Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2012.04.04.N 2-13 шешімімен
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес жылдар бойынша бөлінген абсолютті көріністегі облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындай отырып, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Облыстық бюджеттен аудандық бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі белгіленсін:
1) 2008 жылға 10 953 129 мың теңге сомада, оның ішінде:
Ақжайық - 1 364 457 мың теңге;
Бөкей ордасы - 790 208 мың теңге;
Жаңақала - 783 190 мың теңге;
Жәнібек - 742 601 мың теңге;
Зеленов - 1 251 679 мың теңге;
Казталов - 1 354 930 мың теңге;
Қаратөбе - 824 080 мың теңге;
Сырым - 1 079 069 мың теңге;
Тасқала - 644 740 мың теңге;
Теректі - 1 342 547 мың теңге;
Шыңғырлау - 775 628 мың теңге.
2) 2009 жылға 12 934 865 мың теңге сомада, оның ішінде:
Ақжайық - 1 608 491 мың теңге;
Бөкей ордасы - 911 855 мың теңге;
Жаңақала - 917 773 мың теңге;
Жәнібек - 879 986 мың теңге;
Зеленов - 1 546 166 мың теңге;
Казталов - 1 587 015 мың теңге;
Қаратөбе - 959 601 мың теңге;
Сырым - 1 229 162 мың теңге;
Тасқала - 780 041 мың теңге;
Теректі - 1 611 437 мың теңге;
Шыңғырлау - 903 338 мың теңге.
3) 2010 жылға 15 362 547 мың теңге сомада, оның ішінде:
Ақжайық - 1 916 841 мың теңге;
Бөкей ордасы - 1 063 890 мың теңге;
Жаңақала - 1 100 645 мың теңге;
Жәнібек - 1 035 355 мың теңге;
Зеленов - 1 899 298 мың теңге;
Казталов - 1 875 019 мың теңге;
Қаратөбе - 1 122 667 мың теңге;
Сырым - 1 432 408 мың теңге;
Тасқала - 930 579 мың теңге;
Теректі - 1 920 002 мың теңге;
Шыңғырлау - 1 065 843 мың теңге.
2. Бөрлі ауданы және Орал қаласы бюджеттерінен облыстық бюджетке алынатын бюджеттік алымдар 2008-2010 жылдарға арналған облыстық бюджетке қарастырылмайды деп белгіленсін.
3. Жергілікті бюджеттердің теңгерімдігін қамтамасыз ету үшін 2008-2010 жылдарға арналған кірістерді бөлу нормативі кірістердің мынадай кіші сыныптары бойынша белгіленсін:
1) Жеке табыс салығы аудандық (қалалық) бюджеттерге мынадай пайыздар бойынша есепке алынады:
Бөрлі - 2008 жылға - 14%, 2009 жылға - 16,7%, 2010 жылға - 19,7%; Орал қаласы - 2008 жылға - 53%, 2009 жылға - 56,5%, 2010 жылға - 59,9%; Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау - 100%;
2) Әлеуметтік салық аудандық (қалалық) бюджеттерге мынадай пайыздар бойынша есепке алынады:
Бөрлі - 2008 жылға - 14%, 2009 жылға - 16,7%, 2010 жылға - 19,7%; Орал қаласы - 2008 жылға - 53%, 2009 жылға - 56,5%, 2010 жылға - 59,9%; Ақжайық, Бөкейордасы, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау - 100%.
4. Жалпы сипаттағы трансферттерді және кірістерді бөлу нормативін есептеу кезінде ескерілген шығыстарды қарастыру:
1) 2008-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін және кірістерді бөлу нормативін айқындау кезінде аудандық (қалалық) бюджеттердің шығыстарында қосымша ескерілуі қажет:
1.1. 2007 жылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын тұрақты сипаттағы шығыстар, оның ішінде:
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге;
жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға;
балалардың тамақтануын, тұруын және тестілеу пункттеріне жеткізілуін ұйымдастыруға;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және олардың
трафигін төлеуге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге;
орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілді үйрену жөнінде оқу, анықтамалық және электрондық әдебиеттерді сатып алуға және жеткізуге;
табысы аз отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге;
мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне;
қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға;
мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақыларын төлеуге;
1.2. 2007 жылы облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын тұрақты сипаттағы шығыстар, оның ішінде:
"Капустин яр" және "Азғыр" полигондарымен шектесетін аумақтарда тұратын бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек төлеуге;
ҰОС қатысушыларға және мүгедектерге коммуналдық қызмет көрсету саласындағы шығыстарды өтеуге біржолғы төлемдер төлеуге;
1.3. нормативтік-құқықтық актілерді іске асыруға арналған шығыстар және қосымша шығындар:
"Білім беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бастауыш деңгейдегі педагогика қызметкерлеріне 20-дан 18-ге сағатқа дейін жалақыны есептеу үшін апталық нормативтік оқу жүктемесі азайғандағы қосымша қажеттілікке;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес 2008 жылдың 1 қаңтарынан жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының 18-ден 30 күнтізбелік күнге дейін узаруына байланысты қосымша қажеттілікке, сондай-ақ азаматтық қызметшілерге еңбек демалысына шыққан кезде бір лауазымдық жалақы мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуге;
жалпы білім беретін мектептер үшін шетелден ағылшын тілін оқыту мұғалімдер тартуға;
мектепке дейінгі балаларға білім беру бойынша шығыстарды ұлғайтуға;
2) мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлердің және қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері еңбекақысының жыл сайын 25%-ға өсуіне қарай 2009-2010 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің мөлшерін айқындау кезінде аудандық (қалалық) бюджеттердің шығыстарында қосымша қаражаттар ескерілді.
5. Егер бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) жергiлiктi бюджетте жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезiнде ескерiлген шығыстар көзделмейтiн болса, облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылы iшiнде тиiстi шамаға бюджеттік субвенцияларды қысқарту немесе бюджеттік алымдарды ұлғайту туралы шешiм қабылдайды деп белгіленсін.
6. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшіне енеді.
Сессия төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы