Атырау облысы Жылыой ауданы Жем селолық округінің шекарасын өзгерту туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 38-ІV шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 279 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 16 қаңтарда N 2504 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының 11 бабына сәйкес, Жылыой аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 қазандағы N 2-7 шешімі мен Жылыой ауданы әкімиятының 2007 жылғы 17 қазандағы N 243 қаулысы негізінде облыстық мәслихат шешім етті және облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Жылыой ауданы Жем селолық округінің шекарасы оған Жылыой ауданы аумағының босалқы учаскелерінен 5600 гектар жер қосу арқылы өзгертілсін.
      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың ІІІ                   Облыс әкімі
      сессиясының төрағасы                       Б. Рысқалиев
      Ж. Дүйсенғалиев

      Облыстық мәслихат хатшысы                  Ж. Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады