Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 қазандағы N 2-7 шешімі мен Жылыой ауданы әкімиятының 2007 жылғы 17 қазандағы N 243 қаулысы негізінде облыстық мәслихат шешім етті және облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Жылыой ауданы Жем селолық округінің шекарасы оған Жылыой ауданы аумағының босалқы учаскелерінен 5600 гектар жер қосу арқылы өзгертілсін.
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың ІІІ Облыс әкімі
сессиясының төрағасы Б. Рысқалиев
Ж. Дүйсенғалиев
Облыстық мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев