Ескерту. Күші жойылды - ШҚ облысы әкімдігінің 2010.10.21 N 592 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының негізінде, Өскемен және Семей қалалары әкімдерінің 2007 жылғы мамырдағы өтініштерін ескере отырып , Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бәсекелі ортаға берілуге тиісті мүліктердің тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 894 қаулысының тізбесіне (2007 жылғы 30 қаңтардағы тіркеу немірі 2439 "Рудный Алтай" 2007 жылғы 6 ақпандағы N 18 (256), "Дидар" 2007 жылғы 10 ақпандағы N 13 (15764) газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тізбеден 2-ші және 9-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі