского района, Медеуского района, отдел благоустройства аппарата акима Бостандыкского района, Ауэзовского района, объединение юридических лиц "Ассоциация Жетысу", общественное объединение "Карасу", общественное объединение "Улжан улысы", общественное объединение "Заря Востока ХХI",  товарищество с ограниченной ответственностью "Алтын када" и другие

2

Строительство и ремонт дорог

180

Дорожно-эксплуатационные участки и другие

3

Экологическое оздоровление региона (озеленение и благоустройство)

192

Акционерное общество "Зеленстрой", акционерное общество "Тэртіп" и другие

4

Помощь в проведении региональных общественных компаний

1260

Общественный фонд "Правопорядок-Т", общественный фонд содействия правоохранительным органам и народным дружинам (ДНД), управления юстиции районов города Алматы, управление миграционной полиции, государственное учреждение "Управление по делам обороны", комитеты местного самоуправления, общественное объединение "Казак тілі" и другие

5

Уход за престарелыми и инвалидами, работа с детьми, иные работы, связанные с оказанием социальных услуг, и другие

1160

Центр социальной поддержки семьи "Дана", кризисный центр "Забота", государственное учреждение "Центр по профилактике и борьбе со СПИДом", Добровольное общество инвалидов Турксибского района, Государственный фонд развития молодежной политики города Алматы, дворовые клубы, детские дома творчества, общественное объединение Союз многодетных семей Жетысуского района, Турксибского района, Благотворительный фонд Турксибского района, общественный фонд "Центр поддержки детей", товарищество с ограниченной ответственностью "Экспериментальное предприятие Казахского общества слепых", государственное учреждение Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан, общественное объединение "Городской центр женских инициатив", Республиканское общественное объединение многодетных матерей "Гибрат", коммунальное государственное предприятие "Биржа труда акимата города Алматы" и другие

6

Другие

264



ИТОГО

4500


        <*> в зависимости от спроса и предложения  количество участников в тех или иных работах, продолжительность участия и перечень организаций могут меняться в пределах средств, предусмотренных в бюджете города Алматы на проведение общественных работ на 2008 год.

      Организации, использующие труд безработных на общественных работах, могут устанавливать им доплату. В случае изменения законодательства о занятости населения в части оплаты труда безработных на общественных работах, размер оплаты может быть изменен.