Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелеріне әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1976 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 1523 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазанда N 13-1-130 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.31 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының 28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар психоневрологиялық дәрігерлік-әлеуметтік мекемелеріне әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1976 қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-104, "Проспект СК" газетінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 санында, "Қызылжар нұры" газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      6 тармағындағы "16" саны "18" санымен ауыстырылсын;
      12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) бала ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші немесе медицина ұйымдарының қолдаухаты;
      2) тууы туралы куәлік немесе жеке куәлігі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі берілгені туралы куәлік;
      4) мүгедектігі туралы анықтамадан жазылған үзіндінің көшірмесі;
      5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәлік;
      6) медициналық карта;
      7)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы;
      8) амбулаторлық картадан көшірме;
      9) мүгедекті оңалтудың  жеке бағдарламасынан жазылған үзіндінің көшірмесі.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27."
      16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "16. Қызмет көрсетудің тәсілі - баланың ата-аналары (заңды өкілдері) немесе медициналық ұйымдардың қолдаухаты.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекен-жай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 11, N 12 кабинеттер.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімінің м.а.                 Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады