Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлерінде шаруашылықтық пайдалану режимін белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 13 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 1 наурызда N 2441 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және тартылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. 1 қосымшаға сәйкес Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлеріндегі Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі белгіленсін.
      2. 2 қосымшаға сәйкес су қорғау аймағының аумағында шаруашылықтық пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектелген шаруашылықтық қызмет режимі белгіленсін.
      3. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті (В.Р.Колесников) "Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарын пайдалану және қорғауға арналған мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органға тапсырсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары И.В.Белихинге жүктелсін.
      5. Ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. <*>
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ШҚО әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 440 қаулысымен.
      Облыс әкімі
      Келісілді
      Ертіс бассейнді су шаруашылық
      басқармасының бастығы
      

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 7 ақпандағы N 13
қаулысына 1 қосымша

      Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлеріндегі Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

N
Рет
са-
ны
Су объекті-
сі, оның
учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
шека-
расы-
ның
ұзын-
дығы,
(шақы-
рым)
алаңы,
(гектар)
орта
ені,
(метр)
шекара-
сының
ұзынды-
ғы,
(шақы-
рым)
алаңы,
(гектар)
орта
ені,
(метр)
1.
Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлеріндегі Өскемен су қоймасы
33,61
1916,22
643,5
37,24
494,71
119,0

      
      Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары" бекітілген жобаның картографиялық материалдарында көрсетілген.
      Департамент директоры

  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 7 ақпандағы N 13
қаулысына 2 қосымша

      Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлеріндегі Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін
      шаруашылықтық пайдаланудың арнайы режимі
      1. Су қорғау аймағының шегінде мыналарға тыйым салынады:
      1) су қоймасының алаңының су жинау алабында улы химикаттарды, органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолдануға (зарарсыздандыру, улау және дератизациялық іс-шаралар тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізіледі);
      2) су қоймасына радиоактивті және уытты заттарды төгуге және көмуге;
      3) су қоймасына тазарту имараттары жоқ және тиімді тазартудың нормативтеріне сәйкес қамтамасыз етілмеген өнеркәсіп, тамақ объектілерінің сарқынды суларының құйылуына;
      4) су қоймасында радиоактивті және уытты заттарды бөлетін ядролық және өзге де технологиялардың түрлері пайдаланылатын жарылыс жасау жұмыстарын жүргізуге;
      5) су қоймасында және су шаруашылығы имараттарында тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіретін техника мен технологияларды қолдануға;
      6) су қоймасына қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды төгуге және көмуге;
      7) су қоймасының су жинау алабына, оның мұз жамылғысының шайылуы су қоймасындағы судың сапасын нашарлатуға әкеліп соғатын қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтармен ластануына;
      8) негізгі пайдаланудағы ағаш кесуді жүзеге асыруға;
      9) тұрғындардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті, алаптың табиғи экологиялық жүйесінің бұзылуына қоршаған ортаның өзгеруіне, жол беретін шаруашылықтық және өзге де қызметке;
      10) зиянсыздандыруға және қайта пайдалануға жарамайтын радиоактивті қалдықтар мен өнімдерді әкелуге, сонымен қатар сақтауға немесе көмуге;
      11) қамысты шабуға және құрғақ шөпті өртеуге, түбірлерді қопаруға, уылдырық шашуға маңызы бар өзендердің арналарын игеруге;
      12) міндетті мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаларсыз шаруашылықтық қызмет пен жұмыс өндірісіне және қызмет көрсетуге;
      13) су қоймасы мен оның су қорғау аймағы мен белдеуінің ластануына жол бермейтін имараттармен және қондырғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайтадан жөнделген объектілерді пайдалануға енгізуге;
      14) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, мұнай өнімдерін, техникалық қызмет көрсету пункттері мен автомашиналар мен ауыл шаруашылығы техникасын жууды, механикалық шеберханаларды, қоқыс үйінділері мен өндірістік қалдықтарды, мал өлігін көметін орындарды, аппаратураларға пестицидтер мен улы химикаттарды құюға арналған алаңқайларды, авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге арналған ұшу-қону алаңдарын орналастыруға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
      15) белгіленген тәртіппен келісілген жобаларсыз құрылыс, судың түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын, пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр желісі мен басқа да коммуникацияларды төсеу, бұрғылау, ауыл шаруашылықтық және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
      16) су көзіндегі су кемерінен кем дегенде 2000 метр ара қашықтықта ауыл шаруашылығы дақылдары мен ормандық екпе ағаштарды улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды қолданумен авиациялық өңдеуге;
      17) малды өлшеусіз жаюға, оларды тоғытуға және санитарлық өңдеуге, су тоғаны режимінің нашарлауына әкеліп соғатын шаруашылық қызметтің түрлерін жүргізуге;
      18) РБШК анықталмаған пестицидтерді қолдануға, қардың беті бойынша тыңайтқыштарды енгізуге, құрамында залалсыздандырылмаған көңі бар сарқынды суларды және тұрақты хлорлы органикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде пайдалануға (су қорғау аймақтарына өңдеу жүргізген кезде санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылардың негізінде аз және орта улы химикаттар қолданылады).
      2. Су қорғау белдеуінің шегінде, су қорғау аймағы үшін анықталған шектеулерден басқа, мыналарға тыйым салынады:
      1) жер жыртуға, мал жаюға, сүректік-бұталық өсімдіктерді шабуға (орманда күтім және санитарлық шабуларды ғана жүргізуге рұқсат беріледі);
      2) органикалық және минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтерді қолдануға;
      3) палаткалы қалашықтарды, автомобильдердің тұрақты тұрағын, малға арналған жазғы лагерьлерді салуға;
      4) арнайы мақсаттағы бас тоған, су реттеу, қорғаныс және басқа да имараттардан басқа, ғимараттар мен имараттар салуға; табиғат қорғау органдарымен келісілген жобалар бойынша орналастырылатын бас тоған имараттарынан, жағалауды бекіту жұмыстарынан, сондай-ақ демалыс орындарынан (жазғы үй салу) басқа, табиғи ортаға зиян келтіретін құрылыс, шаруашылықтық және басқа да құрылыстардың барлық түрлеріне;
      5) учаскелерді саяжайлар салу үшін беруге.
      Департамент директоры

Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища и режима их хозяйственного использования на землях административного подчинения акима города Усть-Каменогорска

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 7 февраля 2007 года N 13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 1 марта 2007 года за N 2441

      В соответствии со статьями 39, 116 Водного кодекса Республики Казахстан от 9 июля 2003 года, пунктом 2 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", проектом "Границы водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища" и в целях охраны от загрязнения и истощения водных объектов, Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Восточно-Казахстанского областного акимата от 22.12.2016 № 392 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. Установить водоохранную зону и водоохранную полосу Усть-Каменогорского водохранилища на землях административного подчинения акима города Усть-Каменогорска согласно приложению 1.
      2. Установить специальный режим хозяйственного использования на территории водоохранной зоны и режим ограниченной хозяйственной деятельности на территории водоохранной полосы согласно приложению 2.
      3. Департаменту природных ресурсов и регулирования природопользования Восточно-Казахстанской области (Колесников В.Р.) передать проект "Границы водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища" специально уполномоченным государственным органам для учета в государственном земельном кадастре и для осуществления государственного контроля за использованием и охраной водного фонда и земельных ресурсов.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Белихина И.В.
      5. Вводится в действие со дня официального опубликования. <*>
      Сноска. Пункт 5 в редакции постановления ВКО акимата от 4 февраля 2008 года N 440 .
      Аким области
      Согласовано:
      Начальник Иртышского бассейнового
      водохозяйственного управления

      

  Приложение 1 к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 7 февраля 2007 года N 13

Водоохранная зона и водоохранная полоса Усть-Каменогорского
водохранилища на землях административного подчинения акима
города Усть-Каменогорска

N
п/п
Водный объект, его участок
Водоохранная зона
Водоохранная полоса
протяженность границы, (км)
площадь, (га)
средняя ширина, (м)
протяженность границы, (км)
площадь, (га)
средняя ширина, (м)
1.
Усть-Каменогорское водохранилище на землях административного подчинения акима города Усть-Каменогорска
33,61
1916,22
643,5
37,24
494,71
119,0

      
      Примечание: границы и ширина водоохранной зоны и водоохранной полосы отражены в картографическом материале утвержденного проекта "Границы водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища".
      Директор Департамента

  Приложение 2 к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 7 февраля 2007 года N 13

      Специальный режим хозяйственного использования водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища
      на землях административного подчинения акима города Усть-Каменогорска
      1. В пределах водоохранной зоны запрещается:
      1) применение ядохимикатов, органических и минеральных удобрений на водосборной площади водохранилища (дезинфекционные, дезинсекционные и дератизационные мероприятия проводятся по согласованию с уполномоченным органом в области санитарно-эпидемиологического благополучия населения);
      2) сброс и захоронение радиоактивных и токсичных веществ в водохранилище;
      3) сброс в водохранилище сточных вод промышленных, пищевых объектов, не имеющих сооружений очистки и не обеспечивающих, в соответствии с нормативами, эффективной очистки;
      4) проведение на водохранилище взрывных работ, при которых используются ядерные и иные виды технологий, сопровождающихся выделением радиоактивных и токсичных веществ;
      5) применение техники и технологий на водохранилище и водохозяйственных сооружениях, представляющих угрозу здоровью населения и окружающей среде;
      6) сброс в водохранилище и захоронение в нем твердых, производственных, бытовых и других отходов;
      7) засорение водосборной площади водохранилища, его ледяного покрова твердыми, производственными, бытовыми, и другими отходами, смыв которых повлечет ухудшение качества воды в водохранилище;
      8) осуществление рубок главного пользования;
      9) хозяйственная и иная деятельность, вызывающая разрушение естественных экологических систем бассейна, изменение окружающей среды, которые опасны для жизни и здоровья населения;
      10) ввоз, а также хранение или захоронение радиоактивных отходов и продукции, не поддающихся обезвреживанию или утилизации;
      11) выкашивание тростника и выжигание сухой растительности, раскорчевка леса, разработка русел рек, имеющих нерестовое значение;
      12) хозяйственная деятельность и производство работ и услуг без обязательной государственной экологической и санитарно-эпидемиологической экспертизы;
      13) ввод в эксплуатацию новых и реконструируемых объектов, необеспеченных сооружениями и устройствами, предотвращающими загрязнение водохранилища и его водоохранных зон и полос;
      14) размещение и строительство складов для хранения удобрений, пестицидов, ядохимикатов, нефтепродуктов, пунктов технического обслуживания и мойки автомашин и сельхозтехники, механических мастерских, устройство свалок мусора и промышленных отходов, скотомогильников, площадок для заправки аппаратуры пестицидами и ядохимикатами, взлетно-посадочных полос для проведения авиационно-химических работ, а также размещение других объектов, отрицательно влияющих на качество воды;
      15) производство строительных, дноуглубительных и взрывных работ, добыча полезных ископаемых, прокладка кабелей, трубопроводов и других коммуникаций, буровых, сельскохозяйственных и иных работ без проектов, согласованных в установленном порядке;
      16) применение авиаобработки ядохимикатами и минеральными удобрениями сельхозкультур и лесонасаждений на расстоянии менее 2000 м от уреза воды в водном источнике;
      17) ненормированный выпас скота, его купка и санитарная обработка, другие виды хозяйственной деятельности, ухудшающие режим водоемов;
      18) применение пестицидов, на которые не установлены ПДК, внесение удобрений по снежному покрову, использование в качестве удобрений не обезвреженных навозосодержащих сточных вод и стойких хлорорганических ядохимикатов (при проведении обработки водоохранной зоны применяются мало- и среднетоксичных ядохимикаты на основании санитарно-эпидемиологического заключения).
      2. В пределах водоохранной полосы, помимо ограничений, определенных для водоохранной зоны, запрещаются:
      1) распашка земель, выпас скота, рубка древесно-кустарниковой растительности (разрешаются только рубки ухода и санитарные рубки леса);
      2) применение органических и минеральных удобрений, ядохимикатов и пестицидов;
      3) устройство палаточных городков, постоянных стоянок aвтомобилей, летних лагерей для скота;
      4) строительство зданий и сооружений, кроме водозаборных, водорегулирующих, защитных и других сооружений специального назначения; все виды строительства, хозяйственной и другой деятельности, наносящие ущерб природной среде, кроме водозаборных сооружений, берегоукрепительных работ, а также мест отдыха (летних домостроений), размещаемых по проектам, согласованным с природоохранными органами;
      5) выделение участков под дачи.
      Директор Департамента