Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2008.12.23 N 13-15 Шешімімен.
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 373, 394 баптарынасәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарынбасшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 ақпандағы N 40-9"Орал қаласында төлем ставкаларын белгілеу" туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 7-1-62 нөмірмен тіркелген, "Жайық үні" газетінде 2007 жылғы 29 наурыздағы N 13 жарияланған, Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 30 қазандағы N 3-9"Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 27 ақпандағы N 40-9 "Орал қаласында төлем ставкаларын белгілеу" туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 7-1-77 нөмірмен тіркелген, "Жайық үні" газетінде 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 49 жарияланған шешімімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 373 бабына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет түрлерінің тізбесі" N 2 қосымшасы келесі мазмұндағы 4 тармақпен толықтырылсын:
N |
Қызмет түрлерінің тізбесі |
Бір күнге бір жолғы талондардың құны (айлық есеп көрсеткішінен %) |
4. |
үй жануарларымен құстарын жаю |
0,5 |
2) "Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін салық салу нысанының бірлігіне тіркелген жиынтық салық ставкалары" N 4 қосымшасының"жылына айлық есеп көрсеткішінен бекітілген жиынтық салық ставкасы" бағандағы салық салу нысандары бойынша: "бильярд үстелі" "300" санын "99" санымен, "боулинг (кегельбан)" "500" санын "158" санымен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2008.08.12 N 10-4 Шешімімен.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 4-ші сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы