Оңтүстік Қазақстан облысының "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ережені бекіту

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2007 жылғы 24 тамыздағы N 269 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылы 6 қыркүйекте N 1964 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен. 
      1. Оңтүстік Қазақстан облысының "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ереже (қоса тіркеледі) бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары И.Ә.Әбішевке жүктелсін.
      3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы алғыш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі                                Ө.Шөкеев
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары          И.Әбішев
      Облыс әкімінің орынбасары                  Т.Дүйсенова
      Облыс әкімінің орынбасары                  А.Жетпісбаев
      Облыс әкімінің орынбасары                  А.Мамытбеков
      Облыс әкімінің орынбасары                  Д.Мыңбай
      Облыс әкімі аппаратының басшысы            Б.Жылқышиев
      Облыстық экономика және бюджеттік
      жоспарлау департаментінің директоры        Ж.Аманбаев
      Облыстық қаржы департаментінің директоры   Ы.Шалабаев

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 24 тамыздағы N 269 қаулысымен
бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысының "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ереже 1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне мекенжайды тіркеудің тәртібі мен оның құрылымы туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 3аңдарының талаптарына сәйкес және облыс аумағында Оңтүстік Қазақстан облысының "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі - Мекенжай тіркелім) мекенжайларын, құрылымы мен құрамын тіркеудің бірыңғай ережелері және оны жүргізудің тәртібін белгілейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.
      2. Осы Ереженің күші Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық меншік нысандарының жылжымайтын мүлік объектілері туралы мекенжайлық ақпараттың барлық түрлеріне таралады.
      3. Жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында бірегей мекенжай атауы беріледі. Жылжымайтын мүліктің заңды мекенжайы (бұдан әрі - мекенжайы) мекенжай беру немесе өзгерту рәсімдері жүргізілгеннен кейін Мекенжай тіркелімінде тіркелген мекенжай болып табылады.
      4. Мекенжай тіркелімі "электронды үкіметтің" бірыңғай сәулетінің құрамдас бөлігі, мемлекеттік ақпарат ресурсы және Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылжымайтын объектілердің мекенжайлары туралы деректердің ресми көзі болып табылады.
      5. Мекенжай тіркелімін құру және мекенжайлар берудің бірыңғай тәртібін енгізудің негізгі мақсаттары:
      1) жылжымайтын мүлікті пайдаланудың әр кезеңінде қайтадан салынған, жаңартылған және пайдаланымға берілген объектілер мекенжайларының бір ортаға бағынған есебін қамтамасыз ету;
      2) мекенжай тіркелімінде тіркелген жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының орналасу орнына сәйкестігін қамтамасыз ету;
      3) объектілердің мекенжайлары туралы мәліметтермен ақпараттық қамтамасыз ету үшін негіз құру болып табылады.
      6. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжайлар беру және Мекенжай тіркелімінде оларды тіркеуді, елді мекендердің кезекші мекенжайлық жоспарларын жүргізуді, елді мекендегі мекенжайлар туралы ақпараттар беруді Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Сарыағаш, Мақтаарал, Төлеби, Созақ, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт, Сайрам, Шардара, Түлкібас аудандары мен Шымкент, Кентау, Арыс, Түркістан қалаларының атқарушы органдары жүзеге асырады.

