Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-14 "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесін" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 7 сәуірде № 7-1-179 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2012 жылғы 28 мамырдағы № 5-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2012.05.28 № 5-6 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 67 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережесін" бекіту туралы" 2007 жылғы 13 маусымдағы № 46-14 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-71 тіркелген, 2007 жылғы 2 тамызда, 2007 жылғы 9 тамызда "Жайық үні" газетінде № 31, № 32 және 2007 жылғы 30 тамызда, 2007 жылғы 6 қыркүйекте "Пульс города" газетінде № 35, № 36 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспесіндегі "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген шешіммен бекітілген Орал қаласының аумағын абаттандыру Ережеде:
      барлық мәтін бойынша "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын;
      78 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "78. Жеке меншік түріне және қызметіне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, қала аумағында қызмет етуші жеке тұлғалар өз аумақтарынан қатты тұрмыстық қалдықтар шығаруды қоқыс шығарушы ұйымдармен шарт бойынша немесе арнайы техникасы (қоқыс шығаратын көлік) болса өз бетімен шығаруды қамтамасыз етуі қажет. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының
      кезекті 27-ші сессиясының
      төрағасы                         В. П. Любавин
      Орал қалалық мәслихатының
      хатшысы                          Ә. Қ. Истелюев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады