Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.11.02 N 264 Қаулысымен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған үлгі стандарты бекітілсін.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына осы қаулыны бөлімнің қызметкерлері оқып білсін және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Биболаев
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 347 қаулысымен
бекітілді
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ереже
1. Бұл үлгі стандарты Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (ілгеріде – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: жарым жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 Қаулысының 4-тармағы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу Ережесінің 2 тарауы 10-тармағы 3) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі көрсетеді, орналасқан жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат).
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нышаны тұтынушы алатын талон, хабарлау (хат) болып табылады.
6. Осы мемлекеттік қызмет 1949-1965 жылдардағы, 1966-1990 жылдардағы әуе және жердегі ядролық жарылыстарды іске асыру кезіндегі радиоактивтік қалдықтармен ластанған аумақтарда тұратын, жұмыс істейтін немесе әскери міндеттерін (оның ішінде жедел әсери қызметті) өтеп жатқан азаматтарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызметті тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен: 30 күнге дейін;
2)қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 20 минут;
3)мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут.
8. Осы мемлекеттік қызмет ақысыз жүргізіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және және қажетті құжаттар туралы ақпараттар, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері “Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” Мемлекеттік мекемесінің стендінде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 үйде орналасқан (бірінші қабат).
10. Мемлекеттік қызметті аптасына бес рет дүйсенбіден-жұмаға дейін ұсынады, жергілікті уақытпен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс.
Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылмайды және жылдам қызмет көрсетілмейді.
11. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратында күту залы, құжаттарды толтыратын орындар, қажетті құжаттардың тізбесі мен олардың толтырылған үлгілері бар стенд ұйымдастырылған, мүмкіндігі шектелген азаматтарға пандус, отыратын орындықтар бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші
1) белгіленген нысандағы өтінішін;
2) жеке куәлігін (паспорт);
3) тұрғылықты жерінен анықтамасын;
4) сақтау кітапшасы немесе өтемақы беру бойынша уәкілетті органнан шартты;
5) 1949 жылдан 1965 жылдар, 1966 жылдан 1990 жылдар аралығындағы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұрған кезеңін (жұмыс, әскери қызмет) растайтын құжаттарын тапсырады.
1949 жылдан 1965 жылдар, 1966 жылдан 1990 жылдар аралығындағы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұрған кезеңін (жұмыс, әскери қызмет) растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
мұрағаттық анықтамалар, халық депутаттарының селолық, поселкелік (ауылдық) Кеңестерінің анықтамалары, тұрғын үй-пайдалану басқармасы, үй басқармасының, поселке, ауыл, село, ауылдық селолық округтар Әкімдерінің, пәтер иелері кооперативінің анықтамалары;
еңбек кітапшасы;
оқу орнын аяқтағаны туралы диплом;
әскери билет;
туу туралы куәлік;
орта білім туралы аттестат;
негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік.
13. Бланкілер «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде беріледі. Мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), № 8 кабинет.
14. Қажетті құжаттардың толық қоржыны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат), № 8 кабинет, телефон 2-26-11.
15. Қажетті құжаттарды тапсырған өтініш иесіне қабылданған күні мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Хабар пошта арқылы жіберіледі немесе мына мекен-жайға: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Дружба көшесі № 6, № 8 кабинетте тұтынушының жеке өзінің қабылдауда болғанында ғана беріледі.
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) өтініш берушінің ұсынған мәліметтерінің дұрыс болмаған жағдайында;
2) құжаттар мәліметінің дәйексіздігінде;
3) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматқа өтемақы төлеу фактісі анықталған жағдайда.
3. Жұмыс принціпі
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің қызметі адамның конституциялық құқығын, мемлекеттік міндетін орындау заңдылығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін сақтағанда және сыпайылық, жан-жақты толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық принциптерінде жүзеге асады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша орын алған дағуа әрекеттеріне шағымдану Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлар бөлімінің бастығына немесе орынбасарына немесе Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің бастығының атына ұсынылады.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісімен шешіледі.
22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электронды пошта немесе қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері шабарман арқылы қабылданады.
23. Қабылданған шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым иесіне шағымын қабылдағандықтары туралы жыртпалы талон беріледі, онда қабылданған күні мен уақыты көрсетілген.
Қаралған шағымдарының нәтижелерін шағымданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпарат
24. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 1 кабинет, телефон 2-13-38 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail. online.kz.
25. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 4 кабинет, телефон 2-26-09 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail. online.kz.
26. «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қаласы Абай көшесі 64, телефон 46-56-48, № 213 кабинет, электрондық поштаның мекен-жайы : obl_dep@mail.online.kz.
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық
сынақтардың салдарынан зардап шеккен
азаматтарды тіркеу және есепке алу» бойынша
мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің
мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік |
Көрсеткіш- тердің норматив- тік мағы- насы |
Келесі жылдағы |
Есеп беру жылындағы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дер кезділік |
|||
1.1. құжатты тапсыр- ған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсетудің % (үлесі) жағдайлары |
98 |
98 |
98 |
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) |
85 |
85 |
85 |
2. Сапа |
|||
2.1. қызмет |
85 |
85 |
85 |
2.2. лауазымды тұлға- лармен құжаттарды |
99 |
99 |
99 |
3. Қол жеткізушілік |
|||
3.1. қызмет көрсету- лер тәртібі туралы |
88 |
88 |
88 |
3.2. тұтынушылармен |
77 |
77 |
77 |
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын |
47 |
47 |
47 |
4. Шағымдану үрдісі |
|||
4.1. іс бойынша қыз- мет көрсетілген тұты- нушылардың жалпы санына негізделген |
0,4 |
0,4 |
0,4 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі) |
99 |
99 |
99 |
4.3. шағымданудың |
90 |
90 |
90 |
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттан- ған тұтынушылар % |
90 |
90 |
90 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағат-танған тұтынушылар % (үлесі) |
89 |
89 |
89 |