2007 жылы облыс ормандарын өртке қарсы қорғау жөніндегі шаралар туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 91 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 15 мамырда N 1646 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011 жылғы 17 қазандағы N 01.04-08/2964 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 Орман кодексінің 15-бабын орындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2007 жылы орман өртінің алдын алу және облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында онымен күресу жөніндегі өртке қарсы іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Жеке тұлғаларға өрт қаупі кезеңінде мыналарға тыйым салынсын:
      Солтүстік Қазақстан облыстық табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаментінің келісімінсіз ормандарда мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге;
      ормандағы жұмыстарда тұтандырғыш жүйесінде ақаулықтары бар және ұшқын сөндіргіші жоқ автомобильдерді және басқа механизмдерді пайдалануға тыйым салынсын.

      3. Солтүстік Қазақстан облысының білім департаменті оқушылар мен студенттер арасында ормандағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын ұдайы жүргізсін.

      4. Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті автомобиль жолдары жиегіндегі минералдандырылған алқаптарды таза жағдайда ұстасын.

      5. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық басқармасына (келісім бойынша) автомобиль жолдары жиегіндегі тосқауыл және қорғаныш алқаптарын тиісті өртке қарсы жағдайда ұстау ұсынылсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.С.Біләловке жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Облыс әкімдігінің 2007 жылғы
10 сәуірдегі N 91 қаулысына
қосымша        

2007 жылғы орман өртінің алдын алу және облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында онымен күресу жөніндегі өртке қарсы іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Жауаптылар

Орындалу
мерзімі

1. Өрт-химиялық стансаны, өртке қарсы жасақтарды, тірек бекетін, қажетті қызметкерлерімен өртке қарсы керек-
жарақтарымен және техникамен, жанар-жағар май материалдарымен жабдықтау. Орман өрттерін табу және сөндіру бойынша құралдарды толығымен дайындау

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

ағымдағы жылдың
4
маусымына
дейін

2. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ормандарда өрт қауіпсіздігі тәртібін бұзған кінәлілердің жауапкершілік шараларын түсіндіріп орман өртінің алдын алу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Үнемі

3. Өрт қауіпі кезеңінде мемлекеттік орман қорғау мекемелері техникалық құралдарын орман қорғауға байланысты жұмыстарға пайдалануды қамтамасыз ету

Петропавл қаласы және аудан әкімдері

4 маусымнан бастап өрт қауіпі кезеңінің аяқталуына дейін

4. Жоғарғы өрт қауіпі кезеңінде техникалық құралдардың шектеу және  орман ескерткіштері мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтарына, қылқанды орманға жеке тұлғалардың баруына тыйым салу, кіретін жерлерге уақытша біріккен жол полициясы мен мемлекеттік орман қорғау бекетін қою

Петропавл қаласы және аудан әкімдері, ішкі істер департаменті, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

ағымдағы жылдың
мамыр
айы

5. Жоғарғы өрт қауіпі кезеңінде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында мекендеуіне, орман пайдалану құқығын тоқтатуға дейін тыйым салу 

Петропавл қаласы және аудан әкімдері, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

үнемі

6. «Қоршаған ортаға орман өртінің әсер етуі» тақырыбына жалпы мектеп жиналысы, сынып сағаттар, азаматтар жиылымының кестесін әзірлеу және бекіту

Аудан әкімдері, білім беру және ауыл шаруашылық департаменттері

кесте бойынша

7. Орман және дала өртімен қамтылған аумақтардан тұрғындарды эвакуациялау жүргізу мәселелері қарастыру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті

кесте бойынша

8. Орман қоры жерлерінде және орман массивтері аумағында орналасқан объектілерге өрт-техникалық тексеріс жүргізу

Солтүстік Қазақстан облысының өртке қарсы қызмет департаменті

ағымдағы жылдың сәуір-мамыр

9. Көктем-егістік жұмыстарын дайындау және өткізу бойынша аудандық кеңестерде облыс ормандарын сақтау мәселелерін қарастыру

Петропавл қаласы және аудан әкімдері, ауыл шаруашылық департаменті, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

өткізу шамасы бойынша

10. Өртке қарсы іс-шараларды орындау бойынша айлық өткізу

Аумақтық орман және аң шаруашылығы басқармасы, ішкі істер басқармасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар нысанындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасы, табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

ағымдағы жылдың 4 маусымынан 4 шілдеге дейін, 20 тамыздан 20 қыркүйекке дейінгі кезеңдер

11. Неғұрлым көп барылатын және өрт қауіпі орындарына жол бағыттарын әзірлеу

Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті, Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

ағымдағы жылдың 4 маусымы

О мерах по противопожарной охране лесов области в 2007 году

Постановление Акимата Северо-Казахстанской области от 10 апреля 2007 года N 91. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 15 мая 2007 года N 1646. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо аппарата акима Северо-Казахстанской области от 17 октября 2011 года N 01.04-08/2964)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо аппарата акима Северо-Казахстанской области от 17.10.2011 N 01.04-08/2964)