2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар 

      7. Мекенжай - Оңтүстік Қазақстан облысының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, ғимараттың, имараттың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің белгіленген құрылымдық сипаттамасы.
      8. Мекенжайлық тіркелім - мекенжайлар және мекенжайлар элементтерінің, сондай-ақ олардың есеп жүйелері жазуының жиынтығы.
      9. Мекенжайларды жою - Мекенжайлық тіркелімнен жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайы туралы жазуды шығару.
      10. Жылжымайтын мүліктің туынды объектісі - азаматтық құқықтың дербес объектісі (пәтер, тұрғын және тұрғын емес орын-жай, соның ішінде салынған және жалғай салынған) болып табылатын жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісінің кеңістік бөлігі.
      11. Геоним - көшелер, алаңдар, сызықтар, саяжолдар, желекжолдар, жолдар, жағалаулар, қысқа көшелер, даңғылдар, өту жолдар және тағы басқа атаулар үшін, яғни аталған қала құрылысы объектілері жөніндегі жалпылама түсінік.
      12. Жер учаскесі - белгіленген Жер кодексі тәртібімен жер қатынастары субъектілеріне бекітілген тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі.
      13. Ғимарат - функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үдерісті орнатуға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы басқаларын орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      14. "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесі - Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында жылжымайтын мүліктің тіркелген объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратпен, әкімшілік-аумақтық бірліктер туралы ақпаратпен мемлекеттік басқару органдарын қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
      15. Кадастрлық нөмір - заңнамада белгіленген рәсімге сәйкес берілетін және жер учаскесі біртұтас болып тұрған кезде ғана сақталатын, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын жер учаскесінің жеке коды.
      16. Объектінің реттік нөмірі - объектінің мекенжай құрылымының элементі: атауы (көше, шағын аудан және басқалар) бар объектілерге берілетін әріптер және (немесе) бөлшектер қосылу мүмкіндігімен бірізділік цифрдан тұратын объектінің жай нөмірі.
      17. Жылжымайтын мүлік объектілері - жермен тығыз байланысты жер учаскелері, ғимараттар, имараттар және басқа мүліктер, яғни оларды тағайындаудың мүмкін емес мөлшерсіз залалы болатын ауыстырушылық объектілер.
      18. Жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі - жер учаскесі, ғимарат, имарат.
      19. Мекенжайлық тіркелім - жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын белгілейтін құжаттардан мәліметтер құрайтын жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы және мекенжай элементі туралы жазуды Мекенжайлық тіркелімге енгізу, сондай-ақ "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесіне енгізу жөніндегі мәліметтер.
      20. Өңір - бұл Қазақстан Республикасы әкімшілік-аумақтық құрылысына сәйкес құрылатын және басқарылатын бірнеше елді мекендерді енгізетін республика аумағының бөлігі.
      21. Имарат - табиғи және жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты) объект. Имарат, сондай-ақ құрылыс көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін.
      22. Мекенжай элементі - аумақта жылжымайтын мүлік объектісінің орналасу жерін сипаттайтын реквизит.

3. Мекен-жайлық тіркелімді енгізудің ережесі 

      23. Мекенжайлық тіркелім Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аумағында жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайлары және мекенжайлар элементтері туралы мәліметтерді құрайтын жазулар жиынтығы болып табылды.
      24. Әрбір мекенжай объектісінде Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аумағында мекенжай объектісінің орналасқан жері туралы мәліметтерді құрайтын және уақытында өзгертілмеген жазулар жүйесінің бірегей нөмірі болады.
      25. Мекенжайлық тіркелімді жүргізу келесі рәсімдердің біртұтас жүйесін кұрайды:
      1) мекенжай немесе мекенжай элементтерін тіркеу;
      2) мекенжайлар, мекенжай атауын қайта беру элементтері сияқты өзгерістерді тіркеу;
      3) мекенжайлар немесе мекенжайлар элементтерін жоюды тіркеу;
      4) ақпараттарды сақтау;
      5) Мекенжайлық тіркелімнен ақпаратты беру.
      26. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайлары және олардың өзгеруі уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері негізінде Мекенжайлық тіркелімде тіркеледі.
      27. Мекенжайлық тіркелімнің міндетті реквизиттерінің тізімдемесі келесі ақпараттарды:
      1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжай мәртебесін, тіркеу нөмірін және есептік нөмірін;
      2) осы Ереженің 4-бөлімінің 30-тармағына сәйкес белгіленген құрылымның мекенжайын;
      3) жылжымайтын мүлік объектісінің түрлерін және оның функционалдық тағайындалуын;
      4) мекенжайды (құжат түрі, оның нөмірі, мерзімі) тіркеудің негізі туралы мәліметтерді құрайды.
      28. Мекенжайлық тіркелімнің жазуы "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесінде электронды түрде жүргізіледі, кажеттілігіне қарай ақпаратты қағазда шығарумен Мекенжайлық тіркелімнін мұрағаты мекенжайды анықтауда немесе атау беруде басталған, деректердің және істердің электронды базасының қосалқы көшірмелері түрлерінде жүргізіледі.

4. Мекен-жайлар түрлері және жылжымайтын мүлік объектісіне мекен-жай берудің жалпы тәртібі 

      29. Жылжымайтын мүлік объектілеріне (мекенжай мәртебесіне) берілген мекенжайлардың алдын ала және тұрақты түрлері бар.
      30. Алдын ала мекенжай:
      1) пайдалануға қабылданбаған салынып жатқан (қайта жаңартылған) ғимараттарға, имараттарға (күрделі құрылыс объектілеріне) және олар орналасқан жер учаскесіне;
      2) мемлекеттік және муниципалды қажеттіліктер үшін кейінге сақталған немесе құрылыс салу үшін берілген құрылыс салынбаған жер учаскелеріне;
      3) босатуға жататын стационарлық емес (мобильді) имараттарға және жер учаскелеріне, сондай-ақ осындай учаскелерде орналасқан барлық имараттарға;
      4) белгіленген тәртіппен жылжымайтын мүлік объектісіне жекеменшік құқығын ресімдегенге дейін жылжымайтын мүлік объектілеріне беріледі.
      31. Тұрақты мекенжай:
      олар орналасқан босатуға жатпайтын ғимараттарға, имараттарға және жер учаскелеріне;
      заңнамада белгіленген тәртіппен оларға меншік құқығын ресімдегеннен кейін жылжымайтын мүлік объектілеріне беріледі.

5. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекенжай беру

     32. Жылжымайтын мүлік объектілеріне мекен-жай беру тәртібі облыстың жергілікті атқарушы органдар бекіткен жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмір беру, талаптарды белгілеу, елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру Ережелеріне негізделген.
      33. Мекенжайлық тіркелімде жылжымайтын мүлік объектісіне алдын ала мекенжай беру жағдайында "алдын ала" мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы жазу жүргізіледі.
      34. Мекенжайлық тіркелімде жылжымайтын мүлік объектісіне тұрақты мекен-жай беру жағдайында "тұрақты" мәртебесімен жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы жазу жүргізіледі.
      35. Жылжымайтын мүлік объектісін мекенжайда пайдаланымға енгізілген және алдын ала мекен-жай берудің бұрын өткен процедурасы, егер мекенжай алдын ала тұрақтыға өзгертілмей қалса, Мекенжайлық тіркелімде мекенжай мәртебесі жүргізіледі немесе алдын ала мекенжайды жоюмен жаңа мекенжай беріледі.

6. Елді мекендердің жылжымайтын мүлік объектілерінің, геонимдері және мекенжайларының атауларын жою 

      36. Облыстың жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық кесімнің) негізінде елді мекендер және геонимдер атауларын жою келесі жағдайларда:
      кент, ауыл (село), селолық округ өзгергенде және ыдырағанда;
      елді мекенді және геонимді қайта атау кезінде жүргізіледі.
      37. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын жою келесі жағдайларда:
      1) аудандық (қалалық) атқарушы органдардың деректері негізінде ғимараттарды, имараттарды, құрылыстарды құлатқанда (бұзғанда);
      2) жаңа кадастрлық немесе есептік нөмірмен бірыңғай жер учаскесіне жылжымайтын мүліктің екі және аралас объектілерін бірлестіру және (немесе) объектіні дербес бөлікке бөлгенде жылжымайтын мүліктің жаңа объектісін құрғанда;
      3) құрылыс аумағын реттеумен байланысты жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірленуі өзгергенде жүргізіледі.
      38. Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою кезінде Мекенжайлық тіркелімде мекенжайды тіркеу туралы жазу "жойылды" жағдайында мерзімі және негізі көрсетіле отырып "жойылды" жағдайымен белгіленеді.
      39. Мекенжайлық тіркелімнен геонимдер және мекен-жайлар атауларын шығару жылжымайтын мүліктің жаңа объектілеріне мекенжай беру және жаңа геонимдерді атауда қайта қолданыла алады.

7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту (мекенжайларды өзгерту) 

      40. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын өзгерту себептері:
      1) облыстың жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарының бірлескен шешімінің (нормативтік құқықтық кесімнің) негізінде елді мекендерді немесе геонимдерді қайта атау;
      2) жылжымайтын мүлік объектілерін дербес бөліктерге бөлу;
      3) жылжымайтын мүліктің екі және аралас объектілерін бірлестіруде жылжымайтын мүліктің жаңа объектісін құру;
      4) салынған аумақты реттеу;
      5) Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында нақты орналасқан жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайына және көрші объектілерге берілген мекенжайларға сәйкес емес құжаттарын сараптау нәтижесінде анықтау;
      6) басқа да себептер болуы мүмкін.
      41. Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайларын өзгерту Мекенжайлық тіркелімде тіркеледі, сонымен қатар: жылжымайтын мүлік объектісінің ескі мекенжайын жою;
      жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа мекенжай беру жүргізіледі.

8. Мекенжайлық тіркелімде мекенжайлар беруде және оларды тіркеуде атқарушы органдардың қызметі 

      42. Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Сарыағаш, Мақтаарал, Төлеби, Созақ, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт, Сайрам, Шардара, Түлкібас аудандары мен Шымкент, Кентау, Арыс, Түркістан қалаларының атқарушы
органдары:
      тілдерді дамыту бөлімдері Елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау ережелері негізінде Мекенжайлық тіркелімде геонимдер атауын және қайта атауын тіркеуді жүргізеді;
      сәулет және қала құрылысы бөлімдері өңір ішіндегі жер телімдері, ғимараттар және имараттардың реттік нөмірлерін тіркеуді жүргізеді және өз өңірінде Мекенжайлық тіркелімде мекенжайлық деректердің толықтығын, нақтылығын қамтамасыз етеді.

Об утверждении Положения о порядке регистрации и структуре адреса в информационной системе "Адресный регистр" Южно-Казахстанской области

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 24 августа 2007 года N 269. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 6 сентября 2007 года за N 1964

      Сноска. Заголовок с изменениями, внесенными постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 17.05.2013 № 108.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 11 января 2007 года "О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам информатизации" акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 17.05.2013 № 108. 

      1. Утвердить Положение о порядке регистрации и структуре адреса в информационной системе "Адресный регистр" Южно-Казахстанской области (прилагается).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 17.05.2013 № 108. 

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима Южно-Казахстанской области Абишева И.А.

      3. Настоящее постановление акимата области вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

      Аким области
      Первый заместитель акима области
      Заместитель акима области
      Заместитель акима области
      Заместитель акима области
      Заместитель акима области
      Руководитель аппарата акима области
      Директор департамента экономики и
      бюджетного планирования области
      Директор департамента финансов области

Утверждены постановлением акимата
Южно-Казахстанской области
от 24 августа 2007 года N 269

      Сноска. В заголовке и по всему тексту слова "Правила", "Правила", "Правила", "Правиле" заменены словами "Положение", "Положение", "Положения", "Положении" постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 17.05.2013 № 108.

Положение о порядке регистрации и структуре адреса в
информационной системе "Адресный регистр" Южно-Казахстанской
области 1. Общие положения

      1 . Настоящее Положение о порядке регистрации и структуре адреса в "Адресный регистр" Южно-Казахстанской области (далее - Положение) разработано в соответствии с требованиями Законов Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 11 января 2007 года "О внесении дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам информатизации" и устанавливают на территории области единые правила регистрации адресов, состав и структуру информационной системы "Адресный регистр" Южно-Казахстанской области (далее - Адресный регистр) и порядок его ведения.
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 17.05.2013 № 108. 

      2. Действие настоящего Положения распространяется на все виды адресной информации об объектах недвижимости всех форм собственности в Южно-Казахстанской области.
      3. Каждому объекту недвижимости присваивается уникальный адрес на территории Южно-Казахстанской области. Юридическим адресом (далее - адресом) объекта недвижимости является адрес, зарегистрированный в Адресном регистре после проведения процедур присвоения или изменения адреса.
      4. Адресный регистр является составной частью единой архитектуры "электронного правительства", государственным информационным ресурсом и официальным источником данных об адресах объектов недвижимости в Южно-Казахстанской области.
      5. Основными целями введения единого порядка присвоения адресов и создания Адресного регистра являются:
      1) обеспечение централизованного учета адресов вновь построенных, реконструированных и эксплуатируемых объектов недвижимости на различных этапах их использования;
      2) обеспечение соответствия месторасположения объекта недвижимости адресу, зарегистрированному в Адресном регистре;
      3) создание основы для информационного обеспечения сведениями об адресах объектов.

      6. Присвоение адресов объектам недвижимости и регистрацию их в Адресном регистре, ведение дежурных адресных планов населенных пунктов, представление информации об адресах в населенном пункте осуществляют исполнительные органы района Байдибек, Сарыагашского, Махтааральского, Толебийского, Созакского, Ордабасинского, Отырарского, Казыгуртского, Сайрамского, Шардаринского, Тюлькубасского районов, городов Шымкент, Кентау, Арысь, Туркестан Южно-Казахстанской области.

2. Основные понятия, используемые в настоящем Положении

      7. Адрес - структурное описание совокупных реквизитов местоположения (местонахождения) объекта (земельного участка, здания, сооружения) на местности в пределах установленных границ Южно-Казахстанской области.
      8. Адресный регистр - совокупность записей элементов адреса и адресов, а также системы их учета.
      9. Аннулирование адреса - исключение записи об адресе объекта недвижимости из Адресного регистра.
      10. Вторичный объект недвижимости - пространственная часть первичного объекта, которая является самостоятельным объектом гражданского права (квартира, жилое и нежилое помещение, в том числе встроенное и пристроенное).
      11. Геоним - обобщающее понятие для названий улиц, площадей, линий, аллей, бульваров, дорог, набережных, переулков, проспектов, проездов и так далее, то есть для поименованных градостроительных объектов.
      12. Земельный участок - выделенная в замкнутых границах часть земли, закрепляемая в установленном Земельным кодексом порядке за субъектами земельных отношений.
      13. Здание - искусственное строение, состоящее из несущих и ограждающих конструкций, образующих обязательный наземный замкнутый объем, в зависимости от функционального назначения используемое для проживания или пребывания людей, выполнения производственных процессов, а также размещения и хранения материальных ценностей. Здание может иметь подземную часть.

      14. Информационная система "Адресный регистр" - автоматизированная информационная система, предназначенная для обеспечения органов государственного управления информацией об административно- территориальных единицах, их частях, информацией о местоположении зарегистрированных объектов недвижимости на территории Южно-Казахстанской области.
      15. Кадастровый номер - индивидуальный, не повторяющийся на территории Республики Казахстан код земельного участка, которой присваивается в соответствии с процедурой, установленной законодательством, и сохраняется, пока земельный участок существует как единое целое.
      16. Порядковый номер объекта - элемент структуры адреса объекта: простой номер объекта, состоящий из последовательности цифр, с возможным добавлением буквы и (или) дроби, присваиваемый объекту имеющему наименование (улица, микрорайон и прочее).
      17. Объекты недвижимости - земельные участки, здания, сооружения и иное имущество, прочно связанное с землей, то есть объекты, перемещение которых без несоразмерного ущерба их назначению невозможно.
      18. Первичный объект недвижимости - земельный участок, здание, сооружение.
      19. Регистрация адреса - совокупность действий по включению в Адресный регистр записи об элементе адреса и адресе объекта недвижимости, содержащей сведения из документов, устанавливающих адрес объекта недвижимости, а также занесению в информационную систему "Адресный регистр".
      20. Регион - это часть территории республики, включающая несколько населенных пунктов, образуемая и управляемая в интересах республики, в соответствии с административно-территориальным устройством Республики Казахстан.
      21. Сооружение - искусственно созданный объемный, плоскостной или линейный объект (наземный, надводный и (или) подземный, подводный), имеющий естественные или искусственные пространственные границы и предназначенный для выполнения производственных процессов, размещения и хранения материальных ценностей или временного пребывания (перемещения) людей, грузов, а также размещения (прокладки, проводки) оборудования или коммуникаций. Сооружение также может иметь художественно-эстетическое, декоративно-прикладное либо мемориальное назначение.
      22. Элемент адреса - реквизит, описывающий местоположение объекта недвижимости на территории.

3. Правила ведения Адресного регистра

      23. Адресный регистр представляет собой совокупность записей, содержащих сведения об элементах адреса и адресах объектов недвижимости на всей территории Южно-Казахстанской области.
      24. Каждый адресуемый объект имеет уникальный номер в системе записей, не меняющийся во времени и содержащий в себе данные о местонахождении объекта адресации на всей территории Южно-Казахстанской области.
      25. Ведение Адресного регистра представляет собой единую систему следующих процедур:
      1) регистрация адреса или элементов адреса;
      2) регистрация изменений, таких как переименование элементов адреса, переадресация;
      3) регистрация аннулирования адреса или элементов адреса;
      4) хранение информации;
      5) представление информации из Адресного регистра.
      26. Адреса объектов недвижимости и их изменения регистрируются в Адресном регистре на основании нормативных правовых актов представительных и местных исполнительных органов.
      27. Перечень обязательных реквизитов Адресного регистра содержит следующую информацию:
      1) учетный номер, дата регистрации и статус адреса объекта недвижимости;
      2) адрес установленной структуры в соответствии с пунктом 30 раздела 4 настоящего Положения;
      3) вид объекта недвижимости и его функциональное назначение;
      4) сведения об основании для регистрации адреса (вид документа, его номер, дата).
      28. Записи Адресного регистра ведутся в электронном виде в информационной системе "Адресный регистр" с выводом при необходимости информации на бумажные носители. Архив Адресного регистра ведется в виде резервных копий электронной базы данных и в делах, заведенных при присвоении или уточнении адреса.

4. Виды адресов и общий порядок присвоения адреса объекту недвижимости

      29. Существуют предварительный и постоянный виды адресов, присваиваемых объектам недвижимости (статус адреса).
      30. Предварительный адрес присваивается:
      1) строящимся (реконструируемым) зданиям, сооружениям (объектам капитального строительства), не принятым в эксплуатацию, и земельным участкам, на которых они расположены;
      2) незастроенным земельным участкам, предоставленным для строительства или зарезервированным для государственных и муниципальных нужд;
      3) нестационарным (мобильным) сооружениям и земельным участкам, подлежащим освобождению, а также всем сооружениям, расположенным на таких участках;
      4) объектам недвижимости до оформления прав собственности на объект недвижимости в установленном порядке. 31.Постоянный адрес присваивается:
      существующим зданиям, сооружениям и земельным участкам, не подлежащим освобождению на которых они расположены;
      объектам недвижимости после оформления прав собственности на них в установленном законодательством порядке.

5. Присвоение адресов объектам недвижимости

      32. Порядок присвоения адресов объектам недвижимости основан на  Правилах присвоения наименований составных частей населенного пункта, установления требований присвоения порядковых номеров земельным участкам, зданиям и сооружениям, утверждаемых местным исполнительным органом области.
      33. В случае присвоения предварительного адреса объекту недвижимости в Адресном регистре производится запись о присвоении адреса объекту недвижимости со статусом "предварительный".
      34. В случае присвоения постоянного адреса объекту недвижимости в Адресном регистре производится запись о присвоении адреса объекту недвижимости со статусом "постоянный".
      35. При адресации объектов недвижимости, введенных в эксплуатацию и ранее прошедших процедуру присвоения предварительного адреса, производится изменения статуса адреса в Адресном регистре с предварительного на постоянный, если адрес остался неизменным, или присваивается новый адрес с аннулированием предварительного адреса.

6. Аннулирование наименований населенных пунктов, геонимов и адресов объектов недвижимости

      36. Аннулирование наименований населенных пунктов и геонимов производится на основании совместного решения (нормативного правового акта) местных представительных и исполнительных органов области в следующих случаях:
      упразднении и преобразовании поселка, аула (села), сельского округа;
      при переименовании населенного пункта или геонима.
      37. Аннулирование адреса объекта недвижимости производится в следующих случаях:
      1) сноса (разрушения) здания, сооружения, строения производится на основании данных районных (городских) исполнительных органов;
      2) образования нового объекта недвижимости при разделении объекта на самостоятельные части и (или) объединении двух и более смежных объектов недвижимости в единый земельный участок с новым кадастровым или учетным номером;
      3) изменения нумерации объектов недвижимости, в связи с упорядочением застроенной территории.
      38. При аннулировании адреса объекта недвижимости запись о регистрации адреса в Адресном регистре отмечается состоянием "аннулирована" с указанием основания и даты перевода записи в состояние "аннулирована".
      39. Исключенные из Адресного регистра наименования геонимов и адреса могут повторно использоваться при наименовании новых геонимов и адресации новых объектов недвижимости.

7. Переадресация объектов недвижимости (изменение адреса)

      40. Причинами переадресации объектов недвижимости могут быть:
      1) переименование населенных пунктов или геонимов на основании совместных решений (нормативного правового акта) местных представительных исполнительных органов области;
      2) разделение объектов недвижимости на самостоятельные части;
      3) образование нового объекта недвижимости при объединении двух и более смежных объектов недвижимости; 4) упорядочение застроенной территории;
      5) выявленное в результате экспертизы документов несоответствие существующего адреса объекта недвижимости его фактическому расположению на территории Южно-Казахстанской области и адресам, присвоенным соседним объектам адресации;
      6) иные причины.
      41. Изменения при переадресации объектов недвижимости регистрируются в Адресном регистре, при этом производится:
      аннулирование старого адреса объекта недвижимости;
      присвоение нового адреса объекту недвижимости.

      8. Деятельность исполнительных органов при присвоении
адресов и их регистрации в Адресном регистре

      42. Исполнительные органы района Байдибек, Сарыагашского, Махтааральского, Толебийского, Созакского, Ордабасинского, Отырарского, Казыгуртского, Сайрамского, Шардаринского, Тюлькубасского районов, городов Шымкент, Кентау, Арысь, Туркестан Южно-Казахстанской области:
      отделы по развитию языков производят регистрацию наименования и переименования геонимов в Адресном регистре на основании Правил присвоения наименований и переименования составных частей населенного пункта;
      отделы архитектуры и градостроительства производят регистрацию порядковых номеров земельных участков, зданий и сооружений внутри региона и обеспечивают полноту, достоверность адресных данных в своем регионе в Адресном регистре.