Ескерту: Күші жойылды - Атырау облысы әкімиятының 2009.03.27 N 62 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209 "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің N 245 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабына сәйкес, облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Облыс әкімиятының 2007 жылғы 16 наурыздағы N 76 "Қосымша қосылатын электр қуатының бірлігі үшін төлемнің мөлшері" туралы қаулысына (Атырау облысы әділет департаментінде 2007 жылы 3 сәуірде N 2485 тіркелген, 2007 жылы 19 сәуірдегі N 44 "Прикаспийская коммуна", 2007 жылы 19 сәуірдегі N 44 "Атырау" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақта "71788 (жетпіс бір мың жеті жүз сексен сегіз) теңге" деген сөздер "71158 (жетпіс бір мың бір жүз елу сегіз) теңге 28 (жиырма сегіз) тиын" деген сөздерге ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.К.Еңсегеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Облыс әкімі