Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2012.05.28 № 5-6 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 8-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010.03.12 № 27-10 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
1. Қоса беріліп отырған "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесі" бекітілсін.
2. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы № 39-15 "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесін" бекіту туралы" шешімі жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
46-сессиясының төрайымы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы
Орал қалалық мәслихатының
2007 жылғы 13 маусымдағы
№ 46-14 шешімімен бекітілді
Орал қаласының аумағын абаттандыру
Ережесі
Ескерту. Ережеге өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010.03.12 № 27-10 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесі" (әрі қарай - Ереже), Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Ереже Орал қаласында абаттандыру саласында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынасын реттейді және жауапкершілігін анықтайды және меншік нысанына, жалгерлердің, құрылыс жүргізушілердің, ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың иелеріне немесе азаматтығына қарамастан барлық шаруашылық жүргізу құқығындағы субъектілерге орындауға міндетті болып табылады.
Орал қаласы аумағында абаттандыру бойынша жұмыстарды реттеу және ұйымдастыру жұмыстарын қала әкімдігінің, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелердің басшылары, қаланың көркейту мен санитарлық тазалық кәсіпорындарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі
ұғымдар мен түсініктер
2. Абаттандыру - адамның өмір тіршілігіне ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар кешені абаттандыру элементтері мен нысандарды қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды келесі негізгі бағыттар бойынша ескереді: инженерлік абаттандыру, сыртқы абаттандыру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақтарды абаттандыру.
3. Сыртқы абаттандыру - қала аумағындағы адамдардың өмір тіршілігіне қолайлы, салауатты және ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған элементтер мен жұмыстар кешені.
4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды шығару шарты - тапсырысшы мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйыммен жасасқан заңдық күші бар жазбаша келісім.
5. Бекітілген аумақ - осы Ережемен, Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен белгіленген шекараларда тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін, бекітіліп берілген жер телімі.
қала шегінде бекітілген объектілер болып табылатындар:
қала көшелері жағындағы бөлінген телімдер шекарасынан, өтпе жолдық шетімен шектелген, жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін немесе өтпе жолдық ортасына дейінгі жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін аумақ;
ораміші аумақтарының телімдері;
аула ішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, контейнер алаңшаларын, автокөлік аялдатуларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтық шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер;
уәкілетті органдардың рұқсатымен сақтау, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ;
іргелес жатқан аумақ;
жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары.
бекітілген аумақтық субъектілері болып жеке тұлға сияқты, заңды тұлға да бола алады:
пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК);
ғимараттар мен орын-жайлардың иелері;
жер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
Аумақты бекітіп беру Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен заңды және жеке тұлғалардың келісімімен жүзеге асырылады.
6. Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
7. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, пәтер иелері кооперативтері және басқалар) қала шекарасында жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
8. Көшелердің санаты - қала жолдарын, көшелерін және кіру жолдарын көлік қозғалысының үдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктеу.
9. Контейнер - стандартты қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылық.
10. Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
11. Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стелалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер мен үйлердің жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
12. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
13. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
14. Бөлінген аумақ - жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға және т.б.) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған, уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін, өзіне жататын объектілерді орналастыруға берілген жер телімі.
15. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі- қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
16. Аумақты тазарту - аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды, қарды, мұздақтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
17. Іргелес жатқан аумақ - ғимараттар, орын-жайлар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объктілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы меншігінде, иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) тікелей жанасып жатқан аумақ.
18. Өту жолдары, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
19. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ІКҚ жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдықтарды контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
20. Жолдарды күтіп ұстау - нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын, жұмыстар жиынтығы.
21. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
22. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі - ҚТҚ) - тұтынудың ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
23. Жаяужолдар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып немесе одан гүлкестемен бөлініп жатқан жолдық бөлшегі.
24. Уәкілетті орган - коммуналдық шаруашылық саласындағы өкілеттілігі Орал қаласы әкімдігімен анықталатын мемлекеттік мекеме.
3. Қала аумағын тазарту тәртібі
25. Жер телімдерін пайдаланушылар арасындағы аумақтардың тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негізінде орындалады:
көше-жол желілері, алаңдарға қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, тынымбақтар, жағажайлар) бойынша - коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органымен мемлекеттік тапсырыс көлемінде;
ораміші аумақтары мен басқа да аумақтарды тазартудың шекарасы Орал қаласы әкімдігінің қаулыларымен анықталады.
26. Тазарту жұмыстары осы Ереженің талаптарына, уәкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсынымдарға сәйкес жүргізіледі.
27. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
3.1. Көшенің өту жолдарын тазарту
28. Жолдардың өту жерлерін барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстардың өндірісінде уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
29. Соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу алаңдарын тазартуды осы маршруттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын кәсіпорындар жүргізеді.
30. Жол төсемдерін үзіліссіз қоқыстан, батпақтан, қардан, технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін халықтық жаппай баратын объектілеріне жақын орналасқан магистральды көшелерінің бойына күнделікті сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін автокөлік құралдарын қоюға тыйым салынады;
тыйым қажетті жол белгілерін қоюмен белгіленеді.
31. Магистральдардың, көшелердің және кіру жолдарының жол төсемдерін, осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, уәкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.
32. Жолдық жүру жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.
33. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет.
Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға тыйым салынады.
3.2. Жаяужолдарды тазарту жұмыстары
34. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүлкестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан жаяужолдарды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін кәсіпорындармен жүргізіледі.
35. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды (кіре беріс жолдарын) тазарту, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
36. Көшенің жол жағындағы гүлкестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізу Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес орындалады.
37. Көшелер мен өту жолдарының бойына орналасқан басқа жаяужолдар бойынша тазарту жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты кәсіпорындармен жүргізіледі.
38. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
3.3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту
39. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңшаларын тазарту жөніндегі жұмыстардың шекарасы сызба карталарда көрсетіледі. Отырғызу алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
40. Жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстары олардың иелерімен жүргізіледі.
3.4. Басқа қала аумақтарын тазарту
41. Іргелес жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала көшелерінің оларға кіретін жолдарын, заңды және жеке тұлғалар меншігі мен пайдаланылуында ғимараттары бар, бөлініп берілген телімдерге орнатылған аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорынмен орындалады.
42. Жеке тұрған жарнама объектілеріне іргелес жатқан аумақты, жарнама құрылғысынан радиусы 5 метрдей жерді тазарту жұмыстарын, жарнама таратушылар және жарнама таратушылармен шарт бойынша тазарту жұмыстарын жүргізуші мамандандырылған ұйымдар орындайды.
43. Сыртқы жарықтық бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және жаяужолдарда орнатылған байланыс желілерінің маңайын тазарту жұмыстарын жаяусоқпақтарды тазартуға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
44. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларға (қызмет көрсететін персоналсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын тазарту жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.
45. Сауда объектілеріне іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) көшедегі жүру жолдарын қоса, сауда объектілерінің иелері тазартады. Іргелес жатқан гүлкестелерге, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда объектілеріне жәшіктерді үюге жол берілмейді.
46. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту жұмыстарын иелері мен осы объектілерді пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
47. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға (өту жолына дейін) кіретін және шығатын жерлеріне тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын осы объектілерді өз балансында ұстаушылар жүргізеді.
48. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырысшы немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысатын мердігер кәсіпорындар жүргізеді.
49. Жапырақ түскен уақытта бекітіліп берілген аумақтарды тазартуға жауапты кәсіпорындар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпырып-сиыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбі жағына жапырақтарды жинауға тыйым салынады.
50. Заңды және жеке тұлғаларға және іргелес жатқан ғимараттарға, орын-жайларға және басқа объектілерге бекітіліп берілмеген, пайдаланылмайтын және бөлініп берілмеген аумақтардың тазарту мен күтіп ұстап жұмыстары бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаражаттар шегінде орындалады.
51. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, оларды жоюға жауапкершілік бұзылуға жол берген ұйымдарға жүктеледі.
52. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі асфальттың жарықшақтары, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдармен: қаланың бас магистральдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарылады.
53. Суаққы желісін қоқыс басуын болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
3.5. Қысқы кездегі қала көшелерін тазартудың ерекшеліктері
54. Қала көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын уәкілетті органмен бекітілген нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
55. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
56. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
57. Жаяу жолдар мен жолдық жүру жағындағы көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзшықтар жарылады және су басуға себепші болған ұйымдармен шығарылады. Жарылған мұзшықтар белгіленген орындарға шығарылады.
58. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерлер:
бір деңгейдегі барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жағын жолдарда;
көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
жаяужолдарда.
59. Жаяужолдар мен гүлкестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
60. Қар шығарудың технологиясы екі кезеңнен тұрады:
бірінші кезекте қарды (таңдап) шығару жұмыстары орындалатын жерлер: қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігі алдамаларынан, жер үсті жаяужүргіншілер өтпелерінен, көпірлерден және жол желілерінен, халықтық жаппай баратын орындарынан (ірі әмбебептардан, базарлардан, мейрамханалардан, қонақ үйлерінен, сапаржайлардан, театрлардан және т.б.), ауруханаларға кіретін жолдардан және басқа да әлеуметтік маңызы бар объектілерден;
соңғы (жаппай) қар шығару жұмыстары бірінші кезектегі қар шығару жұмыстарынан кейін, уәкілетті органмен қойылған кезекке сәйкес орындалады.
61. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы дайындалған алаңшаларда жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға тыйым салынады.
62. Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі керек.
63. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаға жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздақтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
64. Жаяужолдар, аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан асфальтқа дейін тазартылуы тиіс, қар мен жарықшақ қар үйетін жерге шығарылуы тиіс. Мұздақ пайда болған жағдайда (тайғақ) ұсақ құм себу жүргізіледі.
65. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды 3 күнтізбелік көк ішінде шығарылуымен автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға уақытша үюге рұқсат беріледі.
66. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.
67. Қысқы кезде ғимарат иелерімен және жалдаушыларымен уақытында шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден тазарту жұмыстары ұйымдастырылуы қажет.
68. Жаяу жүгіншілер жағындағы ғимараттың шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде, пайда болған кезде, қатерлі учаскені қоршау арқылы жүргізілуі керек.
69. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздақтарды тазарту жұмыстары жаяужолдарға түсіру, тек күндізгі уақытта жүргізілуі мүмкін. Қарды басқа сырғанау жағынан, сондай-ақ жазық шатырлардан түсіру аула аумақтарында жүргізілуі керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет.
Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүлгілер жедел түрде жол жағына қарай жиналады және одан әрі көшенің жолын тазартушы ұйыммен шығарылуы үшін орналастырылады.
70. Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
71. Заңды және жеке тұлғалар қала аумағының барлық жерінде, соның ішінде жеке меншік үй иелерінің аумақтарында тазалық пен тәртіпті сақтауы қажет, абаттандыру элементтерін Зақымдауға және бұзуға жол бермеу (жолдарды, жаяужолдарды, гүлзарларды, кіші сәулеттік нысандарды,жарықты, суқашыртқыларды және т.б.).
72. Орал қаласының жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген жерлерден басқа жерлерге қала аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды қала аумағына шығаруға жол берілмейді.
73. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға тыйым салынады.
74. Тоғандарға өндіріс кәсіпорындарының тазартылмағансуларын ағызуға жол берілмейді.
75. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге тыйым салынады.
76. Автокөлік кәсіпорындары мен автокөлік құралдарының иелері көлік құралдарын қала көшелеріне таза күйінде шығаруға міндетті.
77. Жолдарды ластауға жол бермеу мақсатында топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үйінділерін брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз тасымалдауға тыйым салынады.
5. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау, шығару және іске жарату
78. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, қала аумағында қызмет етуші жеке тұлғалар өз аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықтар шығаруды қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт бойынша немесе арнайы техникасы (қоқыс шығаратын көлік) болса өз бетімен шығаруды қамтамасыз етуі қажет. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.
Ескерту. 78 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010.03.12 № 27-10 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
79. Жылжымайтын объектілерді салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды іске жарату жөнінде оны өздігінен шығару немесе қоқыс шығарушы ұйыммен шығару жөніндегі шарттарын жасау қажет.
80. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
81. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен, сұйық қалдықтар кәрізсіз үй-жайлардан бөшкелері бар сорғы көліктерімен шығарылады.
82. Аумақтарында (бөлініп берілген, бекітілген, аулаішілік) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет:
1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
3) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қоқыстарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасуға;
4) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
5) жылдық қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайыландырылған автокөліктің жұмысына және халықтық пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістер мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазарылуын қамтамасыз етуі керек.
83. Контейнерлік алаңшалар мен контейнерлер иелеріне:
контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыруға;
қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың (контейнерлердің) астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және шыбындарға қарсы бұқырлануын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
84. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтық дем алатын орындарынан кем дегенде 20 метрдей қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі қажетті контейнерлер санын орнатуға есептелуі қажет.
85. қалдықтарды уақытша сақтау орындарын орнатуды мемлекеттік санитарлық-эпидимиологиялық қадағалау органдарымен, пәтер иелері кооперативтерімен келісу қажет.
86. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, ІКҚ шығаруды ұйымдастыратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.
87. Аулалық, кәріздендірілмеген және қоғамдық әжетханалар тұрғын-жайлардан және қоғамдық ғимараттардан, балалар ойнайтын және халық демалатын алаңшалардан кем дегенде 20 метр және жүз метрден артық емес қашықтыққа алыстатылуы қажет. Аулалық әжетханаларды, шұңқырларды толған кезде, жарты жылда бір реттен кем емес тазарту қажет.
88. Қоқыс шығару құбырына сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды тастауға тыйым салынады.
89. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне тыйым салынады.
90. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
91. Пайдаланушы ұйым:
1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;
2) шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырының салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын қамтамасыз етуге міндетті.
92. Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдалану Орал қаласының қоқыстарын көму мен қайта пайдалану жөніндегі полигонда іске асырылады.
93. Жөн-жосықсыз үйінділерге, қалдықтардың жағылуына кіналы тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жөн-жосықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті органдармен бекітілген мерзімде аумақ иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.
94. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір-бірінен 50 метрдей қашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады. қалалық жолаушылар көліктері аялдамаларында және сауда объектілеріне кіреберістерде екі қораптан орнатылады.
95. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігіндегі немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілерімен, мердігермен жүргізіледі. Қораптарды тазарту жұмыстары осы кәсіпорындармен олардың толуына қарай орындалады.
6. Ұсақ бөлшек сауда, ұсақ базарлар үшін
уақытша орын-жайларды орнату және күтіп ұстау
96. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің объектілерін (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
97. Сәулеттік және түстері туралы шешім Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімімен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелері есебінен, Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімімен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып,орындалуы тиіс.
98. Ұсақ бөлшектік сауда объектілері мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, іргелес жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяужүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелерінетауар артуды Орал қалалық ІІБ Жол полициясы басқармасы бекіткен кіреберіс алаңдарынан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда жаяужолдарда, жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға тыйым салынады.
99. Сауда нүктелерінің иелері іргелес жатқан аумақтық (бекітіліп берілуіне сәйкес) көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауға міндетті. Іргелес жатқан абаттандыру объектілеріне, жасыл желектерге, гүлзарларға және т.б. зиян келтірген сауда нүктелерінің иелері, абаттандыру объектілерін өз қаражаты есебінен алғашқы қалпына келтіруі қажет.
100. Шағын базарлар мен басқа да сауда жасауға арналған уақытша алаңшалар аумақтары қоршалуы керек, нәсерлік және еріген сулардың ағуын қамтамасыз ететін қатты төсемі болуы керек, дүңгіршектермен, қалқалармен, сүрелермен, контейнерлік алаңшалармен, қоқыс салғыш қораптармен, тұрақты қоғамдық немесе жылжымалы әжетханалармен, кешкі жарықпен жабдықталуы қажет. Базар аумақтарына жағын жерлерде Орал қаласы ІІБ Жол полициясы басқармасының келісімімен автокөлік үшін автотұрақтар орналасуы керек.
101. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.
7. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау
102. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, тынымбақтар, көшелер, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен - демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон будкаларымен (қалқалармен), автокөлік көтуге арналған павильондармен жабдықталады.
103. Шағын сәулет нысандары тұрақты және жылжымалы болуы мүмкін; олардың саны мен орналасуы аумақтарды абаттандыру жобаларымен анықталады.
104. Қоғамдық құрылыс аумақтарына, алаңдарға, көшелерге, тынымбақтар мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
105. Жаға құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстары тапсырысшымен бекітілген жобалау-смета құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
106. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын, қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
107. Заңды және жеке тұлғалар - шағын сәулет нысандарының иелері өз есебінен оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізуге міндетті.
8. Ақылы автотұрақтарды және гараж
кооперативтерін орнату және абаттандыру
108. Жеке меншік иелерінің жеңіл автомашиналарының гараждарын, көзетілетін ашық автотұрақтардың, автокөліктердің уақытша тұрақтарын (ақылы және ағысыз) орналастыру қолданыстағы экологиялық, санитарлық және қала құрылысы нормаларымен және ережелерімен, белгіленген тәртіпте әзірленген және келісілген жобалау құжаттарына сәйкес орындалады.
109. Ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, сауда мен қоғамдық тамақтану объектілері, демалу орындары мен бұқаралық орындар келушілер үшін ақысыз аялдатулармен жабдықталуы қажет.
110. Жеке меншік иелерінің гараждары, гараж кооперативтеріне бірігеді (серіктестік). Гараж кооперативтерінің аумағын абаттандыру және оларды күтіп ұстау кооперативтердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
111. Жеңіл автокөліктерінің ашық ақылы тұрақтарын тұрғын-жай мен қоғамдық құрылыстарға дейін санитарлық аралықты сақтап орнату қажет.
Автотұрақтардың қатты төсемі, қоршауы, күзетуге арналған жайы мен сыртқы жарығы болуы қажет. Автомобильдерді қоятын орындардың үстіне жеңіл құрылымдардан қалғандар салуға жол беріледі.
9. Құрылыс алаңшалары мен учаскелерін күтіп ұстау
112. Құрылыс салушы (жөндеу, жаңғырту жұмысы кезіндегі объектінің иесі) объектінің (жаңа құрылыс, жаңғырту, жөндеу, құрылысты бұзу) құрылыс алаңын абаттандыру жұмыстарына кіріспей тұрып, келісім алу үшін және белгілі бір жұмыс түрлерін жүргізуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды уәкілетті органға ұсынуы қажет.
113. Рұқсат алғаннан кейін құрылыс жүргізуші-тапсырысшы (жөндеу, жаңғырту жұмысы кезіндегі объектінің иесі) қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкес құрылыс алаңшасын мынадай қажетті талаптарды сақтай отырып, абаттандыру керек:
1) құрылыс алаңшасы бөгде адамдардың енуіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумаққа ластық шығуына жол бермейтін болып, барлық периметрі бойынша толық қоршалады; адамдардың көп өтетін жерлеріндегі қоршауға жаппай қорау қалғанын орнату қажет;
2) қоршау металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырқаларынан дайындалуы керек;
3) қоршау құрылғысы мықтап бекітіліп және ұзынынан, көлденеңінен түзетіліп, боялуы және ұқыпты түрде болулары керек;
4) құрылыс алаңшасынан екінші кезектегі көшелерге қақпа орнату немесе шлагбаум орнату арқылы ең аз кіру және шығу жолдары қарастырылады;
5) шығатын жерлеріне ақпараттандыру тақталары орнатылады;
6) жарық барлық периметр бойынша екі жаққа түсуі керек;
7) алаңшаішілік жолдар және құрылыс алаңшасына кіретін жолдардың қатты төсемі болуы керек, олардың қалалық асфальттанған жолдармен қиылысуын қамтамасыз ету қажет;
8) шығаберістерінде көлік құралдарының дөңгелектерін жуу (тазарту) бекеттері орналастырылады;
9) құрылыс алаңшасының аумағы таза және тәртіпте ұсталуы қажет, құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін контейнерлер, жинағыш қорабы орнатылуы және қоқыстарды уақытында шығару жұмыстары ұйымдастырылуы керек; құрылыс алаңшасына іргелес жатқан аумақ та, сондай-ақ қалыпты жағдайда ұсталынып, мерзімді тазартылып отырылуы қажет;
10) құрылыс алаңшаларының сыртына құрылыс материалдарының, қоқыстардың (синтетикалық пленкалардың, сүректер, жаңқалар, орау материалдары және т.б.) шығарылуына (желмен және басқа) жол бермеу шаралары қарастырылуы қажет;
11) жабық лотоктар мен жинағыш-қоймаларды қолданбай қалдықтар мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді;
12) ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерінде жұмыс жүргізген кезде, осы мақсаттарда қолдануға арналған, қасбетке бекітілген немесе орнатылған ағаш конструкцияларына бекіген, тордан жасалған торлы қоршау қарастырылуы қажет; қоршаулардың қисаюы мен салбырауына жол берілмейді;
13) қажет болған жағдайда жүргіншілер жолы, төсемдер, таяныштар, айналып өту және уақытша жүру жолдары жасалады және олар түзелген жағдайда ұсталады.
114. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шегінде орналастырылады, шығарылған топырақ (құнарлы топырақтан басқа) тез арада қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына немесе коммуналдық шаруашылықтық уәкілетті органының келісімімен бекітілген басқа учаскелерге шығарылады.
115. Құрылыс жүргізуші немесе мердігер тиісті полигондарға уақытында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, қар мен мұзды шығару жұмыстарын ұйымдастыру үшін құрылыс алаңшаларын жасауға рұқсат алған кезде осы жұмыс түрлерін жүргізуге рұқсат қағаздары бар арнайыландырылған кәсіпорындармен шарт жасасады.
116. Коммуналдық шаруашылықтық уәкілетті органымен келісілген кестеге сәйкес қатаң түрде құрылыс, тұрмыстық қоқыс, қар шығарылуы қажет.
117. Құрылыс аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңшасына іргелес жатқан аумақтағы, сондай-ақ уақытша жүруге пайдаланылған, жүргіншілер өтетін жерлер, материалдарды қою үшін уақытша пайдаланылған орын-жайлар аумақтарының бұзылған абаттандыру жұмыстарын, инженерлік желілерін жән басқа қажеттіліктерін қалпына келтіруге міндетті.
10. Қала аумағындағы жол төсемдерінің,
жаяужолдардың, гүлзарлардың және басқа да
объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің
бұзылуымен, инженерлік желілерді, орын-жайларды
және коммуникацияларды күтіп ұстаумен
байланысты жер жұмыстары және басқа да
жұмыстар өндірісінің тәртібі
118. Қала аумағындағы жол төсемдерінің, жаяужолдардың, гүлзарлардың және басқа да объектілердің, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуымен байланысты жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар қала әкімдігінің қаулысымен анықталған, тиісті қалалық қызметтерден жұмыстарды жүргізуге рұқсат алуға міндетті. Жұмыстар қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген жол төсемдерінің, жаяужолдардың, гүлзарлар және қалалық шаруашылық элементтерінің басқа да нысандарының бұзылуымен байланысты жер және өзге де жұмыстар өндірісінің талаптарына сәйкес жүргізілуі қажет.
119. Шаруашылығында инженерлік коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар қаланың абаттандыруын бұзуға әкеліп соғатын инженерлік желілер мен орын-жайлардың техникалық жағдайын әрдайым қарап отыруы қажет, атап айтқанда: аумақты су басуына және мұздың пайда болуына жол бермеу, берілген және қорғалатын аймақтардың санитарлық тазалығын бақылау, люктердің қақпақтары, құдықтар мен камералардың жабындылары, нәсерлік кәріздердің торлары қатты төсеммен бір деңгейде болуы және түзу қалыпта ұсталуы, құрастыру Ережелерін сақтамаған жағдайда бұзылып қалуы мүмкін жер асты желілерінің бетіндегі қатты немесе жер топырағының қалпын, қайта жабылуы мен қолданылуын бақылауға, жерүсті инженерлік коммуникацияларына, құрастырмалар мен құрылғыларға уақытында жөндеу, тазарту және сырлау жұмыстарын жүргізуге.
120. Жер бетінің қатты қабатына күрделі жөндеу немесе жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде инженерлік желілердің құдығының люктерін керекті өлшемдерге жеткізу жұмыстары жөндеу жұмыстарының тапсырысшысы есебінен орындалады.
121. Қала аумақтарынан жер үсті және жер асты суларын әкетуге арналған арықтарды, құбырлар мен сорғытқыларды жинау мен тазарту, нәсерлік кәріздерлердің коллекторларын, жауынқабылдағыштар құдықтарын тазарту жұмыстары пайдаланушы кәсіпорындармен; аула аумақтарында - пәтер иелері кооперативтерімен; жеке меншік учаскелерде және кәсіпорын аумақтарында - аумақтық иелерімен жасалады.
11. Тұрғын жай орамдары мен
шағын аудандарды абаттандыру
122. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.
123. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілуі керек.
124. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
көтермелердің, жаяужолдардың, жүргіншілер жолының, орамішілік кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;
аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
аулаішілік аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеуге;
өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға. Олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
125. Аулаішілік аумақта:
1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 7-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
2) аулаішілік және ішкіорам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
3) көлік құралдарын қоюға және аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға тыйым салынады.
12. Апатты жұмыстарды жүргізу
126. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға міндетті. Бұл жағдайда мыналар қамтамасыз етілуі тиіс: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті орын-жайларының, инфрақұрылым объектілерінің, жасыл желектердің сақталуы.
127. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттық сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Орал қалалық ІІБ Жол полициясы басқармасына, Орал қаласы коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органдарына және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
128. Аймағында жерасты немесе жерүсті коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, хабарды алғаннан кейін апат орнына өздерінің орындалған сызбаларымен бірге уәкілдерін жіберулері керек, ол осы жердегі орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі керек.
129. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушы қожайындар, апат жұмыстарының басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатуға міндетті.
130. Егер де апатты жою жұмыстары жолдық толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, Орал қалалық ІІБ Жол полициясы басқармасы жолдық уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және Зақымдалған желілердің қожайындарымен бірге Зақымның жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
131. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалғандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады. Көшенің (магистральдың) жол жағына Жол полициясы басқармасының келісімімен қажетті жол белгілері қойылады. Жұмыстардың толық аяқталғанына дейін, апатты жою жұмыстарын жауап беруші тұлғалар апаттық жарықтандыру, қоршау (қалған) орнату, жол белгілерінің қойылу жұмыстарына жауапты.
132. Апаттық салдарын жою және аумақтық абаттандырылуын қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен қалдырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет. Көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады және кәсіпорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.
133. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да абаттандыру элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады.
134. Апатты деп жоспарлы жұмыстарды жүргізуге қатаң түрде тыйым салынады.
13. Ғимараттар мен орын-жайлардың
қасбеттерін күтіп ұстау
135. Балансында ғимараттары мен орын-жайлары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен орын-жайлардың қожалары аталған объектілердің және олардың жекелеген элементтеріне (балкон, лоджий, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарының таза және қалыпты жағдайда ұстауы керек.
136. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға тыйым салынады.
137. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын объектілерді қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.
138. Егер де заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында жеке тұрғынсыз жайлар тұрмайтын немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражатты, сәйкесетін аудандармен қаражаттарын қосуларына болады.
139. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.
140. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстары Қазақстан Республикасының және Орал қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімінің келісімімен орындалады.
141. Орал қаласы коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын ұйымдастыру шараларын жыл сайын қабылданатын бюджеттік бағдарлама негізінде атқарады. Ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғыту жұмыстарының бағдарламасы Орал қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
142. Ғимараттардың қасбеттерін сырлау жұмыстары Орал қаласының қала құрылысы және құрылыс бөлімімен берілетін колерлік төлқұжаттармен жүргізілуі мүмкін.
143. Мыналарға тыйым салынады:
алдын ала сәулеттік бөліктердің қалпына келтірілмейінше ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;
табиғи немесе жасанды тастармен қапталған, түсті әсемдік терразиттік және тас түрлі балшықпен сыланған қасбеттерді сырлауға.
14. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтіп ұстау
144. Орал қаласы коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органы бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтық көлемінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі.
145. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 5 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері тазалықта ұсталуы қажет, тот баспауы және сырлануы керек.
146. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам (ДСШ), металлдық диодтары бар доқалы шам (ДИШ), доқалы натрийлі (ДНАТ), люминесцентті шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы жайларда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық полигон аумағына шығаруға тыйым салынады.
147. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығару жұмысын негізгі магистральдарда кешіктірілмей баған иесімен жүргізіледі, сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар - тәулік ішінде.
148. Бұрқақтардың жағдайы мен пайдаланылуына жауапкершілік пайдаланушы ұйымға жүктеледі.
149. Бұрқақтарды қосу мерзімі, олардың жұмыс тәртібі, табақтарын жуу мен тазарту кестесі, техникалық үзілістері мен жұмысының тоқтатылуы Орал қаласы коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органымен белгіленеді.
150. Бұрқақтардың жұмыс істеуі кезінде су бетін қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделікті орындалады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақтарды сөндірген кезде де тазалығын сақтауға міндетті.