Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/340-5с шешімімен.
Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы және 47-бабының 4-тармағына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Кәсіптік мектептерде, колледждерде оқитындарға, күндізгі нысандағы жоғары оқу орындарының студенттеріне қалааралық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге іс жүзіндегі тарифтің елу пайыздық төлемімен жолақысына жеңілдік берілсін.
2. Шымкент қалалық әкімдігіне осы шешімді іс жүзіне асыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қалалық мәслихат хатшысы