Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 04 ақпандағы N 440 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 ақпанда N 2475 тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 4-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды Өскемен қаласы әкімінің әкімшілік бағынышты жерлерінде шаруашылықтық пайдалану режимін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 07 ақпандағы N 13 қаулысында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2441 болып тіркелген ("Дидар" газетінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 27 (15778), "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 41 (18279) сандарында жарияланған):
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі";

      2) "Шыбындыкөл көлінің су қорғау аймағы мен "Тайынты" демалыс базасының жер учаскелерінің тұстамасындағы су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 03 шілдедегі N 162 қаулысында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2449 болып тіркелген ("Дидар" газетінің 2007 жылғы 7 тамыздағы N 94-95 (15846), "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 7 тамыздағы N 118 (18356) сандарында жарияланған):
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі";

      3) "Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 03 шілдедегі N 163 қаулысында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 2448 болып тіркелген ("Дидар" газетінің 2007 жылғы 7 тамыздағы N 94-95 (15846), "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 7 тамыздағы N 118 (18356) сандарында жарияланған):
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

      Келісілді:
 
      "Ертіс бассейндік су шаруашылығы
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады