Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Протездік-ортопедтік көмек көрсету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсан
N 1964 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Протездік-ортопедтік көмек көрсету үшін мүгедектердің
құжаттарын ресімдеу"
1. Протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдеде бекітілген мүгедектерге протездік- ортапедиялық көмек көрсету және техникалық көмекші (өтемдеуіштік) құралдармен қамтамасыз ету N 754 ереженің 11 тармағы, "Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері", "Протездік- ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұратын мекен-жайы бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш береді" негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі)- хабарлама.
(анықтама, рұқсат, лицензия, сертификат, куәлік және т.б.)
6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ,
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызметтік міндетін орындауға байланысты мүгедек болған әскери қызметшілер;
3) қызметтік міндетін орындауға байланысты мүгедек болған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарынан басқарушылық және қатардағы құрамдағы тұлғалар;
4) жалпы аурудан мүгедектер;
5) бала жасынан мүгедектер;
6) 8мүгедек-балалар;
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі- күнтізбелік отыз күннен кем емес.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты орналасқан орын:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй.
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары: мүмкіндіктері шектеулі адамдарға күту залы- пандус, отыруға орындықтар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін, оның ішінде жеңілдіктері бар адамдар үшін қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесін көрсету:
1) Өтініш бланкісі;
2) Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00- ден сағат 18.00-ге дейін , түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 11, N 12 кабинет, телефондары: 34-45-70, 31-11-27.
Ескерту. 12 тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1530 Қаулысымен.
13. барлық қажетті өтініштер бланкісі қабылдау бөлімінің маманында бар.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 11, N 12 кабинет.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Қызмет көрсету тәсілі- өзінің келуі.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжайда беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 11, N 12 кабинеттер.
17. Жалған мәліметтер және анық емес мәліметтер беру мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіз болып табылады.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
1) қызмет көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
2) мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі;
3) белгіленген үлгідегі өтініштерді және оған қоса берілетін бланкілерді тегін алу;
4) шешім қабылдағаны туралы хабарлама алу, қабыл алынбаған жағдайда хабарламада қабылдамаудың себептері көрсетіледі.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшада көрсетілген сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
22. Шағым беріледі:
1) "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz;
2) Жоғарыда тұрған ұйымға;
3) сот.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды қарастыратын құжат: өтініштерін қабылдау туралы талон, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алатын орын- "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат- Протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін мүгедектердің құжаттарын ресімдеу мүмкіндігі.