      Во исполнение статьи 15 Лесного кодекса Республики Казахстан от 8 июля 2003 года N 477 акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Противопожарные мероприятия по профилактике лесных пожаров и борьбе с ними на территории государственного лесного фонда области в 2007 году осуществлять в соответствии с прилагаемым Планом.
      2. Запретить физическим лицам в пожароопасный период:
      проведение культурно-массовых мероприятий в лесах без согласования с Департаментом природных ресурсов и регулирования природопользования Северо-Казахстанской области;
      использование на работах в лесу автомобилей и других механизмов с неисправностями в системе зажигания, питания и без искрогасителей.
      3. Департаменту образования Северо-Казахстанской области регулярно проводить разъяснительную работу среди учащихся и студентов о соблюдении мер пожарной безопасности в лесах.
      4. Департаменту пассажирского транспорта и автомобильных      дорог Северо-Казахстанской области содержать минерализованные полосы вдоль автомобильных дорог в чистом состоянии.
      5. Рекомендовать Северо-Казахстанскому областному управлению Комитета развития транспортной инфраструктуры Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (по согласованию) содержать в надлежащем противопожарном состоянии барьерные и защитные полосы вдоль автомобильных дорог.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Билялова С.С.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким области

Приложение
      к постановлению акимата области
      от 10 апреля 2007 года N 91

План противопожарных мероприятий по профилактике лесных пожаров и борьбе с ними на территории государственного лесного фонда области в 2007 году

Мероприятия

Ответственный

Срок исполнения

1.Укомплектовать пожарно-химические станции, пожарные дружины, опорные пункты необходимым персоналом, противопожарным инвентарем, техникой, запасом горюче смазочных материалов. Привести в полную готовность средства по обнаружению и тушению лесных пожаров

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования, государственный национальный природный парк «Кокшетау»

до 4 июня текущего года

2. Организовать широкую разъяснительную работу через средства массовой информации по предупреждению лесных пожаров с разъяснением мер ответственности лиц, виновных в нарушении правил пожарной безопасности в лесах

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования, государственный национальный природный парк «Кокшетау

постоянно

3. Учреждениям государственной лесной охраны на весь пожароопасный период обеспечить использование технических средств на работах связанных с противопожарной охраной лесов

Акимы районов, департамент природных ресурсов и регулирования природопользования

с 4 июня до окончания пожаро-
опасного сезона

4. В период высокой пожарной опасности ограничить въезд технических средств и запретить посещение физическими лицами памятников природы и особо охраняемых природных территорий, хвойных насаждений, на въездах выставить временные совместные посты дорожной полиции и государственной лесной охраны

Акимы районов, департамент внутренних дел, департамент природных ресурсов и регулирования природопользования, государственный национальный природный парк «Кокшетау»

май месяц текущего года

5. На период высокой пожарной опасности в лесу запретить пребывание физических лиц на территории государственного лесного фонда, вплоть до приостановления права лесопользования

Акимы районов, департамент природных ресурсов и регулирования, государственный национальный природный парк «Кокшетау» природопользования

постоянно

6. Разработать и утвердить график схода граждан, общешкольных линеек классных часов на тему «Влияние лесных пожаров на окружающую среду»

Акимы районов, департаменты образования и сельского хозяйства

по графику

7. Отработать вопросы проведения возможной эвакуации населения с территории, охваченной лесным и степным пожаром

Департамент чрезвычайных ситуаций Северо-Казахстанс-
кой области Министерства чрезвычайных ситуаций Республики Казахстан

по графику

8. Провести пожарно-техническое обследование объектов прилегающих к лесному фонду и расположенных на территории лесных массивов

Департамент противопожарной службы Северо-
Казахстанской области

апрель-май текущего года

9. На районных совещаниях по подготовке и проведению весенних и осенних полевых работ рассмотреть вопросы сохранности лесов области от пожаров

Акимы районов и города Петропавловска, департамент сельского хозяйства, департамент природных ресурсов и регулирования природопользования, государственный национальный природный парк «Кокшетау

по мере проведения

10. Провести месячники по выполнению противопожарных мероприятий

Северо-Казахстанс-
кое областное территориальное управление лесного и охотничьего хозяйства, департамент внутренних дел, департамент чрезвычайных ситуаций Северо-Казахстанс-
кой области Министерства чрезвычайных ситуаций Республики Казахстан, департамент противопожарной службы Северо-Казахстанс-
кой области, департамент природных ресурсов и регулирования природопользования, государственный национальный природный парк «Кокшетау

в период с 4 июня по 4 июля, с 20 августа по 20 сентября текущего года

11. Разработать маршруты по наиболее посещаемым и опасным в пожарном отношении местам

Департамент природных ресурсов и регулирования природопользования, государственный национальный природный парк «Кокшетау»

к 4 июня текущего года