2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 394-ІІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 15 мамырда N 2490 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № 275/1711/-МШ хатымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
       Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 462 бабына,
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық
Кодексінің 19 бабына және Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны
қорғау министрлігінің 2006 жылғы 4 қазандағы № 295-б бұйрығына
сәйкес, ІІІ-сайланған облыстық мәслихат кезекті XXIV сессиясында
шешім етті:
      1. 2007 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін
төлемақы ставкалары төмендегі қосымшаларға сәйкес белгіленсін:
      1) тұрақты көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш
заттар эмиссиясы үшін төлемақысы (1 қосымша);
      2) жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға шығарылған ластағыш
заттар эмиссиясы үшін төлемақысы (2 қосымша);
      3) су объектілеріне, сүзгілеу алаңдарына, жер бедеріне,
жинақтағыштарға, жер қойнауына ластағыш заттарды тастағаны үшін
эмиссия төлемақысы (3 қосымша);
      4) улылық сыныптарына қарай өндірістік және тұтыну
қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін эмиссия
төлемақысы (4 қосымша);
      5) атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық 
төлемақысы (5 қосымша).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың
бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер
және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына  жүктелсін
(М.Шырдабаев).
      3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап
күшіне енеді.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың XXIV
      сессиясының төрайымы, 
      мәслихат хатшысы

Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы 
11 сәуірдегі N№394-ІІІ шешіміне 
№1 қосымша

  Атмосфералық ауаға тұрақты көздерден шығарылған ластағыш
заттар үшін эмиссия төлемінің аймақтық нормативтері
(ставкалары) (шартты тонна).

Аймақ

теңге/ шартты тонна

Атырау облысы

2748

Атырау облыстық мәслихаттың  
XXIV сессиясының 2007 жылғы  
11 сәуірдегі № 394-ІІІ шешіміне 
№ 2 қосымша

Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден (автокөліктер,
тепловоздар, өзен және теңіз кемелері, жол-құрылыс, ауыл
шаруашылығы, басқа да іштен жанатын қозғалтқыштармен
жабдықталған техникалар) шығарылған ластағыш заттар
эмиссиясы үшін нормативтік төлемдер (ставкалары)

Отын түрлері

Теңге/нақты тонна

1.

Этилденбеген бензин

414

2.

Этилденген  бензин

516

3.

Дизель отыны

653

4.

Сұйытылған мұнай газы

372

5.

Табиғи газ

252

Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы 
11 сәуірдегі N№394-ІІІ шешіміне 
3 қосымша

Қоршаған ортаға ластағыш заттарды тастағаны үшін
эмиссия төлем (ставкасы) нормативтері (шартты тонна)

Аймақ

Теңге/шартты тонна

Су объектіліріне

20504

Сүзгіден өткізу алаңдарына, жер қойнауына, жинақтаушы тоғандарға

19170

Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы 
11 сәуірдегі N№394-ІІІ шешіміне 
№4 қосымша

Улылық сыныптарына қарай өндіру және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны, сақтағаны (көмгені) үшін эмиссия төлемі нормативтері (ставкалары) (нақты тонна)

Қалдықтардың улылық сыныбы

Балл саны

Қауіптілік дәрежесі

Төлем нормативі ставкасы теңге/нақты тонна

1.

1

32

Төтенше қауіпті

41032

2.

2

16

Жоғары дәрежеде қауіпті

20516

3.

3

4

Бірқалыпты дәрежеде қауіпті

5130

4.

4

2

Төмен дәрежеде қауіпті

2565

5.

5

1

Улылықсыз

1282

Атырау облыстық мәслихаттың
XXIV сессиясының 2007 жылғы 
11 сәуірдегі N№394-ІІІ шешіміне 
№5 қосымша

Атмосфералық ауаны жылулықпен ластағаны үшін аймақтық төлем нормативтері (ставкасы) (Гкал).

Аймақ

Өлшем бірлігі

Атырау облысы

Теңге/Гкал

Алауларда газ жағудан атмосфераның жылулықпен ластануы

516

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады