Оқушылардың қалалық қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 5/41-4с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 18 қаңтарда N 14-1-68 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 46/340-5с шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент  қалалық мәслихатының 27.03.2015 № 46/340-5с шешімімен.

      Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 6-бабы және 47-бабының 4-тармағына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Кәсіптік мектептерде, колледждерде оқитындарға, күндізгі нысандағы жоғары оқу орындарының студенттеріне қалааралық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге іс жүзіндегі тарифтің елу пайыздық төлемімен жолақысына жеңілдік берілсін.

      2. Шымкент қалалық әкімдігіне осы шешімді іс жүзіне асыру жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      Қалалық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады