Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 462 бабына,
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық
Кодексінің 19 бабына және Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 295-б бұйрығына
сәйкес, ІІІ-сайланған облыстық мәслихат кезекті XXIV сессиясында
шешім етті:
1. 2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақы ставкалары төмендегі қосымшаларға сәйкес белгіленсін:
1) тұрақты көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш
заттар эмиссиясы үшін төлемақысы (1 қосымша);
2) жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш
заттар эмиссиясы үшін төлемақысы (2 қосымша);
3) су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына, жер бедеріне,
жинақтағыштарға, жер қойнауына ластағыш заттарды тастағаны үшін
эмиссия төлемақысы (3 қосымша);
4) улылық сыныптарына қарай өндірістік және тұтыну
қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін эмиссия
төлемақысы (4 қосымша);
5) атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық
төлемақысы (5 қосымша).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың
бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер
және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін
(М.Шырдабаев).
3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап
күшіне енеді.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың XXIV
сессиясының төрайымы,
мәслихат хатшысы
Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы
11 сәуірдегі N№394-ІІІ шешіміне
№1 қосымша
Атмосфералық ауаға тұрақты көздерден шығарылған ластағыш
заттар үшін эмиссия төлемінің аймақтық нормативтері
(ставкалары) (шартты тонна).
Аймақ |
теңге/ шартты тонна |
Атырау облысы |
2748 |
Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы
11 сәуірдегі № 394-ІІІ шешіміне
№ 2 қосымша
Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден (автокөліктер,
тепловоздар, өзен және теңіз кемелері, жол-құрылыс, ауыл
шаруашылығы, басқа да іштен жанатын қозғалтқыштармен
жабдықталған техникалар) шығарылған ластағыш заттар
эмиссиясы үшін нормативтік төлемдер (ставкалары)
№ |
Отын түрлері |
Теңге/нақты тонна |
1. |
Этилденбеген бензин |
414 |
2. |
Этилденген бензин |
516 |
3. |
Дизель отыны |
653 |
4. |
Сұйытылған мұнай газы |
372 |
5. |
Табиғи газ |
252 |
Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы
11 сәуірдегі N№394-ІІІ шешіміне
3 қосымша
Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны үшін
эмиссия төлем (ставкасы) нормативтері (шартты тонна)
Аймақ |
Теңге/шартты тонна |
Су объектіліріне |
20504 |
Сүзгіден өткізу алаңдарына, жер қойнауына, жинақтаушы тоғандарға |
19170 |
Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы
11 сәуірдегі N№394-ІІІ шешіміне
№4 қосымша
Улылық сыныптарына қарай өндіру және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін эмиссия төлемі нормативтері (ставкалары) (нақты тонна)
№ |
Қалдықтардың улылық сыныбы |
Балл саны |
Қауіптілік дәрежесі |
Төлем нормативі ставкасы теңге/нақты тонна |
1. |
1 |
32 |
Төтенше қауіпті |
41032 |
2. |
2 |
16 |
Жоғары дәрежеде қауіпті |
20516 |
3. |
3 |
4 |
Бірқалыпты дәрежеде қауіпті |
5130 |
4. |
4 |
2 |
Төмен дәрежеде қауіпті |
2565 |
5. |
5 |
1 |
Улылықсыз |
1282 |
Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы
11 сәуірдегі N№394-ІІІ шешіміне
№5 қосымша
Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлем нормативтері (ставкасы) (Гкал).
Аймақ |
Өлшем бірлігі |
Атырау облысы |
Теңге/Гкал |
Алауларда газ жағудан атмосфераның жылулықпен ластануы |
516 |