Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Балалар психоневрологиялық дәрігерлік- әлеуметтік мекемелеріне әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Петропавл қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 11 желтоқсандағы
N 1976 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты "Балалар психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелеріне әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу"
1. Негізгі ұғымдар
1.Балалар психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет балалар психоневрологиялық дәрігерлік- әлеуметтік мекемеде қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің міндетін атқарушы бұйрығымен бекітілген 2005 жылғы 1 желтоқсандағы "Балалар психоневрологиялық медиктік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге жолдауды халықты әлеуметтік қорғау саласында уәкілетті облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астана) орган жүзеге асырады" N 306-п Үлгі ережесінің 3 тарау 8 тармағы.
4. Осы мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім" мемлекеттік мекемесі ұсынады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі)-хабарлама.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі - 16 жасқа дейінгі мүгедектерге.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері- күнтізбелік отыз күннен кем емес.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты орналасқан орын:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй.
10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары: мүмкіндіктері шектеулі адамдарға күту залы, пандус, отыруға орындықтар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) бала ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші немесе медицина ұйымдарының қолдаухаты;
2)тууы туралы куәлік немесе жеке куәлігі;
3)салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік;
4) мүгедектігі туралы анықтамадан жазылған үзіндінің көшірмесі;
5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
6) медициналық карта;
7)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы;
8) амбулаторлық картадан көшірме;
9) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан жазылған үзіндінің көшірмесі.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1523 Қаулысымен.
13. Барлық қажетті өтініштер бланкісі қабылдау бөлімінің маманында бар.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, 11,12 кабинет.
15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Қызмет көрсетудің тәсілі - баланың ата-аналары (заңды өкілдері) немесе медициналық ұйымдардың қолдаухаты.
Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 11,N 12 кабинеттер.
Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08 N 1523 Қаулысымен.
17. Жалған мәліметтер және анық емес мәліметтер беру мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін негіз болып табылады.
18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
қызмет көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі;
белгіленген үлгідегі өтініштерді және оған қоса берілетін бланкілерді тегін алу;
шешім қабылдағаны туралы хабарлама алу, қабыл алынбаған жағдайда хабарламада қабылдамаудың себептері көрсетіледі.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшада көрсетілген сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі: gu pavl@mail.online.kz.
22. Шағым беріледі:
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz;
Жоғарыда тұрған ұйымға;
сот.
23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды қарастыратын құжат: өтініштерін қабылдау туралы талон, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алатын орын- "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі: gu pavl@mail.online.kz.
"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі: gu pavl@mail.online.kz.
25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат- Балалар психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетуге 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды ресімдеу мүмкіндігі.