"Бәсекелі ортаға берілуге тиісті мүліктердің тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 894 қаулыға өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 16 шілдедегі N 177 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 20 шілдеде N 2450 тіркелді. Күші жойылды - ШҚ облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы N 592 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚ облысы әкімдігінің 2010.10.21 N 592 қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының негізінде, Өскемен және Семей қалалары әкімдерінің 2007 жылғы мамырдағы өтініштерін ескере отырып , Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. "Бәсекелі ортаға берілуге тиісті мүліктердің тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 894 қаулысының тізбесіне (2007 жылғы 30 қаңтардағы тіркеу немірі 2439 "Рудный Алтай" 2007 жылғы 6 ақпандағы N 18 (256), "Дидар" 2007 жылғы 10 ақпандағы N 13 (15764) газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
       тізбеден 2-ші және 9-тармақтар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады