Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2008.12.29 N 6/1019 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы"
Заңын
, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы"
Заңын
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836
қаулысын
басшылыққа алып, Алматы қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2008 жылға арналған ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiнiң ұсынылған тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментiне жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды орындау туралы шарттар жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi қала бюджетiнiң 2008 жылға арналған қоғамдық жұмыстарын өткiзуге қарастырылған қаражат шегiнде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберуін жүзеге асырсын;
қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екiншi деңгейдегі банктердегi жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргiзілсiн.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерiнде белгiленсiн.
5. Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 30 желтоқсандағы "2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу туралы" N 8/1574
қаулысының
күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде ретпен тіркелген N 731, 2007 жылғы 30 қаңтарда N 21 "Вечерний Алматы", 2007 жылғы 10 ақпанда N 17 "Алматы Ақшамы" газеттерінде жарияланған).
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсiн.
7. Осы қаулы ресми жарияланған алғашқы күннен бастап күшіне енеді.
Алматы қаласының әкiмi
Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
N 10/1245 қаулысымен
бекітілген
Алматы қаласындағы 2008 жылға арналған ұйымдар,
қоғамдық жұмыс көлемдері мен түрлерiнiң
ТIЗБЕСI*
N |
Ж ұ мыс т ү рлерi |
Ж ұ мыс iстейтiн адам саны |
Ұ йымдар |
1. |
Тұрғын үй-
|
1444 |
"Тұран" тұрғын жай меншік иелері кооперативiнің
|
2. |
Жол салу және оны жөндеу жұмыстары |
180 |
Жол - пайдалану учаскелерi және тағы басқалар. |
3. |
Өңірлік экологиялық
|
192 |
"Көгалдандыру" акционерлік қоғамы, "Тәртіп" акционерлік қоғамы және тағы басқалар. |
4. |
Өңірлік
|
1260 |
"Правопорядок-Т"
|
5. |
Қарт азаматтар мен мүгедектерге күтiм жасау, балалармен жұмыс жасау және басқа да әлеуметтiк қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды жүргiзу |
1160 |
"Дана" отбасын қолдау орталығы, "Қамқорлық" дағдарыс орталығы, "ЖКТБ алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы" мемлекеттік мекемесі, Түрксіб ауданы "Мүгедектер ерікті қоғамы" қоғамдық
|
6 |
Басқалар |
264 |
|
|
БАРЛЫ Ғ Ы |
4500 |
|
* Жұмыс түрлерiне қатысатын адам саны, қатысу ұзақтығы сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарды өткiзуге 2008 жылға арналған қала бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде өзгеруi мүмкiн.
Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыста пайдаланатын ұйымдар қосымша ақы төлей алады. Қолданыстағы халықты жұмыспен қамту заңының қоғамдық жұмыстарда еңбекке ақы төлеу бөлiгiнде өзгерiстер болған жағдайда еңбекақының мөлшерi өзгеруi мүмкiн.